iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
IV тарау. Өсімді жүйке жүйесі
Вегетативті жүйке жүйесінің жұмысы адамның еркіне бағынбайды. Сондықтан оны кейде автономиялы (грекше «autos» – өз алдына, «nomos» – заң) жүйке жүйесі деп те атайды. Вегетативті жүйке жүйесі ішкі мүшелердің қызметінің бір-бірімен үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Ағзадағы зат алмасуды, ішкі ортаның тұрақтылығын реттеп отырады. Ағзадағы түрлі бездердің, қантамырларының және лимфа тамырларының қызметтері де вегетативті жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Сонымен бірге вегетативті жүйке жүйесі қаңқа бұлшықеттерінің қызметін реттеуге де қатысады. Вегетативті жүйке жүйесінде рефлекстік доға үш нейрондық (сезгіш, байланыстырғыш, қозғалтқыш) байланыстан тұрады. Вегетативті жүйке жүйесінде қозу баяу жүреді, өйткені оның жүйке талшықтарында майлы қабығы болмайды. Вегетативті жүйке жүйесінің қызметін ми қыртысының маңдай бөлігі реттеп отырады. Вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық деп 2 бөлікке бөлінеді. Симпатикалық (грекше «sympathes» – сезгіш, қабылдағыш), парасимпатикалық (грекше «para» – жанында, қасында).
Вегетативті жүйке жүйесі
Вегетативті жүйке жүйесі де орталық және шеткі бөлімдерге бөлінеді. Орталық бөлімдері ми мен жұлында болады. Шеткі бөлімдері ми мен жұлыннан тыс жерлердегі жүйке бағанасында, жүйке түйіндерінде, өрімдерінде орналасады.
Симпатикалық бөліктің орталығы жұлынның арқа сегменттерінде жүйке жасушалары шоғырланып орналасады. Шеткі бөліктеріне омыртқа жотасының екі бүйірінде орналасқан бір жұп симпатикалық бағана жатады. Симпатикалық бағанада 20–25 жүйке түйіндері бар. Жүйке түсіндері жүйке жасушаларының шоғырынан тұрады. Олардан құрсақ және жамбас қуысында орналасқан мүшелерге, ірі симпатикалық өрімдерге жүйелер тарайды. Құрсақ қуысындағы ең ірі өрімнің жүйке түйіндерінен құрсақ қуысындағы барлық мүшелерге жүйкелер таралады.
Парасимпатикалық бөліктің орталығы ортаңғы және сопақша мида жұлынның сегізкөз сегменттерінде орналасқан. Шеткі бөлімі ішкі мүшелердің маңында не тікелей өзінде жүйке өрімдері түрінде кездеседі.
- Ішкі мүшелердің қызметінің бір-бірімен үйлесімділігін қамтамасыз етеді:
- Вегетативті жүйке жүйесінің қызметін реттейді:
- Симпатикалық бөліктің орталығы жұлынның арқа сегменттерінде:
-
Парасимпатикалық бөлік:
- Симпатикалық жүйкелерде жүректің соғуы:
-
Ағзадағы зат алмасуды, ішкі ортаның тұрақтылығын реттеп отыратын жүйе?
-
Вегетативті жүйке жүйесінде рефлекстік доға қанша байланыстан тұрады?
-
Жұлынның арқа сегменттерінде жүйке жасушалары орналасады?
-
Симпатикалық жүйке жүйесі жүрекке қалай әсер етеді?
-
Парасимпатикалық жүйке жүйесінің қантамырларға әсері?