Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

VI тарау. Қосмекенділер – алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар

Конспект

Қосмекенділер (земноводные) – алғаш құрлықта тіршілік етуге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар. Олар суда да, құрлықта да кездесетіндіктен, қосмекенділер деп аталады. Қосмекенділер суда көбейеді және дернәсілдері сулы ортада дамиды.

 

Қазіргі кезде қосмекенділердің 4 000-нан астам түрі Жер шарының тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарында кездеседі. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған. Оның 3 түрі сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.

 

Жалпы сипаттамасы және құрылыс ерекшеліктері. Денесі бас, тұлға және бес саусақты төрт аяқтардан тұрады. Кейбір түрлерінің құйрығы болады. Дене тұрқы 2–3 сантиметрден 180 сантиметрге дейін жетеді.

 

Қосмекенділердің терісі жұқа, тегіс және безді болады. Бездерден бөлінген сұйықтық терісін үнемі ылғалдап, тыныс алуына жағдай жасайды. Демек олар терісі арқылы да тыныс алады.

 

Қаңқасы балықтармен салыстырғанда күрделі, 4 бөлімге бөлінеді. Олар: бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен артқы аяқтарының және жамбас белдеуі мен алдыңғы аяқтарының қаңқасынан құралады. Омыртқа жотасы – мойын, тұлға, сегізкөз және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Мойын мен сегізкөз бөлімдерінде бір ғана омыртқадан болады.

 

Аяқтарында жеке-жеке бұлшықеттер жақсы дамыған.

 

Жақсүйектеріндегі ұсақ тістер мен тіл қоректі ұстауға көмектеседі. Бақа тілінің ұшы ойыс. Тілінің түбі аузының алдына бекіген, ұшы артқа қайрылып, бос жатады. Қорегін ұстар кезде тілін алға қарай лақтырады. Аузы өте үлкен. Сілекей бездері ең алғаш қосмекенділерде пайда болды. Оның өзектері ауыз қуысына ашылады. Қысқа өңеші кеңейіп, қарынға, ол аш ішекке жалғасады. Аш ішекке бауырдан келетін өт және ұйқы безінің өзектері ашылады. Тоқ ішектің соңғы бөлігі тік ішек деп аталады да, кеңейіп келіп, клоакаға айналады.Дернәсілдері суда тек желбезектері арқылы тыныс алады. Ересектерінде құрлыққа шығуына байланысты өкпе пайда болған. Бірақ өкпесі нашар дамығандықтан, терісі арқылы қосымша тыныс алады. Ауыз-жұтқыншақ қуысының қозғалуы арқылы ауа өкпеге өтеді.Құрлықта атмосфералық ауамен тынысалуына байланысты қанайналым жүйесінде күрделі өзгерістер пайда болған. Қосмекенділердің жүрегі үш қуысты (2 жүрекше, 1 қарыншадан тұрады), екі қанайналым шеңбері бар. Қосмекенділерде алғаш рет кіші қанайналым шеңбері пайда болған. Оны өкпелік шеңбер деп те атайды. Денесіне аралас қан тарайды. Екі қанайналым шеңбері де қарыншадан басталады. Үлкен шеңбер – оң жүрекшеге, ал кіші шеңбер сол жақ жүрекшеге келіп аяқталады. Қосмекенділер миының көлемі балықтарға қарағанда үлкендеу. Алдыңғы миы екі ми сыңарларына айқын бөлінген. Баяу қозғалуына байланысты мишығы нашар дамыған.

 

 

Қосмекенділердің сан алуандығы:

1 – құртжылан; 2 – құрбақа; 3 – жасыл бақа; 4 – саламандра

 

Қосмекенділердің балықтарға ұқсас екі бүйрегі, екі несепағар түтігі және бір қуығы бар. Қуығы жақсы дамыған, ол клоакаға ашылады. Қажетсіз заттар клоакадан сыртқа шығарылады.

 

Қосмекенділер – дара жынысты жануарлар. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады. Дернәсілдері түрленіп дамып, ересектеріне айналады. Дернәсілдерінің басы жалпақ болғандықтан, оларды шөмішбалық немесе итшабақ деп атайды. Қосмекенділер дің көбеюі мен дернәсілдердің дамуы су ішінде жүреді. Ұрықтанғаннан кейін көл бақаларда (8–10 тәуліктен соң) дернәсілдері жұмыртқа қабығын жарып, сыртқа шығады. Алғашында оларда аяқ болмайды. Бастапқыда суда құйрық көмегімен жүзіп жүреді. Алдымен артқы аяқтары, содан кейін алдыңғы аяқтары пайда болады. Құйрығы бірте-бірте қысқарып, жойылады. Дернәсілдері желбезектері арқылы ғана тыныс алады. Олардың жүрегі екі қуысты, бір ғана қанайналым шеңбері болады. Дами келе жұтқыншақтың екі бүйірінен өкпе пайда болады). Қосмекенділердің тек суда ғана тіршілік ететін түрлері де бар. Бақалар мен құрбақалар суда да, құрлықта да тіршілік етеді. Аздаған түрлері ағаш басында өрмелеп тіршілік етуге бейімделген. Кейбір түрлері, яғни аяқсыз қосмекенділер тек жер астында ін қазып тіршілік етеді. Қосмекенділердің тіршілігі үшін температура, су айдындарының болуы және ылғалдылық маңызды рөл атқарады.

 

Қосмекенділер зиянды жәндіктермен қоректенетіндіктен, пайдалы. Кейбір түрлері: бақалар, саламандралар тағам ретінде пайдаланылады. Көл бақалар тәжірибелік зерттеу жұмыстарында кеңінен қолданылады.



Сұрақтар
  1. Алғаш құрлықта тіршілік етуге бейімделген төртаяқты омыртқалы

  2. Бақаның тоқ ішекгінің соңғы бөлігі:
  3. Қосмекенділерде алғаш рет:
  4. Қосмекенділердің дернәсілі:

  5. Аяқсыз қосмекенділер:
  6. Сақиналы құртпошымда болмайтын мүше

  7. Қосмекенділерде ең алғаш пайда болды

  8. Жетісулық бақатіс

Қате туралы хабарландыру