iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
IV тарау. Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы
Бір гүлде аталық пен аналық болса (мақта, қызанақ, картоп, лалагүл) – қос жынысты. Аталық немесе аналық қана болса дара жынысты дейді. Тек аталығы бар болса аталық гүл, аналығы ғана болса аналық гүл дейді. Аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса – бір үйлі (жүгері, асқабақ, қайың, орман жаңғағы). Аталық гүлдер бір өсімдікте, аналық гүлдер екінші өсімдікте дамыса – екі үйлі (қос үйлі) (қарасора, қалақай, терек, тал) болғаны (1-сурет). Жыныссыз гүлдерде жыныс мүшелері (аталық пен аналық) дамымайды. Мысалы, күнбағыс, гүлкекіре және т. б. себет гүлшоғырының шетіндегі гүлдер жыныссыз болғандықтан, жеміс бермейді.
1-сурет. 1. Бір үйлі өсімдік (жүгері): а) аталық гүлі; ә) аналық гүлі. 2. Екі үйлі (қос үйлі) өсімдік: а) талдың аталық сырға гүлдері; ә) аналық сырға гүлдері.
Гүл формуласы
2-сурет. Қызғалдақ гүлінің жазып көрсетілген үлгісі.
Формула дегеніміз гүл құрылысын дағы, гүл бөліктерінің атын бас әрпімен белгілеу. Халықаралық атауы: тостағаншасы– Са(Саlyx), күлтесі Со(Соrolla), жай гүлсерік Р(Реrіgonіum), аталық А(Аndroeceum), аналық G(Gynoeceum).
Аталық гүл (Марс белгісі).
Аналық гүл (Шолпан белгісі).
Қосжынысты гүл ; дұрысгүл немесе ; бұрысгүл немесе . Гүл бөлімдері біріккен болса саны жақшаға алынады, көп болса шексіз белгі қойылады. Гүл бөлімдері екі шеңбер бойына орналасса сандарының арасына қойылады. Мысалы, 4 күлтесі 2 шеңберге орналасса 2+2 деп жазылады. Мысалы: Қызғалдақ (тюльпан) гүлінің формуласы (2-сурет):
Итмұрын:
Картоп:
Асбұршақ:
немесе
Гүл формуласы қазақша әріптермен былай таңбаланады: Т – тостағанша жапырақша; К – күлте жапырақша; А – аталық; Ж – (жатын) аналық.
Мысалы: 1. Қызғалдақ (тюльпан) гүлінің формуласы:
талдауы: дұрысгүл, қос жынысты жай гүлсерікті, күлтесі 6 – екі шеңбер құрып орналасқан, аталығы 6 – екі шеңберге орналасқан, аналығы біріккен 3 жеміс жапырақшасынан тұрады.
2. Итмұрын гүлінің формуласы:
талдауы: дұрысгүл, қос жынысты, қос гүлсерікті, тостағаншасы 5, күлтесі 5. Аталық пен аналығы көп (шексіз).
3. Картоп гүлі:
талдауы: дұрысгүл, қос жынысты, тостағаншасы мен күлтесі 5 біріккен, аталығы 5, аналығы біріккен 2 жеміс жапырақшасынан тұрады.
4. Асбұршақ гүлі:
немесе күлте саны 3+(2) деп жазылады.
талдауы: бұрысгүл, қос жынысты, қосгүлсерікті, тостағаншасы біріккен 5, күлтесінің біреуі желкен, екеуі ескек, екеуі біріккен қайықша сондықтан 1+2+(2) деп жазылады. Кейде К3+(2) деп алуға да болады. 10 аталығының тоғызы жіпшесінен біріккен, жақшаға алынады, бір аталығы бос А(9)+1 деп жазылады.
- Бір гүлде аталық пен аналық болса:
- Бір гүлде аталық немесе аналық қана болса:
- Гүл құрылысындағы, гүл бөліктерінің атын бас әрппен белгілеу:
- Қызғалдақ (тюльпан) гүлінің формуласы:
- Итмұрын гүлінің формуласы:
-
Алма ағашы гүлінің формуласы:
-
Қияр аналық гүлінің формуласы:
-
Бақбақ гүлінің формуласы:
-
Аталық гүлдер бір өсімдікте, аналық гүлдер екінші өсімдікте дамыса:
-
Екі үйлі (қос үйлі) өсімдікті анықтаңыз:
-
Екі үйлі өсімдіктің ерекшелігі (-тері)