iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
VI тарау. Қолға үйретілген жануарларға байланысты басқа да шаруашылық салалары
Омарта шаруашылығы. Балара – жарғаққанаттылар отрядына жататын, қолға үйретілген бунақденелілердің бір түрі. Оның екі жұп мөлдір жарғақ қанаты бар. Құрсақ бөлімі көкірек бөлімімен жіңішке сабақша арқылы байланысқан. Құрсағы өте қозғалмалы, онда улы бездері мен шағатын шаншар орналасады. Балараның 2 күрделі, 3 қарапайым көзі бар. Астыңғы жағы мен астыңғы ерні бірігіп, тұмсыққа айналған, тұмсығымен гүл шырынын сорады. Жұмысшы аралардың тұмсығы жақсы жетілген. Дернәсілдерін басы мен көкірек бөлігіндегі сілекей бездерінен бөлінетін сүтке ұқсас затпен қоректендіреді. Артқы екі аяғында гүл тозаңдарын жинайтын себетшесі болады.
Балараны ерте кезде жабайы аралардан қолға үйреткен. Мысыр елінде бұдан үш мың жыл бұрын омарта шаруашылығы жақсы дамыған. Балара киелі жәндік болып саналған. Балараның алғаш қолға үйретілген аймақтары – Азияның оңтүстік және оңтүстік шығысы деп есептеледі.
Баларалар топтанып тіршілік етеді. Әрбір топта бір аналық, көптеген жұмысшы және аталық аралар болады. Аналық араның денесі ірі, құрсағы үлкен, ұяда тек жұмыртқа салады. Аталық аралар аналық арадан кіші, денесі жалпақтау, олар аналық араларды ұрықтандырған соң өледі. Әрбір ұяда 2–3 мыңдай аталық аралар болады. Жұмысшы аралар – ұядағы ең денесі кіші аралар тобы. Олар гүл шірнесін, тозаңын жинап, балға, балауызға айналдырады. Ұяны тазалайды, дернәсілдерді, аналық араны қоректендіреді, ұяны қорғайды, ұядағы ылғалдылық пен температураны реттейді. Әрбір ұяда 60–70 мыңдай жұмысшы балара болады.
Баларадан алынатын бал, балауыз басқа да өнімдер өте қымбат бағаланады. Балдың шипалық қасиеті өте жоғары.
Қазақстанда омарта шаруашылығы ХІХ ғасырдың бас кезінде Шығыс Қазақстан өңірінде дами бастады. Бірте-бірте Жетісу аймағына және т.б. таулы жерлерге тарады.
Омарта шаруашылығы
Жібек тұт көбелегі
Жібек шаруашылығы (шелководство). Жібек көбелегі – қабыршаққанаттылар (көбелектер) отрядының бір түрі. Қазіргі кезде жабайы түрі кездеспейді. Бұдан 5 мың жыл бұрын Қытайда қолда өсіріле бастаған. Жібек көбелегін кейде тұт көбелегі деп те атайды.
Өйткені ол тұт ағашының жапырағымен ғана қоректенеді. Шет елдерде бұдан басқа емен көбелегінен де жібек өндіріледі. Жібек көбелегі V–VІІ ғасырларда Қытайдан Орта Азия және Кавказ өңіріне таралды. Ертеде саудагерлер Қытайдан жібек маталарды Қазақстан арқылы Орта Азия, Кавказ елдеріне тасыды. Саудагерлер жүретін бұл жол «Жібек жолы» деп аталды. Жібек көбелегінің дернәсілдері бірнеше рет түлеп, піллә түзеді. Піллә – жібек көбелегінің қуыршаққа айналған кезде, арнайы бөлінетін безінен түзілетін сыртқы қабаты. Піллә өте жіңішке, біртұтас ұзын жібек жіптен тұрады. Одан арнайы өңдеу арқылы табиғи жібек алынады.
Жібек шаруашылығы Жапония, Қытай, Үнді, Корея, Түркия, Италия, Испания, Бразилия, Орта Азия, Кавказ жерлерде бар. Қазақстанда жібек көбелегі Өзбекстанмен шекаралас оңтүстіктегі аудандарда ғана өсіріледі.
Жібек көбелегінің жұмыртқаларын тоңазытқыштарда белгілі температура да сақтайды. Көктемде тұт ағашы жапырақ шығара бастағанда, арнайы бөлмелерде тақта тәрізді темір тордың үстінде өсіреді. Үнемі тұт ағашының жас жапырағымен қоректендіреді. Қазіргі кезде жібек көбелегін сұрыптау арқылы олардың мол өнім беретін қолтұқымдары шығарылған. Бұл салада Ресей ғалымы Б. Л. Астауровтың еңбегі зор.
Ақ түбітті үйқоян
Күміс түсті үйқоян
Ақкіс үйқоян
Шынша
Үйқоян шаруашылығы (кролиководство). Үйқоянның арғы тегі – жабайы інқоян. Біздің жыл санауымыздың алғашқы ғасырларында (ІІІ–ІV ғ. ғ.) Испания, Марокко елдерінде қолға үйретілген. Бірте-бірте басқа елдерге таралған. Үйқояны еті, терісі және түбіті үшін өсіріледі.
Қазір дүние жүзінде үйқоянның 60-қа жуық қолтұқымы өсірілуде. Үйқоянның денесі жабайы інқояннан ірі, 7–10 жыл өмір сүреді және жыл он екі ай көбейе береді. Көжектері 3–4 айда жыныстық жағынан жетіліп, ұрпақ бере бастайды.
Өте өсімтал, бір аналық үйқояны жылына 3–6 рет ұрпақ береді. Әрбір ұрпақ берген кезде 6–8 көжектен туады.
Етті, етті-терілі бағытта өсірілетін үйқоян қолтұқымдарын 3–4 айында сояды. Үйқоян еті – жеңіл әрі сіңімді тамақ, тез қорытылады. Жас балалар, аяғы ауыр әйелдер үшін өте пайдалы. Үйқоянын еті үшін Франция, Италия елдері өте көп өсіреді.
-
Жарғаққанаттылар отрядына жататын, қолға үйретілген бунақденелілердің бір түрі:
- Балараның алғаш қолға үйретілген аймақтары:
- Бұдан 5 мың жыл бұрын Қытайда қолда өсіріле бастаған қабыршаққанаттылар отрядының бір түрі:
-
Үйқоянның тегі:
- Үйқоянның етті-терілі қолтұқымдары:
- Үйқоянның терілі қолтұқымдары:
-
5 мың жыл бұрын Қытайда қолда өсіріле бастаған қабыршаққанатты:
-
Пантокрин дәрісі алынады?
-
Үйқоян қолға үйретілген?
-
Бұғы шаруашылығы Қазақстанның қай аймағында қолға алынған?