Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ІІ тарау. Жасуша мембранасы және плазмалемманың қызметтері

Конспект

Цитоплазма (гр. kytos - клетка және гр. плазма- қалыптасқан) - ядроны қоршап жатқан клетка бөлігі; қоймалжың (коллоидті) ерітінді. Клетка цитоплазмасының сырты плазмолеммамен қапталған. Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының цитоплазмасымен тікелей байланысқан ішкі қабатын плазмалемма немесе плазмалық мембрана құрайды. Плазмолемма – қабықшасы өте жұқа, нәруызды молекуладан тұрады. Оның орташа қалыңдығы 6- 10 нм, құрамында ферменттер болады. Ол жасуша мен оны қоршаған орта арасындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді.

 

Плазмалемманың тасымалдаушы қызметі. Үлкен молекулалар жай өтеді де, кіші молекулалар жылдам өтеді. Ең жылдам өтетін су және оның құрамындағы ерітінділер екен. Егер эритроцитті өзінің цитоплазмасынан гөрі шоғырлануы аз тұзды ерітіндіге салсақ, онда сыртқы ортадан су клеткаға көп енеді де клетканың көлемі өсіп, оның сыртқы мембранасы жарылып кетеді. Керісінше, егер эритроцитті шоғырлануы көп тұзды суға салсақ, онда клеткадағы су бөлініп шығады да, ол қабысып, жиырылып қалады. Клетканың сыртқы мембранасында линопротеин қабатында «порлар» болады, олар арқылы иондар және сулар өтеді. Осы мембрана арқылы К+, N+ катиондары аса жылдамдықпен жүреді. Мембрананың тасымалдау қызметі: иондар мен судың шоғырлануы көп ортадан шоғырлануы аз ортаға (пассивті тасымалдау), және керісінше, шоғырлануы аз заттың Шоғырлануы көп ортаға енуін (активті тасымалдау) реттеп отырады. Активті тасымалдау энергия жұмсау арқылы өтеді (АТФ), К+, Na+ -иондарының шоғырлануын реттеп тұратын К+, Na+-«насосы» плазмалеммаға орналасады. Осы «насостардың» жұмыстарын зерттеу үшін эритроцитті алуға болады. Бұл клеткада К+, Na+ иондарының шоғырлануы қанның плазмасына қарағанда өзгеше болады (бірақ концентрациясының жиынтығы шамалас, клетканың сыртында және ішінде изотониялы). Белоктар, нуклеин қышқылдары, майлар, ыдырап барып мономерлер түрінде ғана плазмалеммадан өте алады.

 

Кейбір жағдайларда макромолекулалар немесе ірі түйіршіктер клеткаға эндоцитоз процесі арқылы өтуі мүмкін. Эндоцитозды фагоцитоз және пиноцитоз деп екі түрге бөлуге болады: фагоцитоз процесі дегеніміз клеткалардың ірі түйіршіктерді қабылдап цитоплазмасына өткізуі. Бұл процесті бірінші рет зерттеген орыс ғалымы - И. И. Мечников. Пиноцитоз процесінде клетка цитоплазмасына ерітінділерді қабылдайды. Плазмалемма арқылы ішінде сұйық заттары бар көпіршіктердің клеткаға өтуін пиноцинтоз деп атаймыз. Эндоцитоздың бірінші кезеңінде (адсобция) энергия жұмсалмайды. Сырттан келген көпіршіктер плазмалемманы итеріп, ойыс жасап барып өтеді немесе плазмалемма өсінділері біртіндеп клеткаға енеді, клеткаға енген көпіршіктер плазмалеммадан жеке бөлініп барып орналасады. Клеткаға түскен түйіршікті заттар лизосомадағы гидролаза ферменттер арқылы қорытылады. Пиноцинтоз процесін көптеген клеткалардан, яғни өзіне қоректік заттарды сіңіретін, мысалы ішек клеткаларынан (энтороциттер) байқауға болады. Энтороциттердің жоғарғы (апикальді) бөлімінде пиноцитоз көпіршіктері орналасады, олар клеткаға ыдырап майларды, көмірсуларды т. б. өткізіп отырады.

 

Плазмолемма - жасуша протоплазмасын қоршаған ортадан бөліп, зат алмасу, тасымалдау, рецепторлық қызметтер атқаратын жасуша қабықшасы. Плазмолемма - плазмалық жарғақтан, жарғақша үсті кешеннен және жарғақ асты тірек-жиырылғыш аппараттан тұрады. Плазмалық жарғақтың негізі бимолекулалы липид қабатынан түзілген. Бұл қабатқа толық немесе жартылай протеин және гликопротеид молекулалары еніп, протеинді-липидті жарғақты түзеді.

 

Бұның құрамындағы протеинді ферменттер жасуша қабықшасынан тыс жатқан заттарды ыдыратып қорытып, мономерлер ретінде жасушаға сіңіреді. Бұл процесс - эндоцитоз (пиноцитоз, фагоцитоз) деп аталады.

Жануар жасушасы мен өсімдік жасушасының құрылысы



Сұрақтар
  1. Ядроны  қоршап жатқан қоймалжың (коллоидті) клетка бөлігі:
  2. Жасушасының  цитоплазмамен тікелей байланысқан ішкі қабатын атап көрсет:
  3. Фагоцитоз  процесін алғаш зерттеген ғалымды ата:
  4. Плазмалемма арқылы ішінде сұйық заттары бар көпіршіктердің клеткаға өтуін:
  5. Плазмалық жарғақшаның өте жұқарған жеріндегі жұқа ұсақ тесікшелер:
  6. Эндоцитозға қарама-қарсы процесті көрсетіңіз?

  7. Жасуша мембранасының тасымалдаушы қызметінің ішіндегі ең маңызды процесс?

  8. Жасушада молекулалық қосылыстардың бірінші жасушадан екінші жасушаға өтуін қамтамасыз ететін байланыс түрі?

  9. Плазмалемманың негізгі химиялық құрамын көрсетіңіз?

  10. Жасуша мембраналары арқылы ірілеу келген түйіршіктердің өту процесін атаңыз?

  11. Мембраналы органоид (-тер)

Қате туралы хабарландыру