iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
V тарау. Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері
Г. Мендель моногибридті будандастыруға жасаған тәжірибесінде, бірінші будан ұрпақтың біркелкі болуын және екінші ұрпақта белгінің ажырау құбылыстарын түсіндіру үшін гамета тазалығы болжамын ұсынды. Оның мәні − организмде кез келген белгі мен қасиеттің дамуын тұқым қуалау факторы, яғни ген анықтайтындығын дәлелдейді.
Аталған Мендель заңдарының табиғаты кейіннен цитология ғылымы тұрғысынан толық дәлелденіп, қолдау тапты. Мендельдің бұршаққа жүргізген тәжірибелеріндегі байқалған құбылысты толық доминаттылық деп атайды. Кейбір жағдайларда -дегі гетерозиготалы ұрпақтың толық доминанттылық байқалмай, аралық сипатта болады, оны толымсыз доминанттылық дейді. Мұны хош иісті раушангүл мен намазшамгүлдің тұқым қуалайтын белгілерінен көруге болады.
Мендель алғашқы тәжірибелерінің бірінде бұршақтың сары және жасыл тұқымды екі іріктемесін өзара будандастырған. Бұл өсімдіктер бір-бірінен тек бір белгісі – тұқымдарының түсі арқылы ерекшеленеді. Мұны моногибридті будандастыру деп атайды.
Бірінші ұрпақта басымдық қасиет көрсетіп, бірден жарыққа шығатын белгіні доминантты, көрінбей қалған белгіні рецессивті деп атайды. Қарама-қарсы (альтернативті) белгілерді анықтайтын жұп гендер - аллельді гендер деп аталады. Мысалы, тұқымның сары түсі мен жасыл түсін, гүлдің қызыл түсі мен ақ түсін анықтайтын гендерді - аллельді дейді.
Бірінші ұрпақта басымдық қасиет көрсетіп, бірден жарыққа шығатын белгіні доминантты, көрінбей қалған белгіні рецессивті деп атайды. Қарама-қарсы (альтернативті) белгілерді анықтайтын жұп гендер - аллельді гендер деп аталады. Мысалы, тұқымның сары түсі мен жасыл түсін, гүлдің қызыл түсі мен ақ түсін анықтайтын гендерді - аллельді дейді.
Гаметалар тазалығы ережесі. Бірінші буында алынатын будандардың біркелкі болуы мен екінші буын ұрпақтарында белгілердің ажырау құбылысын түсіндіру үшін Мендель гамета тазалығы болжамын ұсынды. Оның мәні - организмнің кез келген белгі-қасиетінің дамуын тұқым қуалау факторы, яғни ген анықтайды. Мысалы, раушан өсімдігінің қызыл гүлділері мен ақ гүлділерін алып будандастырғанда, бірінші будандық ұрпақтың барлығы қызыл гүлді болған. Ол бірінші будан ұрпақта қызыл гүлді өсімдіктің доминантты “Ақ гені бар гаметасы мен ақ гүлдінің рецессивті “ақ гені бар гаметаларының қосылуының нәтижесі болып есептеледі. Сондықтан, олардың генотипінде гүлдің қызыл түсін де, ақ түсін де анықтайтын гендер болады.
- Мендельдің бұршаққа жүргізген тәжірибелеріндегі байқалған құбылыс:
- Тұқымдардың түсі арқылы ерекшеленуі:
- Бірінші ұрпақта басымдық қасиет көрсетіп, бірден жарыққа шығатын белгіні:
-
Бірінші ұрпақта көрінбей қалған белгіні:
- Мендель ұсынған болжамды ата:
-
Фенотиптері ұқсас ағзалардың генотиптерін анықтау үшін:
-
Толымсыз доминанттылық құбылысы қалай байқалады?
-
Мендель толымсыз доминанттылықты қай өсімдіктерге жүргізген тәжірибелерден байқады?
-
Мендель ұсынған болжам бойынша, организмнің белгі-қасиетінің дамуын не анықтайды?
-
Мендельдің заңдылықтары алғашында неліктен қолдау таппады?