Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

III тарау. Сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуы

Конспект

Жарықта жапырақтағы крахмал суда ерімейтіндіктен, крахмал күйінде сабақ бойымен қозғалмайды. Крахмал қантқа айналуы керек. Қант суда жақсы еритіндіктен қабықтағы сүзгілі түтіктер арқылы өсімдіктің барлық мүшелеріне барады. Органикалық заттар қабықтағы тін талшықтары (сүзгілі түтік) арқылы қозғалады.

Қабығы кесілген бұтақта қосалқы тамырлар кесілген жерінің жоғарғы жағынан шығады. Кесілген жердің төменгі жағында тамырлар пайда болмайды. Қоректік зат кесілген жерден төмен қарай өте алмайды. Ал қабығы кесілмей салынған бұтақта қосалқы тамырлар бұтақтың ұшынан дамиды. Бұл органикалық заттар тек қабықпен қозғалатынын дәлелдейді.

Органикалық заттар өсімдіктің өсе бастаған жас мүшелерінің қорегіне жұмсалады. Қорекке ортақ етпей, күнбағыс, жүгері, қызанақ сияқты өсімдіктердің түбінен қаулап шыққан артық өркендерін жұлады. Жапырақ қолтығынан шыққан өркендерді де жұлып тастайды. Мұндай жағдайда жүгерінің собығы, күнбағыстың себеті өте ірі болады.

Боялған суға салынған өркеннің жапырағы мен гүлін ұстарамен көлденеңінен және ұзынынан теңдей екіге қақ жарып қараса (ұлғайтқыш әйнекті пайдаланып). Қабық пен өзек қабаты боялмай, тек сүрек қабатының боялғаны байқалады. Бұл тәжірибеден су мен минералды тұздар сабақтың сүрек қабатымен қозғалатынын білеміз.

Органикалық заттар өсімдіктің өсе бастаған жас мүшелерінің қорегіне жұмсалады. Қорекке ортақ етпей, күнбағыс, жүгері, қызанақ сияқты өсімдіктердің түбінен қаулап шыққан артық өркендерін жұлады. Жапырақ қолтығынан шыққан өркендерді де жұлып тастайды. Мұндай жағдайда жүгерінің собығы, күнбағыстың себеті өте ірі болады.



Сұрақтар
  1. Жүгерінің собығы, күнбағыстың себеті өте ірі болуы үшін:
  2. Су мен минералды заттар сабақтың  қай бөлімімен қозғалады?

  3. Жапырақтағы крахмал суда ерімейтіндіктен:
  4. Органикалық заттар қабықтың қай бөлімімен қозғалады?

  5. Өсімдіктің өсе бастаған жас мүшелерінің қорегіне жұмсалады:
  6. Органикалық заттар қозғалатын тін талшықтары немесе сүзгілі түтіктер қайда орналасқан?

  7. Күнбағыс, жүгері, қызанақ сияқты өсімдіктердің түбінен қаулап шыққан артық өркендерді неліктен жұлып тастайды?

  8. Су мен минералды тұздар сабақтың  бойымен жылжитын бөлімі ?

  9. Жарықтың әсерінен крахмал өсімдіктің қай бөлімінде түзіледі?

  10. Тамыр қысымына байланысты сабақ бойымен не көтеріледі?

Қате туралы хабарландыру