Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

I тарау. Адамның тірі ағзалар жүйесіндегі алатын орны

Конспект

Тірі ағзалардың тарихи дамуында адам жоғары сатыда тұрған тіршілік иесі. Адамның дене құрылысы және жеке мүшелерінің атқаратын қызметі басқа ағзаларға ұқсас. Сондықтан да адам тірі ағзалардың құрамды бір бөлігі деп есептелінеді. Адамның денесі де жасушалардан, ұлпалардан, мүшелерден құралған. Тірі ағзаларға тән – зат алмасу, тітіркену, өсу, даму және т. б. қасиеттер адамда да бар. Бірақ адам басқа ағзалардан дене құрылысының күрделі дамуымен ерекшеленеді. Адамның басқа ағзалардан айырмашылығы – өзіне тән ақыл-ой, санасының болуы.

 

Адам жануарлар дүниесінің жіктелуінде мынадай жүйелік топтарға жатады:

хордалылар (желілілер) типінеомыртқалылар тип тармағынасүтқоректілер класынаұрықжолдастылар класс тармағына маймылдар отрядына адамтектес маймылдаротряд тармағынаадамдар тұқымдасынаадам туысынасаналы адам түріне жатады.

 

Қазіргі кездегі жер бетіндегі барлық адамдар бір ғана саналы адам түріне жатады.

 

Адамның шығу тегі және тарихи даму кезеңдері

 

Адамның пайда болуы туралы көптеген көзқарастар бар. Адамның пайда болуын, тарихи даму кезеңдерін антропология(грекше «anthropos» – адам, «logos» – ілім, ғылым) ғылымы зерттейді. Антропология – түрлі жүйелік топтардағы жануарлардың ұрықтарының дамуын салыстырып зерттейді. Сонымен бірге жануарлар мен адамның дене құрылысындағы ұқсас және айырмашылық белгілерге де ерекше көңіл бөледі. Ерте замандарда тіршілік еткен адамтектес тіршілік иелерінің қаңқа қалдықтарын зерттеуге де мән береді. Адамның пайда болуында оның тік жүріп тіршілік етуге бейімделуі шешуші рөл атқарды. Салыстырмалы зерттеулердің нәтижесінде адамның шығу тегі мен тарихи дамуы 4 кезеңге бөлінеді.

 

 

1-кезеңдегі адамдардың бойының ұзындығы 120–150 см, дене салмағы 20–50 кг. Тік жүріп ашық жерлерде тіршілік еткен. Тасты, ағаш бұтақтарын, жануарлардың сүйектерін құрал ретінде қолданған, алғаш рет отты пайдаланған.

2-кезеңдегі адамдардың қазіргі адамдарға ұқсас белгілері көп. Жабайы аңдарды ұжымдасып, топтасып жүріп аулаған. Еңбек құралдарын пайдалануды жетілдіре түсіп, қоғамдасып тіршілік еткен. Жеке сөздерді пайдаланып қарым-қатынас жасаған.

3-кезеңдегі адамдар ірі денелі, ми сауыты үлкен, миының салмағы 1300–1500 г болған. Еңбек құралдарын жасап, аң аулаған. Шағын топ құрып тіршілік еткен.

4-кезеңге қазіргі адамдар жатады. Сөйлеуі, ойлау қабілеттері жақсы дамыған.

 

Адамның өзіне тән басты ерекшелік белгілері:

1. Тік жүруге байланысты омыртқа жотасында иілімдер пайда болған. Аяқтарының бұлшықеттері жақсы дамыған.

2. Ми көлемі дамыған, әсіресе ми қыртысының құрылысы күрделеніп сайшалар, иірімдер пайда болған.

3. Қолбасының сүйектері жақсы дамыған, икемді қозғалыстар жасайды.

4. Жақ сүйектері күрделі өзгеріп, иек айқын байқалған.

5. Ұрықтың жатырда даму мерзімі ұзарған. Жыныстық жетілу мерзімі кешеуілдеген. Орташа өмір сүру жасы ұзарған.



Сұрақтар
  1. Адамның пайда болуын, тарихи даму кезеңдерін зерттейтін ғылым

  2. Тасты, ағаш бұтақтарын, жануарлардың сүйектерін құрал ретінде қолданған, алғаш рет отты пайдаланған адамдар
  3. Жабайы аңдарды ұжымдасып, топтасып жүріп аулаған адамдар
  4. Ірі денелі, ми сауыты үлкен, миының салмағы 1300–1500 г болған адамдар
  5. Сөйлеуі, ойлау қабілеттері жақсы дамыған адамдар

  6. Ұрығы аналығының арнайы мүшесі – жатырда дамитын жануарларды жіктеудегі жүйелік топтың атауы?

  7. Дене салмағы 20-50 кг, бойының ұзындығы 120-150 см алғаш отты пайдаланған адамдар?

  8. Адамның басқа ағзадан айырмашылығы?

  9. Тірі ағзалардың тарихи дамуының соңғы кезінде пайда болған биологиялық түр?

  10. Түрлі жүйелік топтардағы жануарлардың ұрықтарының дамуын салыстырып зерттейтін ғылым саласы?

  11. Тропизм

  12. Гелиотропизм

  13. Фототаксис

Қате туралы хабарландыру