Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

I тарау. Кіріспе

Конспект

Жануарлар дүниесінің миллиондаған жылдардағы тарихи дамуы кезінде табиғаттың дара тұлғасы – адам пайда болды. Адам – органикалық дүниенің тарихи дамуының жемісі.

 

Анатомия (грекше «anatome» – кесу, сою, бөлшектеу) – ағза мен мүшелердің пішінін, құрылысын зерттейтін ғылым.

Физиология (грекше «physіs» – табиғат, «logos» – ғылым) – мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметін (тіршілік әрекетін) зерттейтін ғылым.

Гигиена (грекше «hygіeіnos» – дені сау) адам денесінің дұрыс қалыптасуына және денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды зерттейді.

 

Анатомия мен физиология ғылымдарының қысқаша даму тарихы

Анатомия мен физиологияның дамуына әр елдің ғалымдары зерттеулер жүргізіп, үлкен үлес қосқан. Өте ертеден-ақ әр түрлі тәжірибелер жасау арқылы адам ағзасының құрылысы мен қызметін терең зерттеп білген.

 

Гиппократ (б. з. б. шамамен 460–377) – көне Грецияда медицина саласын жан-жақты зерттеген ғалым. Адам денесінің құрылысына көптеген бақылаулар жасап, оны жинақтап, бір жүйеге келтірген. Әсіресе адамның ми сауытын және оның жалпақ сүйектерінің бір-бірімен жіктер арқылы байланысатындығын толық сипаттаған. Омыртқалар мен қабырғалардың, бұлшықеттердің, ірі қантамырларының құрылысын зерттеген. Гиппократ – анатомия ғылымының дамуына кезінде үлкен үлес қосқан ғалым.

 

Клавдий Гален (шамамен 130-200)

Клавдий Гален – Гиппократтан кейінгі зерттеулер мен бақылаулар жүргізген римдік анатом және физиолог ғалым. Өзінің оқыған дәрістерінде маймылдың мәйітін алғаш рет қолданған. Себебі ол кезде адам мәйітімен жұмыс істеуге рұқсат етілмеген. Мидан тарайтын 12 жұп жүйкенің 7 жұбын толық сипаттап берген. Дәнекер ұлпасы, бұлшықеттер, жүйке тамырлары, бауыр мен бүйрек қантамырларын зерттеген. Ішкі мүшелер мен сүйек қабығын, сіңірлерді де сипаттаған. «Адам дене бөліктерінің міндеттері туралы» атты еңбегінде анатомиялық тұрғыдан өзінің пікірін білдіріп, мүшелердің анатомиялық құрылымының қызметімен тығыз байланысты екендігін көрсеткен. К. Галеннің аталмыш еңбегі медицинада 13 ғасыр бойы құндылығын жоймай оқытылып келген.

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950)

Әбу Насыр әл-Фараби – Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер философ. Ертеде және орта ғасырда философиялық және медициналық білім бір-бірімен тығыз байланысты болған. Әл-Фарабидің медицина ғылымдарының теориялық мәселелерін терең білгендігі оның еңбектерінен белгілі. Әл-Фараби өмір сүрген заманда жаратылыстану ғылымының дамыған саласының бірі медицина болды. Оны сол кезде «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Ол «Медицинаның міндеті – тек адам ауруларының себептерін анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да зерттейді» – деп көрсеткен. Әл-Фарабидің медицинаға ерекше көңіл бөліп адам ағзасының (организмінің) кейбір тұстарын зерттегенінен мысал келтірейік: «Қайырымды қала» еңбегінде жүрек туралы өте құнды пікірлер айтқан, мысалы, «жүрек – табиғи жылылықтың көзі». Басқа мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар жүректен нәр алады; «жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді» және т. б.

 

Әбу Әли ибн Сина (Авиценна) (шамамен 970-1037)

Тәжік дәрігері әрі философы Әбу Әли ибн Синаның «Анатомия мен физиологияға кіріспе», «Дәрігерлік ғылымның ережелері» («Канон врачебной науки») еңбектері өте құнды. Бұл еңбектерінде анатомия мен физиологияны жүйелеп, қосымша мәліметтермен толықтырған. Кітап латын тіліне аударылып, 30-дан астам рет қайта басылып шыққан.



Сұрақтар
  1. Ағза мен мүшелердің пішінін, құрылысын зерттейтін ғылым
  2. Мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметін (тіршілік әрекетін) зерттейтін ғылым

  3. Адам денесінің дұрыс қалыптасуына және денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды зерттейді
  4. Көне Грецияда медицина саласын зерттеген ғалым

  5. Гиппократтан кейінгі зерттеулер мен бақылаулар жүргізген римдік анатом және физиолог ғалым
  6. Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер философ
  7. Андреас Везалий?

  8. Физиология ғылымының негізін салған кім?

  9. Илья Ильич Мечников?

  10. Асқорыту физиологиясын зерттеп Нобель сыйлығын алған ғалым:

  11. Артерияда ауа емес қан болатынын ең алғаш анықтаған ғалым

  12. Сүйек, бұлшықет, жүрек және басқа да мүшелердің 800-дей суретін салып, оларға ғылыми тұрғыда сипаттама берген ғалым

  13. Ең бірінші болып эфирлі наркозды, сүйек сынғанда гипс таңғышты, жара іріңдегенде спирт пен йодты пайдаланды

  14. Табиғаттану, Оқушылардың денсаулығын сақтау, Қырғыз аймағындағы халықтар арасында обамен қалай күресу керек?, Адамның тіршілік әрекеттері, Адам анатомиясы мен физиологиясы еңбектерінің авторы

  15. Ең алғаш бұлшық еттердің классификациясын жасаған ғалым

  16. У. Гарвей

  17. И.П. Павловтың еңбегі (1849–1936)

Қате туралы хабарландыру