iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
IX тарау. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы
Тынысалу деп мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасуды айтады. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы тынысалу кезінде оттекті қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі. Ағзаның әрбір жасушасының жұмысы (бұлшықеттердің жиырылуы, тердің, сілекейдің бөлінуі, қозудың берілуі) энергияны жұмсаумен байланысты. Тынысалу тірі ағзаларға тән қасиет.
Мұрын қуысының (кеңсіріктің) құрылысы. Ауа танау тесіктері арқылы кеңсірікке барады. Кеңсірікті сүйекті-шеміршекті перде оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Кеңсіріктің қабырғаларын эпителий ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар кілегейлі қабықша қаптайды. Онда көптеген ұсақ бездер болады. Безді жасушалардан бөлінген шырыш шаң мен тозаңдарды ұстап қалады. Әрі ауа ылғалданады. Кілегейлі қабықша қантамырларына бай. Мұрын қуысындағы ұсақ көптеген қантамырлардың әсерінен ауа біршама жылынып ары қарай өтеді. Қан жасушалары – лейкоциттер мұрын қуысына енген микробтарды жояды.
1-сурет. Тынысалу жүйесі:
1 – мұрын қуысы; 2 – жұтқыншақ; 3 – көмекей қақпақшасы (бөбешігі); 4 – көмекей; 5 – кеңірдек; 6 – оң жақ өкпе; 7 – бронхылар; 8 – сол жақ өкпе; 9 – кеңірдектің жартылай шеміршекті сақиналары; 10 – көкет
Көмекей (көмей) – мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін кілегейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы 3 сыңар, 3 жұп шеміршектерден түзілген.
Кеңірдек – көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9–12 см, диаметрі 15–18 мм. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бір-бірімен сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады.
-
Тынысалу мүшесі:
-
Ауа танау тесіктері арқылы:
-
Мойынның алдыңғы жағында орналасқан ішіқуыс шеміршекті мүше:
-
Мойынның алдыңғы жағындағы ең ірі қалқанша шеміршегінің үлкен үшкір түйіні:
- Кеңірдектің жалғасы:
-
Көмей шеміршектеріндегі сілемейлі қабаттар арсындағы кеңістік?
-
Неге байланысты ер адамдардың дауысы әйел адамдардың дауысынан жуан болады?
-
Көмей VI-VII мойын омыртқалары тұсында қайда өтеді?
-
Мұрын қуысындағы жасушалар бетіндегі нәзік өсінділер?
-
Бронхылардың ең ұшындағы жіңішке бұтақшалары?
-
Тыныс алу мүшелерінің аурулары
-
XY жыныс хромосомасы тән адамдардың көмейінің ерекшелігі