Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

IV тарау. Жыныс жасушаларының дамуы. Қосарланып ұрықтану

Конспект

Гаметогенез (gametogenesis; грек, gametos- жыныс, жыныс клеткасы; genesis - шығу тегі) - жыныс жасушаларының жыныс бездеріндегі даму процесі.

 

Аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтардың даму процесін сперматогенез (спермиогенез), ал аналық жыныс жасушалары - овоциттердің дамуын ''овогенез'' деп атайды. Сперматогенез процесі аталық жыныс безінің (ен) ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында жүреді. Ол төрт: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезендерінен тұрады. Көбею кезеңінде жас жыныс клеткалары үздіксіз митоздық бөліну арқылы көбейіп, сперматогониялар (алғашқы аталық жыныс жасушалары) түзіледі. Олардың біраз бөлігі митоз арқылы бөлініп, одан әрі көбейе береді. Ал қалған бөлігі бөлінуін тоқтатып, сперматогенездің келесі өсу кезеңіне өтеді.

Сперматозоидтар

Ұрықтану

 

Өсу кезеңінде сперматогониялар келесі кезеңдердегі бөліну процестеріне қажетті заттармен (ДНҚ, протеиндермен) қорланып, үлкейіп өседі де, біріншілік

 

Аналық жыныс жасушалары - овоциттердің дамуын ''овогенез'' деп атайды.

Овогенез аналық жыныс безінің (жұмыртқалықтың) фолликулды аймағында (жыныс жасушаларының даму процесі жүретін жұмыртқалықтың аймағы) жүреді. Овогенез процесінде овоциттер үш даму кезеңдерінен: көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен өтеді. Аталған кезеңдерде кезегімен әртүрлі даму сатыларындағы аналық жыныс жасушалары: овогониялар, біріншілік овоциттер, екіншілік овоциттер және пісіп жетілген овоциттер (жұмыртқа жасушалары) дамиды. Әрбір біріншілік овоциттен тек бір ғана жұмыртқа жасушасы (овоцит) пісіп жетіледі. Овоцитпен қатар, кейіннен кері ыдырап кететін 3 бағыттауыш денешіктер де пайда болады.

 

Ұрықтану дегеніміз - гаплоидті хромосома жиынтықтары бар аналық пен аталық ядроларының қосылуы. Ұрықтанған жасушаны зигота дейді. Ұрықтанудың барысында әр түрге тән хромосомалардың диплоидті жиынтығы қалпына келеді.

 

Ұрықтанған екі жыныс жасушаларынан біржасушалы ұрық – зигота пайда болады. Зигота жатыр түтігі арқылы жатырға өтіп, бөліне бастайды. Жасушалардың хромосомаларында өзгерістер болады. Адамның дене жасушаларында хромосома саны тұрақты 46 болатыны мәлім. Жетілген жыныс жасушаларында – 23. Ұрықтанғаннан соң аталық және аналық жыныс жасушаларының хромосомалары жұптасып саны 46-ға жетеді.



Сұрақтар
  1. Жыныс  жасушаларының жыныс бездеріндегі даму процесі:
  2. Аталық жыныс жасушаларының даму процесі:
  3. Аналық жыныс жасушаларының  даму процесі:
  4. Гаплоидті хромосома жиынтықтары бар аналық пен аталық ядроларының қосылуы:
  5. Ұрықтанған екі жыныс жасушаларынан пайда болған біржасушалы ұрық:
  6. Эмбриогенез кезеңінде жүретін аналық жыныс жасушаларының көбею кезеңінен не түзіледі?

  7. Сүтқоректілердің бір ғана жұмыртқасының ұрықтануы?

  8. Жұмыртқа жасушасына бірнеше сперматазоидтардың ену құбылысы?

  9. Аналық жыныс бездерінен қандай жасушалар пайда болады?

  10. Сүтқоректілердің жұмыртқа жасушасының диаметрі?

  11. Қосарынан ұрықтану кезінде жүреді

Қате туралы хабарландыру