Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

V тарау. Биосфераның біртұтастылық қағидалары

Конспект

Географиялық ландшафт — құрамындағы табиғат құраушылары (жер бедері, климат, су, топырақ, өсімдік бірлестіктері мен жануарлар) мен морфологиялық бөліктері (фация, қоныс, жергілікті жер) өзара үйлескен, өзіндік құрылымы бар, географиялық қабықтың салыстырмалы түрдегі біртектес бөлігі. “Ландшафт” (нем. land — жер, schaft — өзара байланысты білдіретін жұрнақ) терминін орыс ғалымы Л.С. Берг енгізген. Географиялық ландшафтқа тән негізгі көрсеткіштер қатарына аумақтың біркелкі сипаты, құраушыларының біртекті ұштасуы, құрылымының кешенді сипаты мен біртұтастығы, тұрақтылығы, зат және энергия алмасуының біртектестігі жатады. Географиялық ландшафт терминінің “тарихи қалыптасып, біртұтастығын сақтай отырып, ұдайы дамитын табиғат кешені” немесе “табиғи геожүйе” деген де анықтамасы бар. Ландшафтар типке, тип тармағына және түрге жіктеледі. Жер шарындағы барлық ландшафтардың жиынтығын ландшафтық сфера деп атайды. Ландшафтық түсірімдер нәтижесінде әр түрлі масштабтағы ландшафтық карталар жасалынады.

 

Географиялық қабық - Жер шарының барлық сыртқы қабатын алып жатқан біртұтас аумақтар жүйесі. Ол бүкіл биосфераның барлық құрамдас бөліктерін қамтиды.

 

Географиялық қабықтың қалыңдығы 35-40 км тереңдікті алып жатыр. «Екі ірі жүйелерді зерттеу экология ғылымының нысаны болып табылады. «Географиялық қабық» терминін ғылымға орыс ғалымы А.А.Григорьев енгізген. (1932 ж.), ал «биосфера» терминін австралиялық геолог Э.Зюсс геология ғылымында кеңінен пайдаланды. (1975ж.).

 

Экожүйелер - Жер шарындағы зат және энергия ағындары үздіксіз жүріп жататын табиғи бірлестіктер мен тірі организмдер жиынтығынан тұратын табиғи жерлер. Экожүйелер өз кезегінде ауданы және биомассасы тұрғысынан ірі немесе кішігірім аумақтарды алып жатады.

 

Геожүйе (географиялық жүйе) – материалдық жүйе ретінде бірін-бірі толықтыратын немесе кеңістік пен уақытқа байланысты тығыз қарым-қатынаста даму үстіндегі табиғат құрауыштарының біртұтас жиынтығы.Дегенмен «геожүйе» мен «экожүйе» - бір-біріне теңдес ұғымдар. Бірақ геожүйелер экожүйелерге қарағанда өндірістік аумақтар кешенін және өндіріс орындарының таралу аймағын да қамтиды.

 

Ланшафт дегеніміз - геологиялық қалыптасу кезеңі, топырағы, жер бедері, климаты, гидротермиялық жағдайлары, даму тарихы биоценоз құрылымдары бірегей аймақтар.

 

Антропогендік ландшафтылар - табиғат кешендерінде адам баласының тікелей немесе жанама әсер етуіне байланысты өзгерген жерлер. Адам әрекетінен өзгерген ландшафт антропогендік (жасанды) ландшафт деп аталады.

 

Мысалы, кесілген ормандардың орнына жайылымдардың пайда болуы. Кейде мұндай антропогендік ланшафтылар қайта қалпына келуі мүмкін.



Сұрақтар
  1. Экология ғылымы қай ғылыммен тығыз байланысты?

  2. Жер шарындағы ең ірі экологиялық жүйе не?

  3. Географиялық қабықтың қалыңдығы:
  4. «Географиялық қабық» терминін ғылымға енгізген орыс ғалымы:
  5. Жер шарындағы зат және энергия ағындары үздіксіз жүріп  жататын табиғи бірлестіктер мен тірі организмдер жиынтығынан тұратын табиғи жерлер:
  6. Материалдық  жүйе ретінде бірін-бірі толықтыратын  табиғат құрауыштарының біртұтас жиынтығы:
  7. Табиғат  кешендерінде адам баласының тікелей немесе жанама әсер етуіне байланысты өзгерген жерлер:
  8. Геоэкологиялық заңдылықтар негізінде экожүйе, табиғаттың даму заңдылықтары туралы 4 заң тұжырымдаған ғалым кім?

  9. Географиялық ландшафтыларды ғылыми негізде толығымен зерттеген ғалым:

  10. Геологиялық қалыптасу кезеңі, жер бедері, климаты, даму тарихы, биоценоз құрылымдары бірегей аумақтар:

Қате туралы хабарландыру