Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

IV тарау. Қосарланып ұрықтану. Онтогенез - организмдердің жеке дамуы

Конспект

Бұл екі жыныс клеткасының қосылуы арқылы жүретін процесс, яғни аталық және аналық гаметалардың қосылуы арқылы жүзеге асады. Жабық тұқымды өсімдіктердің аталық гаметасын спермия, ал аналық гаметасын - жұмыртқа клеткасы деп атайды. Тозаңның клеткасының біреуі, аналықтың аузына түсіп, экзиннің порасы арқылы созылып өсіп, тозаң түтігіне айналады. Ұрық қалтасының тозаң түтігімен түйіскен жеріндегі қабықшасы шырыштанады, нәтижесінде тозаң түтігі қалтаның ішіне енеді. Оның біреуі жұмыртқа клеткасымен қосылып зигота түзеді (2п), ал екіншісі ұрық қалтасының диплоидты орталық ядросымен (2п) қосылып триплоидты клетка түзеді. Осылайша қосарланып ұрықтану жүреді. Ол тек жабық тұқымды өсімдіктерге ғана тән. Қосарланып ұрықтануды алғашқы рет белгілі орыс ғалымы, академик С.Г. Навашин (1898 ж.) ашқан.

С.Г.Навашин

 

Онтогонез (грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы.

 

Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель ұсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын клетканың ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады.

 

Эмбриология – организм ұрығының дамуын зерттейтін ғылым. Эмбриология ғылымы негізінің қалануы Ресей ғылым академиясының академигі К.Бэрдің есімімен тікелей байланысты. Ол 1828 жылы «Жануарлар тарихының дамуы» деген еңбектерінде сүтқоректілер мен тауық ұрықтарының даму ерекшеліктері туралы зерттеу жұмыстарының нәтижесін жариялаған болатын.

 

Дамудың келесі сатысында бластула қабатының қабырғасы ішке қарай жиырылу арқылы жасушаның ішкі қабаты пайда болады.Осының нәтижесінде қос қабат пайда болады.Мұндай қос қабатты даму сатысын гаструла деп атайды. Бұл екі қабат ұрық жапырақшалары деп те аталады.

Эмбриология

 

Гаструладағы жасушаның сыртқы қабатын – эктодерма немесе сыртқы ұрық жапырақшасы деп атайды. Ішкі қабат - энтодерма немесе ішкі ұрық жапырақшасы деп аталады. Энтодерманың ішкі қуысы бірінші реттік ішек қуысы болып саналады, ал оның сыртқа ашылатын тесігі бірінші реттік ақуыздың бастамасы.

 

Нейрулла сатысында эктодерма қабатынан бірнеше жасушалар бөлініп төмен түседі. Осы жасушалардан жүйке тақташасы түзіледі де, соңынан ол жүйке түтігіне айналады. Бұл ми мен жұлынның дамуына бастама береді. Мидың дамуына байланысты эктодерма қабатының басқа бөлімінен әртүрлі мүшелер пайда болады. Мәселен, ми бөлімінің алдыңғы жағынан бокал тәрізді екі көздің бастамасы біліне бастайды. Сыртқы жабын тері мүшесі, есту мүшесі және иіс сезім мүшелері пайда болады, осыдан кейін ұрықтың дамуы жеделдей түседі. Дәл осы мерзімде энтодерма қабатынан пайда болған түтіктен ішкі мүшелерінің бастамасы алғашқы ішектің асқорыту жүйесі, өкпе, бауыр, ұйқыбез, т.б. дами бастайды.

 

Ортаңғы қабат мезодермадан алдымен желі, бұлшықет, шеміршек және қаңқа, бүйрек сол сияқты болашақ ағзаның қантамырлар жүйесі дамиды. Жасушадағы эмбриондық даму басталған кезде мүшелердің дамуын қамтамасыз ететін хромосомалардың әртүрлі кесіндісінің (әртүрлі ген) жұмысы күшейе түседі. Осының нәтижесінде жасушадағы ақуыз синтезінің қарқындығы да артады. Көптеген жануарлардың ұрықтық дамуының алғашқы сатылары өзара ұқсас болады. Мұның өзі жер шарындағы тірі ағзалардың шығу тегінің бір-біріне байланысты екенінің дәлелі болып табылады.



Сұрақтар
  1. 1898 жылы қосарланып ұрықтануды алғашқы рет ашқан орыс ғалымын ата:
  2. Жасуша ұрықтанған соң организмнің жеке  дамуы:
  3. 1866 жылы онтогенез терминін ұсынған неміс биологы:
  4. Организм  ұрығының дамуын зерттейтін ғылым:
  5. Гаструладағы  жасушаның сыртқы қабаты:
  6. Ми мен жұлынның дамуына бастама  беретін қабатты ата.
  7. Ортаңғы қабат мезодермадан дамитын мүшелерді көрсет:
  8. «Ұрықтық ұқсастық» еңбегінің авторы:

  9. Гаструладан кейінгі саты қалай аталады?

  10. Эндоспермнің триплоидті табиғатын 1915 жылы ашқан ғалым:

  11. Нейрула сатысы кезінде эктодерма қабатынан дамиды

  12. Ұрықтың даму сатылары

Қате туралы хабарландыру