iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
IV тарау. Мәдени өсімдіктер – адам қажетін өтейтін бағалы дақылдар
Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы. Адамзат қажетін өтеу үшін жабайы өсімдіктерді қолда өсіріп, мәдени дақылдарға айналдырды. Мәдени өсімдіктер саны 25 мыңнан асып түседі. Бұлар – шамамен 50 тұқымдасқа жататын өсімдіктер. Мәдени өсімдіктердің тағамдық, дәрілік, талшықты, бояу өндірілетін, эфир-май алынатын түрлері бар. Малазықтық және сәндік түрлері де өсіріледі. Адамзат үшін ең алдымен астық тұқымдас дақылдардың маңызы зор. Даражарнақтыларға жататын бидай, сұлы, қарабидай, арпа, жүгері, тары – нағыз қажетті дақылдар. Бұлардың ішінде бидай – негізгі қоректік дақыл. Көрнекті ғалым Н. И. Вавилов ғаламшарда диқаншылық негізі бидай, күріш, жүгері екеніне ерекше назар аударды.
Орамжапырақ, сәбіз, қызан, қияр, пияз, зәйтүн, тәтті картоп, рауғаш, қант қызылшасының көкөністік дақылдар екені өздеріңе белгілі. Көкөністік дақылдарға жататын бұдан өзге де өсімдіктер бар. Олардың 70-тен астам түрі Қазақстанда егіледі. Сұрыптаушылар 700-ге жуық көкөніс дақылдарының жаңа іріктемелерін шығарды. Көкөністік дақылдар құрамында витаминдер, минералды тұздар, қант және өзге де заттар болады. Олардың құрамында фитонцидтер болатыны да сендерге мәлім.
Мәдени өсімдіктер азық-түлік, малазықтық (батат) және техникалық дақылдар түрінде де өсіріледі. Солардың елімізде көп таралған түрі – картоп.
Мәдени өсімдіктер: 1– жүгері собықтары; 7 – зәйтун; 8 – батат
Картоп – алқа тұқымдас қосжарнақтылар класына жататын, шөптекті, көпжылдық жылу сүйгіш өсімдік. Оның отаны – Оңтүстік Америка. Картоптың мәдени түрі біржылдық өсімдік ретінде пайдаланылады. Оның жерасты бөлігіндегі түйнектері болады. Түйнек дегеніміз – өзгерген өркен, яғни жерсабақ (столон). Түйнектің өзгерген сабақ екенін дәлелдеу қиын емес. Түйнектердің топырақтан шығып қалғандары жарық әсерінен хлорофилл түзіп, жасыл түске боялады. Сондай-ақ түйнек ойықтарында сабақтағы тәрізді бүршіктер, яғни көзшелер орналасқан. Картоптың көзшелерімен қоса алынған түйнекті бөліктерін топыраққа ексе, одан жерүсті бөлігі өсіп шығады. Картоп күзде гүлдеп, жасыл жидек береді. Бұл – оның жемісі. Картоптың жемісі улы екенін есте сақтаңдар! Картопты өсімді мүшесі – көзшелі түйнек арқылы көбейтеді. Ал жаңа іріктеме алу мақсатында картоп тұқымы егіледі. Жаңадан шығарылған картоп іріктемелерінің саны 100-ден асады. Картопты халқымыз «екінші нан» деп атайды.
Картоп пәлегі мен түйнектері – малға азық. Оның түйнегінен спирт, крахмал, сірне алады. Сондықтан ол техникалық дақыл болып есептеледі.
Май алу үшін өсірілетін де мәдени дақылдар бар. Күнбағыс, соя (қытай бұршақ), қыша, рапс, зәйтүн – май алу үшін өсірілетін мәдени дақылдар.
Алма, алмұрт, қараөрік ағаштары, шие, құлпынай – жеміс-жидек дақылдары. Қазақстанда алманың 40-тан астам іріктемелері аудандастырылды. Оның тең жартысын қазақстандық селекционерлер өсіріп шығарды. Салмағы 250–400 г алма беретін алма ағаштары көпшілікке аян.
- Даражарнақтыларға жататын Н.И.Вавилов ерекше назар аударған негізгі қоректік дақыл:
-
Көкөніс :
-
Техникалық дақыл:
- Алқа тұқымдас қосжарнақтылар класына жататын, шөптекті, көпжылдық жылу сүйгіш өсімдік:
- Өзгерген өркен, яғни жерсабақ (столон):
- Картоп түйнегінен:
-
Май алу үшін өсірілетін мәдени дақыл:
-
Даражарнақтыларға жатпайды:
-
Мәдени өсімдіктер?
-
Халқымыз «екінші нан» деп атайтын өсімдік:
-
Кокос пальмасы
-
Шырғанақ