iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
ХІ тарау. Зәрдің түзілуі және шығарылуы
Зәрдің құрамы. Адам зәрінің шамамен 96% су, 1,5% бейорганикалық заттар. Зәрде хлорлы натрий мөлшері көбірек, сульфаттар, фосфаттар, калий, кальций, магний карбонаттары аз мөлшерін құрайды. Зәрдің құрамында 2,5 % органикалық заттар болады. Әсіресе, несепнәр (мочевина) зәр қышқылы көбірек кездеседі. Несепнәр бауырда аммиактан түзіледі. Ересек адам тәулігіне шамамен 1,2–1,6 л зәр бөледі. Көптеген ауруларды анықтау үшін зәрді анализге алып зерттейді. Зәрдің сарғыш түсті болуы оның құрамындағы урохром пигментіне байланысты. Урохром гемоглобиннің ыдырауынан, ішек пен бүйректе өт пигментінен түзіледі. Зәрдің құрамындағы азотты өнімдер несепнәрмен бірге шығарылады.
Зәрдің түзілуі. Бүйректен тәулігіне 1700–1800 л астам қан ағып өтеді. Бүйректе зәрдің түзілуі, оның қанмен ерекше қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты (бүйректе капилляр қантамырлары екі рет тор шумағын құрайтынын естеріңе түсіріңдер).
Бүйректе зәрдің түзілуі 2 кезеңнен тұрады: сүзілу (фильтрация), және қайта сіңірілу (реабсорбция). Латынша абсорбция – сүзілу, ре – қосымша кері, қайтадан деген ұғымдарды білдіреді.
Зәр түзілудің сүзілу кезеңінде зәр бүйректің қыртысты затында орналасқан бүйрек денешігіндегі капилляр шумағындағы қаннан бөлінеді. Мұны бірінші реттік зәр түзілу деп атайды. Бірінші рет түзілген зәрдің мөлшері өте көп болады. Бүйректен ағып өтетін әрбір 10 л қаннан 1 л бірінші реттік зәр түзіледі. Бірінші реттік зәрдің құрамы қан плазмасына ұқсас, бірақ онда нәруыздар болмайды.
Бірінші рет түзілген зәрдің құрамындағы судың көп мөлшері қайтадан қанға өтеді. Сонымен бірге ағзаға қажетті қант, аминқышқылдары, натрий, калий иондары, су және басқа заттар қайтадан қанға сіңіріледі. Судың және басқа заттардың қайтадан қанға сіңірілуі нәтижесінде тәулігіне шамамен 1,5 л екінші реттік зәр түзіледі.
Бүйрек тасы (уролитиаз). Зәрдің құрамындағы қатты заттар (зәрқышқылы, кальций фосфаты) өте нашар ериді. Егер қатты заттардың мөлшері зәрде көбейіп кетсе, зәр жолында қатайып тасқа айналады. Тас өте ірі болса, зәрдің шығуына кедергі келтіреді. Хирургиялық жолмен алуға тұра келеді.
Зәр шығару жүйесінде жиі кездесетін аурудың бірі – қуықтың қабынуы (цистит). Грекше «kystіs» – қуық деген ұғым. Бұл ауру көбіне қуыққа суық тиюден болады да, зәр тоқтамайды. Сондықтан мұндай ауруға шалдыққан адам міндетті түрде дәрігерге қаралуы керек.
Балаларда көбірек кездесетін бүйрек ауруы – түнде зәр тоқтамау (энурез). Бұл ауруды шыжың деп атайды. Ол бадамша бездерінің, жұлын қызметінің бұзылуынан болады. Ауру көбіне 2 жастан асқан балаларда жиі кездеседі. Ондай ауруды дәрігерге көрсету қажет. Бүйрек ауруларын емдейтін дәрігерді уролог деп атайды.
Қазіргі кезде өте қауіпті бүйрек ауруларын емдеу кезінде жасанды бүйрек аппараты (гемодиализ) қолданылады. Сонымен бірге бүйрек өз қызметін мүлде атқара алмаса, басқа бүйректі алмастырып салуға да болады.
Бүйрек гигиенасы. Бүйректің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін көптеген жағдайларды есте сақтау қажет: 1. Салауатты өмір сүру; 2. Өте ащы, өте тұзды тағамдарды пайдаланбау; 3. Ішімдіктен, есірткіден, темекі шегуден аулақ жүру; 4. Әр түрлі қабынуға қарсы аурулардың алдын алу. Бұл шаралардың бәрі де бүйректің қалыпты, ұзақ уақыт жұмыс істеуіне жағдай жасайтынын естен шығармаңдар.
-
Зәрдің сарғыш түсті болуы -
-
Бүйректен тәулігіне -
-
Бүйректің қауіпті ауруы –
-
Зәр шығару жүйесінде жиі кездесетін қуыққа суық тиюден болатын ауру
-
Балаларда кездесетін бүйрек ауруы:
-
Бүйректе зәрдің түзілу кезеңі:
-
Ересек адам тәулігіне зәр бөледі:
-
Бүйрек ауруын емдейтін дәрігер:
-
Бүйрек қызыметін реттеуге аралық мидан түзіліп, гипофиздың аралық бөлімінен бөлінетін гормонды анықта:
-
Бүйрек қызыметінің бұзылуынан қанда несеп-нәрдің мөлшерінің шектен тыс көбеюінен пайда болатын ауруды анықта:
-
Екінші реттік зәр
-
Тірі ағзалардан шығарылатын, құрамында азоты бар зиянды зат