iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Биология ғылымдары
Биология (грекше: «биос» – тіршілік, «логос» – ғылым) – тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым. Ботаника (грекше: «ботанэ» – шөп, өсімдік) – өсімдіктер әлемін, зоология (грекше: «зоон» – жануар, «логос» – ғылым) – жануарлар әлемін зерттейтін ғылымдар биология саласына жатады.
Жұмақан Маусымбайұлы Күдерин
(1891-1938)
Қазақстаннан шыққан тұңғыш биолог-ғалымдардың бірі, «Өсімдіктану» атты оқу құралын (1927, 1930) басып шығарды. Ол жиырма жасында ауыл шаруашылық мектебін бітіріп, егіс және мал шаруашылығының маманы атанды.
Халел Досмұхамедұлы Досмұхамедов
(1883-1939)
Тұңғыш рет ана тілінде жаратылыстану ғылымы бойынша оқу құралдарын жазды. Солардың бірі–«Жануарлар» 1922 жылы Ташкентте басылып шықты.
Қазақстандық және шетелдік биолог ғалымдар. Биология ғылымының әр саласында еңбек еткен қазақстандық ғалымдарды көптеп атауға болады. Мысалы, 1920-1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым Ж. Күдерин. Биология ғылымдарының докторы, академик Н. В. Павлов Қазақстан Республикасының өсімдіктерін зерттеді. Өсімдіктің жаңа 130 түрін ашты. Өсімдіктер туралы «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын» В.П. Голоскоков, М.С. Байтенов жазған, А.Ы. Жандеркин, Б.М. Мусин, К. Мыңбаев, Қ.Дүйсембин және т.б. ғалымдар биология ғылымына көп еңбек сіңірді.
Х. Досмұхамедов «Жануарлар» оқулығын жазды. А. Бекенов, В.А. Грачев, М.И. Исмагилов, А.Ф. Ковшарь, А.А. Слудский, К. Ысқақова және басқа да ғалымдар еліміздің жануарлар әлемін зерттеді. Қазақстандағы жануарлардың таралуы, биологиясы, арнайы шаралар қолданылып қорғауға алынуы тиіс түрлер туралы еңбектер жазды. Сиреп кеткен және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктерді тіркеп, сипаттау «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының» жарыққа шығуына негіз болды.
Биология ғылымын дамытуға шетелдік ғалымдардан С.Г. Навашин (өсімдіктің ұрықтануын ашқан), К.А.Тимирязев (фотосинтезде хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған), т.б. атауға болады.
Абдулғазиз Ыбырайұлы Жандеркин
(1905-1983)
Зоотехник, биология ғылымының кандидаты, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.Қазақтың арқар-меринос қойын, жүндес ешкі қолтұқымын шығаруда ғылыми еңбек еткендердің бірі.
Бағрам Мұсаұлы Мусин
(1906-1978)
Зоотехник, ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген зоотехнигі. Малдың жаңа қолтұқымы қазақтың ақбас сиырын шығаруға қатысқаны үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағын алған.
Өсімдіктер мен жануарларды қорғау. «Қызыл кітап».
Қорықтар мен қорықшалар
Халқымыз ежелден-ақ өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға баулып, тәрбиелеген.
«Ер – елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі», «Бір тал кессең, он тал ек», «Дәрі – шөптен шығады, дана – көптен шығады», «Қорада малың болсын, көшеңде талың болсын», «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті», «Дала көркі – мал, өзен көркі – тал», «Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген сияқты мақал-мәтелдер бұған толық дәлел.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында бидай масағы мен қанаттанған пырақ бейнеленген. Бұл – туған жерімізге деген терең сүйіспеншілік. Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қадірлеп құрметтеуден туындаған.
«Қызыл кітап» сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылған. Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылымы 1991 жылы, үшінші басылымы 1996 жылы шықты. Мұнда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, жорғалаушылардың 10, құстардың 56, сүтқоректілердің 40 түрі енгізілген. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» 1981 жылы жарық көрді. Бұл кітапта өсімдіктердің 303 түрі сипатталған.
Шренк тобылғысы Кәстек жуасы Дала тегеурін гүлі Грейг қызғалдағы
Ерекше қорғауға алынған өсімдіктер
Қорықтар. Елімізде өсімдіктері мен жануарлары арнайы қорғалатын тұтас табиғи аймақтар – қорықтар ұйымдастырылған:
1. Алматы мемлекеттік қорығы (Іле Алатауы).
2. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы (Талас Алатауы).
3. Барсакелмес мемлекеттік қорығы (Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігі, ондағы құландар Алтынемел мемлекеттік табиғи ұлттық саябаққа әкеліп жіберілді).
4. Қорғалжын мемлекеттік қорығы (Ақмола облысының су-батпақты аймағы).
5. Наурызым мемлекеттік қорығы (Қостанай далалы аймағы).
6. Марқакөл мемлекеттік қорығы (Оңтүстік Алтай).
7. Үстірт қорығы (Маңғыстау).
8. Батыс Алтай қорығы (Шығыс Қазақстан).
9. Алакөл қорығы (Алматы облысы, Талдықорған).
Бұлардан басқа өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау мақсатында 57 қорықша, 7 ұлттық саябақ (Алтынемел, Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарқаралы, Қатонқарағай, Шарын) ұйымдастырылған. Табиғат қазынасы сарқылмас қор емес. Адам игілігінепайдалану, қайта қалпына келтіру ісі адамның қамқорлығының арқасында жүзеге асады.
Қарақұйрық Қызылқасқыр Үстірт арқары Ақдегелек Сайғақ Келес
-
Тірі ағзалар туралы көпсалалы ғылым
-
Жануарларды зерттейтін ғылым
-
«Өсімдіктану» атты оқу құралын жазған Қазақстаннан шыққан тұңғыш биолог-ғалым
-
Қазақтың арқар-меринос қойын, жүндес ешкі қолтұқымын шығаруда ғылыми еңбек еткендердің бірі
-
1920–1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым
-
«Жануарлар» оқулығын жазған ғалым
-
Қазақтың ақбас сиырының қолтұқымын шығаруға қатысқан ғалым
-
Өсімдіктің 130 түрін ашқан ғалым
-
Өсімдіктің қосарлы ұрықтануын ашқан ғалым
-
Фотосинтезде хлорофил рөлін алғаш сипаттаған ғалым
-
С.Г. Навашин
-
Қазақтың ақбас сиырын шығаруға қатысқаны үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағын алған адам
-
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында
-
Халқымыздың табиғатты аялап, сақтауға тәрбиелейтін тыйым сөзі
-
Алматы мемлекеттік табиғи қорығы
-
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы
-
Наурызым мемлекеттік қорығы
-
Батыс Алтай қорығы
-
Алакөл қорығы
-
Үстірт қорығы
-
Барсакелмес мемлекеттік қорығы
-
Марқакөл мемлекеттік қорығы
-
Қорғалжын мемлекеттік қорығы
-
Өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау мақсатында ұйымдыстырылған ұлттық саябақтар
-
Өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау мақсатында ұйымдыстырылған қорықша мен ұлттық саябақтар саны