iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
II тарау. Паразит саңырауқұлақтар
Паразит саңырауқұлақтар тірі ағзалардың денесінде өсіп жетіліп, тірі жасушалардың ағзалық заттарымен қоректенеді. Жазда әр түрлі өсімдіктердің жапырақтарына, сабақтарына аппақ ұн сеуіп тастаған сияқты болады. Күздік бидай, қара бидай, арпада көбіне сабақтарында, жапырақтарында ол мақта сияқты болып көрінеді. Бұл – ақұнтақ саңырауқұлағының жіпшумақтары (1-сурет).
Олар өсімдіктің жапырақ, сабағына өсінді жіберіп, жасушаның ағзалық заттарымен қоректенеді. Жіпшумақта, арнайы жіпшелерде түзілген споралар сол өсіп тұрған жеріне түседі немесе басқа өсімдіктерді зақымдайды. Өсімдіктердің зақымдалған жапырақтары мен сабақтарының бетіндегі жіпшумақтың арасында көптеген қызғылт түсті, кейінірек қоңыр түсті жемісті денелер түзіледі. Оларды жаздың екінші жартысында немесе күзге қарай байқауға болады. Ішіндегі түзілген жыныс жасушалары (жасуша қабығы жоқ) қосылып, зигота түзеді. Әрбір зиготадан – қалта, оның ішінде 8 спора түзіледі. Жіпшумақтан түзілген жемісті денелердің ішінде қыстап шығады. Олар көктемде сүректі өсімдіктерді зақымдайды. Сондай-ақ астық түсімін 30%-ға кемітеді.
Егістікті аралап жүргенде бидай масағынан сәл иіліп келген қара түсті қастауышты көруге болады. Ол – паразит саңырауқұлағы. Бидай гүлдегенде масағындағы аналықтың аузына қастауыш споралары келіп түседі. Спора өніп, жіпше, жіпшумақ түзіп, шырынданып, аналық түйінін толтырады. Сол жерде споралар түзіледі. Шырынға қонған бунақденелілер спораларды таратады. Бидай піскенде барлық зақымдалған аналық түйіннің орнында қастауыш пайда болады. Оның іші тола жіпшумақ. Бұл – қастауыштың қыстап шығатын кезеңі. Қыстап шыққан қастауыш денесінде көктемде жемісті денелер жетіледі. Олардың ішінде жынысты көбею жүреді. Споралар өсімдіктерді зақымдайды.
Кейде қастауыш астықпен бірге орылып кетсе, одан дайындалған тамақтан адам уланады.
Тат саңырауқұлағы дәнді дақылдарды (бидай, арпа, күріш, сұлы), қамысты және басқа да өсімдіктерді зақымдайды. Жапырақ, сабағында ұзынша тат тәрізді томпайған дақ пайда болады. Күзге қарай ол дақтар қара қоңыр түске өзгереді. Бұл дақтарда споралар пайда болады. Ол тат саңырауқұлағының зақымдауға бейімделгендігін көрсетеді. Жауын-шашынды, ылғалы мол жыл мезгілінде тез дамиды. Тат саңырауқұлағымен зақымдалған астықтың дәні майда әрі жеңіл болады. Жер бетінде бидай түсімі жылына 15%-ға төмендейді.
Астық дақылдарының, жабайы дәнді дақылдардың және басқа да өсімдіктердің кейде дәндерінің орнында, кейде сабағында үгітіліп тұрған қара тозаңдар көрінеді. Егістікте өсіп тұрған жүгерінің әр жері (көбінесе собығы) үлкейіп, томпаяды. Бұл – қаракүйе саңырауқұлағының спорасы. Оның екі ядросы қосылып, жынысты көбейеді. Осы екі ядролы жасушадан пайда болған жіпшелер бидайдың, жүгерінің және басқа да өсімдіктердің өскінін зардаптайды. Бидайдың гүліндегі аналығының аузына споралар түсіп, кейін дәнін зақымдайды. Зақымдалған дәнді қайта сепкенде, одан ауру өскін пайда болады. Сыртынан қарағанда ауру өсімдік пен сау өсімдіктің айырмашылығы болмайды. Кейін масақтанған кезде ол қаракүйенің спорасы жетілетін орынға айналады. Олар қайтадан басқа өсімдіктердің гүліндегі аналығының аузына түсіп, зақымдайды.
- Күздік бидай, қара бидайдың сабақтарында, жапырақтарында мақта сияқты болып көрінетін саңырауқұлақ жіпшумақтары:
-
Бидай масағының паразит саңырауқұлағы:
- Дәнді дақылдарды (бидай, арпа, күріш, сұлы), қамысты және басқа да өсімдіктерді зақымдайды:
-
Астық дақылдарының және басқа да өсімдіктердің сабағында үгітіліп тұрған қара тозаң:
- Ағаштардың сабағында өсетін пішіні малдың тұяғына ұқсас саңырауқұлақ:
-
Тірі ағзалардың денесінде өсіп жетіліп, тірі ағзалық заттармен қоректенеді:
-
Қастауыш саңырауқұлағы:
-
Жауын – шашынды, ылғалы мол жыл мезгілінде тез дамитын паразитті саңырауқұлақ:
-
Паразитті саңырауқұлаққа жатпайды:
-
Саңырауқұлақтарды зақымдамау үшін тұқымды өңдейді:
-
Паразит саңырауқұлақ