Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

IV тарау. Үлкен ми сыңарлары. Жүйке жүйесінің гигиенасы

Конспект

Құрылысы: адамда алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары басқа бөлімдерінен әлдеқайда жақсы дамыған. Алдыңғы миды кейде соңғы ми деп те атайды. Үлкен ми сыңарлары оң жақ және сол жақ сыңарлардан тұрады. Әрбір ми сыңары сұр және ақ заттан құралады. Сыртындағы сұр заты ми қыртысын түзеді. Қыртыста 14 миллиардтан астам нейрондар болады. Қыртыс ми сыңарларының сыртын тұтас жауып тұрады. Ми қыртысының қалыңдығы шамамен 2–3 мм, ондағы жүйке жасушаларының пішіндері мен мөлшері әр түрлі. Ми қыртысында мүшелерден қозуды қабылдайтын, қимылды реттейтін сезгіш және қозғалтқыш жасушалар болады. Көптеген жасушалар ми қыртысының бөлімдерін өзара және жүйке жүйесінің басқа бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады. Ми қыртысы орталық жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі.

 

1-сурет. Үлкен ми сыңарлары: 1 – оң жақ сыңары; 2 – сол жақ сыңары

 

  

2-сурет. Үлкен ми сыңарларының а) көлденең кесіндісі.

ә) үлкен ми сыңарларының негізгі бөліктері: 1 – қыртыс асты ядролары; 2 – маңдай бөлігі; 3 – төбе бөлігі; 4 – шүйде бөлігі; 5 – самай бөлігі

 

Үлкен ми сыңарларының аймақтары.Үлкен ми сыңарларының қатпарлы иірімдері ми қыртысының көлемін ұлғайтады. Сезу-қимыл аймағы маңдай, төбе бөліктерінде орналасқан. Мұнда аяқ, тұлға, қол, мойын, тіл, бет, ерінді қозғалту және сөйлеу орталығы болады. Көру аймағы – шүйде бөлігінде, одан көру жүйкелері арқылы қозу өтеді. Есту аймағы – самай бөлігінде; дәм сезу, иіс сезу аймағы – маңдай бөлігінің ішкі жағында. Артқы орталық иірімде – тері, буын-бұлшықет, сезу аймағы бар. Денеге ыстық, суықпен әсер еткенде қайтаратын жауабы (қолды тартып алу) осы аймаққа байланысты. Адамдағы психикалық әрекеттер (есте сақтау, сөйлеу, ойлау және т. б.) ми сыңарларының барлық аймақтарымен байланысы бар. Жүйке ауруларын емдейтін дәрігерді невропатолог (невролог) дейді.

1 – көру аймағы; 2 – түйсік аймағы; 3 – қозғалыс аймағы; 4 – сөйлеу аймағы; 5 – есту аймағы



Сұрақтар
  1. Сопақша мидың аз ғана бөлігі мен мишықтан басқа мидың барлық бөлімдерін жауып тұрады:
  2. Жүйке ауруларын емдейтін дәрігер:
  3. Ми сыңарларының сыртын жауып тұрады:

  4. Адамда жақсы дамыған ми сыңарлары:
  5. Есту аймағы:

  6. Ми қыртысы орталық жүйке жүйесі?

  7. Мидың жұмыс істеу белсенділігін анықтауда қолданылатын әдіс?

  8. Наркотикалық зат?

  9. Көру жүйкелері арқылы қозу өтетін бөлік?

  10. Мидың жұмысын және өзгерістердің ырғағын жазып алатын аспап?

  11. Көру орталығы орналасқан

Қате туралы хабарландыру