Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

IV тарау. Мәдени өсімдіктерді себу және көбейту

Конспект

Бидай – дәнді дақылдар ішіндегі ең маңыздысы. Ол даражарнақтылар класына жатады. Қазақстанда бидайдың 6 түрі өсіріледі. Олар: еділдік бидай, польшалық бидай, көжелік бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай және көбең бидай. Бұлардың ішінде жұмсақ және қатты бидай – Қазақстанда өсірілетін бидайлардың негізгілері. Жұмсақ және қатты бидайдың жаздық және күздік іріктемелері бар. Жаздық бидай – көктемде, күздік бидай күзде егіледі. Жұмсақ бидай климат жағдайы қатаң аумақтарда, Қазақстанның Орталық, Шығыс аудандарында өсіріледі. Қатты бидай топырақ талғайды және жылу сүйеді. Сондықтан оңтүстік облыстарда егіледі.

 

Бидай тұқымнан өседі. Бидай тұқымы дәнек деп аталады. Тұқымды егу әдісі – тар қатарлы және айқаспалы себіледі, тұқымды сіңіру тереңдігі 5–6 см. Тұқымды себу нормасы – 1 гектарға 160–250 кг.

 

 

Бидайдың өсуі және гүлдеуі: 1 – бидай өскіні; 2 – гүлдеуі; 3 – бидай гүлі; 4 – бидайдың пісіп жетілуі

 

Күздік бидай суық ұрғанға дейін түптеніп үлгіреді. Осы түптенген қалпында ол қыстап шығады. Ерте көктемде қар суына кенеліп, тез өсе бастайды. Сондықтан күздік бидайдың түсімі жаздық бидайдан жоғары болады. Пісіп жетілген астықты комбайнмен орып, жинайды.

 

Астық тұқымдас дәнді дақылдар: қарабидай, арпа, сұлы және өзге де өсімдіктер – бағалы дақылдар. Оларды өсіру кезінде топыраққа, жылуға, ылғалға, кенеулі заттарға мұқтаждығы ескерілуі тиіс.

 

Күнбағыс – май алынатын негізгі өсімдік. Оны себу және көбейту әдісімен өздерің де таныса аласыңдар. Қазақстанда күнбағыстан өзге қышадан да май алынады.

 

Батыс Қазақстан облысында қыша дақылы 20 гектарды алып жатыр. Май беретін өсімдіктер тұқымында май көп болады. Солардың бірі – қыша.

Тұқымында 24–47% май болады. Жабайы түрі кездеспейді. Май алынатын іріктемесінің өсімді кезеңі 90–140 күнге созылады. Қыша суыққа төзімді, сондықтан ерте егілетін жаздық дәнді дақылдармен бірге егіледі. Тұқымы 1–2°С-де өніп шығады. Көктемгі – 5°С суықтық оған әсер етпейді. Ылғалдылық талғамайды, аздаған сортаң топырақта да өседі. Тұқымын әдеттегідей қатарлап немесе кең қатарлап себеді. Бұршаққыны бір мезгілде пісіп жетіле алмайды. Тұқымы шашылып қалмау үшін төменгі жемістерін шырпып алады. Орылған өсімдіктерді қатарда қалдырып кептіреді.

 

Тропиктік елдерде өсетін даражарнақты кокос пальмасының жемісінен кокос майы алынады. Жемісі – сүйекті жеміс, оның салмағы 1,5–2,5 м. Жеміс құрамында 30–35% май болады. Пісіп жетілмеген жасыл жемістің ішіндегі сұйықтықты – кокос сүтін адамдар ішеді, тағамға пайдаланады. Кокос пальмасын сәндік өсімдік ретінде өсіреді. Оның биіктігі 20–25 м, діңінің орамы 30–50 сантиметрге дейін жетеді. Қауырсын тәрізді жапырақтарының ұзындығы 3–6 м, жалпақтығы 1,0–1,5 м болады.



Сұрақтар
  1. Жұмсақ бидай өсірілетін аудан:

  2. Бидай тұқымы:
  3. Дәнді дақылдар ішіндегі ең маңыздысы:
  4. Май алынатын негізгі өсімдік:
  5. Май алынатын, суыққа төзімді, шаршыгүлді тұқымдас біржылдық өсімдік:

  6. Тропиктік елдерде өсетін даражарнақты май алынатын өсімдік:
  7. Қазақстанда өсірілетін негізгі бидай түрлері?

  8. Ерте көктемде қар суына кенеліп, тез өсетін, түсімі мол астық дақылы?

  9. Қазақстанда қатты бидай өсірілетін аудан:

  10. Батыс Қазақстан облысында 20 гектарды алып жатқан, тұқымы өте ұсақ, түсі қара дақыл?

Қате туралы хабарландыру