iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Кіріспе. Тірі ағзалар, қасиеттері, маңызы
Тірі ағзалардың қасиеті. Олар тыныс алады, қоректенеді, көбейеді, өседі, дамиды және зат алмасу жүреді. Тірі ағзалар өзін қоршаған сыртқы ортамен тығыз байланысты және оған бағынышты. Ағзалар айналадағы ауамен тыныс алады, суды сіңіреді, сыртқы ортаға көмірқышқыл газы мен оттегін бөледі. Тірі ағзалардың денесі жасушалардан тұрады, тіпті денесі бір ғана жасушадан тұратын түрлері бар.
Жерде тірі ағзалардың 5-6 миллиондай түрі тіршілік етеді. ХХ ғ. 40 мыңдай қарапайымдар, 2 миллиондай жануар, 0,5 миллионға жуық өсімдік және 100 мыңнан астам саңырауқұлақ түрлеріне сипаттама берілген.
Ғалымдар жыл сайын 2 мың бунақденелілердің жаңа түрлерін ашады; сол сияқты балықтардың, құрттардың, саңырауқұлақтардың тізімдері де жаңа түрлермен толығып жатады. Бірақ құстар мен сүтқоректілер арасында мұндай жаңалықтар өте сирек кездеседі. 1938 жылы В.А. Селевин басқарған зоологиялық экспедиция Бетпақдала өңірінен тышқан тәрізді кемірушілердің бірі – жалманды тапқан. Оның бесеуін ұстағанда бұл аса елеулі жаңалық болып қабылданды және оны әрі қарай зерттеуге жол ашты.
Жалман Бетпақдала шөлі, Балқаш көлінің солтүстігі, Алакөл, Зайсан ойпаттары өңірінде өте сирек ұшырасады. Қазақстанда ғана кездесетін, жүні майда, жібектей сусылдаған, қалың, құлағы түтік болып қусырылатын, алақан тәрізді жазылатын кішкене ғана аң. Ол көшпелі шегірткені сүйіп жейді; көбелек, қоңыз сияқты бунақденелілермен де қоректенеді; өте сирек болғандықтан, ол қорғауға алынған.
Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына
Бұлар тірі ағзалар
Тірі ағзалардың таралуы, сан алуандығы. Тірі ағзалар Жер шарында кең таралған. Олар қорегі мен ылғалы мол далаларда, ыстық шөлдерде, мұз бен қар басқан асқар тауларда кездеседі. Тірі ағзалар жер қойнауында, жарық түспейтін мұхит түбіндегі қазаншұңқырларда тіршілік етеді. Ағзалардың сан алуандығы суреттерде көрсетілген.
Тірі ағзалардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Ағзалар табиғаттың аса маңызды бөлігі. Олар бір-бірімен тығыз байланыста тіршілік етеді. Басқа ағзалар тіршілігінде өсімдіктер зор рөл атқарады. Өсімдіктер болмаса жануарлар да, адам да тіршілік ете алмайды. Барлық тірі ағзалар ауадағы оттегімен тыныс алып, көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Жасыл өсімдіктер қоректенгенде ауаға үнемі оттегін бөліп шығарады, көмірқышқыл газын сіңіреді. Сол оттегімен өсімдіктердің өздері де, басқа ағзалар да тыныс алады. Жануарлардың көптеген түрлері өсімдіктермен қоректенеді. Өсімдіктер топырақты қарашірікпен байытып, құрылымын жақсартады. Ауаны шаң мен улы газдан тазартады. Ауру тудыратын майда ағзаларды жояды. Аптап ыстықты, қақаған аязды бәсеңдетеді. Осының бәрі бүкіл тірі ағзалардың тіршілік етуіне мүмкіндік беретін аса маңызды жағдайлар.
Көбелектер, аралар, қоңыздар өсімдіктерді тозаңдандырады. Шұбалшаңдар топырақтың құрылымын жақсартады. Бунақденелілермен қоректенетін жануарлар өсімдіктердің зиянкестерін азайтып, пайда келтіреді. Жануарлар өсімдік тұқымдары мен жемістерін таратады.
Микроағзалар өсімдік қалдықтары мен жануарлардың өлексесін шірітіп, топырақты қарашірікпен байытады. Адам өміріне қажетті киімді, тағамды, дәріні, құрылыс материалдарының көпшілігін өсімдіктер мен жануарлардан алады.
Ұлу Көбелек Бақа Тасбақа Торғай
Тірі ағзалар
-
Ғалымдар жыл сайын бунақденелілердің
-
1938 жылы жалманды тапқан ғалым
-
Жердегі тірі ағзалардың түрі
-
В.А. Селевин
-
В.А. Селевин басқарған зоологиялық экспедициясының жаңалығы
-
Жалман
-
В.А. Селевин тышқан тәрізді кемірушілердің бірі жалманды
-
Өсімдіктердің зиянкестерін азайтып, пайда келтіретіндер
-
Жүні майда, жібектей сусылдаған, құлағы түтік болып қусырылатын, алақан тәрізді жазылатын жануар
-
Қазақстанда ғана кездесетін, жүні майда тышқан түрі
-
Топырақтың құрылымын жақсартатын ағзалар
-
Қоңыз сияқты бунақденелілермен қоректенетін тышқан
-
Балқаш көлінің солтүстігінде мекендейтін тышқанның түрі
-
Алакөл, Зайсан ойпаттары өңірінде өте сирек ұшырасатын тышқан
-
Көшпелі шегірткені сүйіп жейтін тышқанның түрі
-
Өсімдік қалдықтары мен жануарлардың өлексесін шірітіп, топырақты қарашірікпен байытатындар
-
Өсімдіктерді тозаңдандыратындар
-
Құлағы алақан тәрізді жазылатын кішкене ғана аң
-
Тіршілікте зор рөл атқаратын не нәрсе?
-
Тірі организмдердің ортақ белгілері
-
Табиғаттың аса маңызды бөлігі
-
1938 жылы В.А. Селевин
-
Топырақты қарашірікпен байытып, құрылымын жақсартатынне нәрсе?
-
Өсімдіктің тұқымдары мен жемістері
-
Отаны – Оңтүстік Азия
-
Отаны – Жерорта теңізі орталығы
-
Отаны – Абиссиния
-
Гиббон, орангутан, лори, піл, мүйізтұмсық тіршілік ететін биогеографиялық аймақ
-
Ақбөкен, қарақұйрық, саршұнақ, қосаяқ, шибөрі тіршілік ететін биогеографиялық аймақ
-
Кактус, ағаштекті юкка, жусан және бұталар өсетін биогеографиялық аймақ
-
Жабайы қоян, саршұнақ, кактус тышқаны, кенгуру егеуқұйрығы тіршілік ететін биогеографиялық аймақ
-
Жайран, жолбарыс, бамбук аюы, бұғы тіршілік ететін биогеографиялық аймақ