iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
V тарау. Көпжасушалы жануарлардың зәр шығаруы және зәр шығару жүйесінің құрылысы
Жануарлар ағзасы айналадағы ортадан қорек, газ және суды үздіксіз денеге жеткізіп, оларды өңдеп, одан өз тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті заттарды алады. Сырттан келген және өңдеуден түзілген қажетсіз заттарды денесінен шығару да тіршілік үшін өте қажетті процесс. Ағзада түзілетін әр түрлі зиянды заттар қатты, сұйық және газ күйінде болады.
Құрттарда (ақ сұлама, шұбалшаң) зәршығару мүшесінің дене ішіндегі ұшы кеңірек кірпікшелі жұлдызша тәрізді болып жіңішке түтікке айналады да, оның ұшы тері жабыны арқылы сыртқа ашылады (1-сурет).
Ұлуда зәршығару қызметін шапанша қуысына ашылатын бүйрек атқарады. Оның құрылысы күрделірек болғанымен, ол шұбалшаңның жұлдызша түтіктеріне ұқсас.
Шұбалшаңның зәршығару жолдары Жұлдызша тәрізді түтік
1-сурет. Шұбалшаңның зәршығару мүшесінің сызбанұсқасы.
Шаянтектестерде зәршығару мүшесінің қызметін жасыл түсті жұп без атқарады. Әр безден шығатын түтікше қан арқылы жиналатын зиянды заттарды мұртшалардың түбінен сыртқа шығарады.
Өрмекшілер мен бунақденелілер негізінен мальпигий түтікшелері арқылы зәр шығарады Дегенмен өрмекшінің көкірек бөлімінде бүйрегі болады. Ал қоңыздың тоқ ішек пен аш ішектің жалғасатын жеріндегі мальпигий түтікшелеріне денедегі зиянды сұйықтар жиналып, аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады.
Омыртқалы жануарлардың зәршығару жүйесі бір-бірімен ұқсас. Бүйректен несеп (зәр) несепағар түтігі арқылы қуыққа жиналып, одан клоака арқылы сыртқа шығарылады. Дегенмен бұл жүйеде әр жануардың түріне қарай аздаған өзіне тән ерекшеліктер бар. Мысалы, құста қуық болмайды. Несеп бүйректен несеп түтігі арқылы клоакаға жиналады да, сыртқа жиі шығарылады. Бұл – құстың ұшуымен байланысты ерекшелік, яғни оның денесін жеңілдететін бейімділік қасиеті болып табылады.
2-сурет. Құстың зәршығару мүшесі.
Қорытынды. Сонымен зәршығару – жануар ағзасына тән, асқорытумен тікелей байланысты, денені артық, зиянды заттардан тазартып, тіршіліктің сақталуын қамтамасыз ететін аса маңызды процесс.
Зәршығару мүшелері жануарлардың әрқайсысында әр түрлі болғанымен, барлығының қызметі ағзаға түскен немесе ағзада түзілген зиянды заттарды «сүзіп», «жинақтап», сыртқы ортаға шығару болып табылады.
Зиянды заттарды ағзада бөліп, жинақтайтын негізгі мүше: қарапайымдарда – жиырылғыш вакуольдер, құрттарда – жұлдызша түтікшелер, ұлуда – шұбалшаңның жұлдызша түтікшелеріне ұқсас бүйрек, шаянтектестерде – жасыл түсті бір жұп бездер, өрмекшітектестер мен бунақденелілерде – мальпигий түтікшелері, омыртқалы жануарларда – бүйрек.
- Құрттардың (ақ сұлама, шұбалшаң) зәршығару мүшесі:
- Ұлуда зәршығару қызметін атқарады:
- Шаянтектестерде зәршығару мүшесінің қызметін атқарады:
- Өрмекшілер мен бунақденелілердің зәр шығару мүшесінің қызметін атқарады:
- Омыртқалы жануарлардың зәр шығару жүйесі:
-
Өрмекшілермен бунақденелілер мальпигий түтікшелері арқылы зәршығарады, ал өрмекшінің көкірек қуысында:
-
Жиырылғыш вакуоль арқылы зиянды заттарды сыртқа шығаратын көпжасушалы:
-
Құстың зәршығару жүйесі :
-
Балықта алғаш рет пайда болған мүше
-
Қоңыздардың зәршығару мүшесінің қызметін атқарады: