Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

IV тарау. Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар. Өскіннің пайда болуы

Конспект

Кебу тұқым өну үшін су, жылу, ауа қажет.

 

Су – тұқымның өнуіне, шығымдылығын сақтауға, бөртуіне қажет. Тұқымның жасушасында суды сіңіретін крахмалды, нәруызды заттар көп. Судың сіңірілу мөлшері тұқымның сыртындағы қабығына байланысты. Қабығы неғұрлым тығыз, қатты болса, соғұрлым су баяу сіңеді. Тұқымның ісініп жарылуына, қоректік заттарын сұйылтып, ерітіндіге айналуына су керек.

 

Жылу – тұқымның өнуі үшін қажет. Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, зығыр, беде, жоңышқа, асбұршақтар үшін ең төменгі температура 1-5°С. Жүгері, күнбағыс тұқымдарына + 10°С. Асқабақ, қауын, қияр, күріш, мақта, темекі +15°С-та өнеді.

 

Тұқымның өнуі дегеніміз ұрықтан өскіннің дамуы. Суға салынған тұқымның тыныс алуы жылдамдайды. Ұрықтың қоректенуіне оңай болу үшін қоректік қор заттары ерітіндіге айналады. Сыртындағы қабығы жарылып, ең алдымен ұрықтың алғашқы тамыршасы төмен қарай бағытталады. Топыраққа бекініп, су мен еріген минералды заттарды өзіне сіңіріп сора бастайды. Қос жарнақты тұқымда ұрық тамыршасынан алдымен негізгі тамыр өседі. Тамырдан соң бүршікшесі жер бетіне шығып, алғашқы жапырақтың қызметін атқарады. Дара жарнақты өскінде қосалқы тамырлар шығады (1-сурет).

 

 

1-сурет. Үрмебұршақ пен бидай өскіндері.

 

Топырақта қалатын тұқым жарнақтары жаңа дамып келе жатқан өскіндерді қорекпен қамтамасыз етеді. Дара жарнақты тұқымдардың өскіндерінде (жүгері, құмай, тары) бір немесе бірнеше (бидай мен сұлыда – 3, қарабидайда – 4, арпада – 5, 6) ұрық тамыршасы болады. Жер бетіне шыққан өскін біз тәрізді үшкір келеді. Алғашында сыртын жұқа жарғақ қаптап тұрады. Кейін жарғағы жыртылып, нағыз жасыл жапырақ дамиды. Топырақ бетіне шыққан сабағы мен жапырағы бар жас өсімдікті – өскін дейді.



Сұрақтар
  1. Тұқымның өнуіне, бөртуіне қажет:
  2. Жылу:
  3. Тұқымның өнуі дегеніміз:
  4. Асқабақ, қауын, қияр, күріш, мақта, темекі өнуі үшін керек температура:
  5. Бидай мен сұлыда ұрық тамыршасы:

  6. Жемістері қақырағыш ширатылғыш өсімдіктер:

  7. Таңқурай, бүлдірген, долана өсімдігінің таралу жолдары:

  8. Өздігінен таралатын өсімдік:

  9. Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, беде,жоңышқа, асбұршақтар үшін ең төменгі температура:

  10. Өскін:

Қате туралы хабарландыру