Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

III тарау. Сабақтың бойлап және жуандап өсуі

Конспект

Сабақтың бойлап өсуі ең ұшынан басталады. Сабақ пен бұтақтары ұшынан ұзарып өседі. Өсімдіктің ұзарып өсуі – төбе бүршігіне, жан-жағына жайылып, өсуі жанама бүршіктеріне байланысты. Өсу – тіршіліктің белгісі. Өсу жылдамдығы барлық өсімдіктерде бірдей емес. Мысалы, ағаштар баяу өссе, бамбук (ол ағаш емес) өте тез өседі. Сабан сабақтың әрбір буынаралықтарының түбінде түзуші ұлпа болады. Өсуі күндіз де, түнде де қарқынды жүреді.

 

Өсімдіктердің ішінде ең ұзын сабақ ротанг пальмасынікі, биіктігі 200-300 м; шырша 60 м; қайың 30-35 м; үйеңкі 25 м; бамбук 20-25 м; банан 3-3,5 м; ең аласа сабақты өсімдіктерге австралия орхидеясы (1-2 мм) мен вольфия (1-2 мм) жатады.

 

Егер сабақтың ұшын кесіп тастаса (өсу нүктесі алынса), ұзарып өсуі тоқталады. Қолтық бүршіктерден бұтақтар (жанама өркендер) дамиды. Үлкен қалаларда, демалыс орындарындағы ағаштар мен бұталардың ұштарын шырпып белгілі пішінге келтіреді. Жеміс ағаштарын гүлдейтін өркендері көбірек дамып, мол өнім беру үшін көктемде шырпиды. Бөлме өсімдіктерін шырпу арқылы гүлдейтін өркендерін көбейтуге болады.

 

Сабақтың жуандап өсуі. Камбий түзуші ұлпаға жатады. Камбийдің бір маусым ішінде бөлінген жас жасушалары қабық пен сүрекке қарай ығысады. Сүрек бөліміне ығысқан жасушалар тобы көбірек болғандықтан сүрек қабаты қалыңдау болады. Бұл құбылыс жыл сайын қайталанатындықтан сабақ жуандай береді.

 

Ағаштағы бүршіктер мен жапырақтар зақымданбаса, камбий жасушалары да тез бөлінеді. Камбий жасушаларының бөлінуінен сүректе жыл сайын сүрек қабаты пайда болады. Оны жылдық шеңбер немесе жылдық қабат деп атайды.

 

Ағаш діңінің көлденең кесіндісіндегі жылдық шеңберден тіршілік жағдайының қолайлы немесе қолайсыз болғандығын аңғаруға болады: 1) жылына бір шеңбер түзілетіндіктен, жылдық шеңберге қарап, өсімдіктің жасын анықтайды; 2) жылдық шеңбердің өсу қарқыны мен еніне жауын-шашын мөлшері, температура, жарық қатты әсер етеді. Егер жылдық шеңбердің ені жуан болса ауа райы қолайлы, жіңішке болса қолайсыз болғандығын көрсетеді; 3) кейде бір жылда түзілген жылдық шеңбердің жартысы жуан, жартысы жіңішке болады. Жылдық шеңберінің ені жарық мол түскен жағында жуан, аз түскен жағында жіңішке; 4) жылдық шеңберге қарап, оңтүстік пен солтүстікті анықтайды. Оңтүстікке қараған жағының шеңбері – жуан, солтүстік жағы жіңішке болып келеді.

Ағаштарда сабақ қалыптаса бастағанда-ақ тұтасқан камбийлі шеңбер түзіледі. Ағаш діңінің жуандауы камбий жасушаларының бөлінуіне байланысты.

 



Сұрақтар
  1. Ең ұзын сабақты өсімдік:

  2. Өте тез өсетін ағаш емес өсімдік:
  3. Қолтық бүршіктен:

  4. Камбий:
  5. Ағаш діңінің жуандауы:
  6. Камбий жасушалары тез бөлінеді:
  7. Ағаш діңінің көлденең кесіндісіндегі жылдық шеңберден:
  8. Органикалық заттар қабықтағы:
  9. Жылдық шеңберге қарап:
  10. Сабақтың сояуға айналып, түрін өзгертуінің себебі:
  11. Шырынды сабақ:

  12. Түрі өзгерген, үлкен, алып бүршік:

  13. Қырыққабаттың жемісі:
  14. Жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен:
  15. Тамырда болмайды:
  16. Жер асты өркендер:
  17. Түйнектің сыртын:
  18. Картоп жемісі:
  19. Түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркен:
Қате туралы хабарландыру