Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ІІ тарау. Цитоплазама. Эндоплазмалы тор –мембраналы органоид

Конспект

Цитоплазма (гр. kytos — клетка және гр. плазма — қалыптасқан) — ядроны қоршап жатқан клетка бөлігі; қоймалжың (коллоидті) ерітінді. Клетка Цитоплазмасының сырты плазмолеммамен қапталған. Плазмолемма — цитоплазманың белокты-билипидті қабықшасы, оның орт. қалыңд. 6 — 10 нм, құрамында ферменттер болады. Ол клетка мен оны қоршаған орта арасындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Цитоплазманың негізгі құрамы гиалоплазмадан, органеллалардан және қосындылардан тұрады.

 

Цитоплазма - сыртқы ортадан плазмалық мембрана арқылы бөлініп тұрады, жасушаның жартылай сұйық ортасын құрайды. Эукариот жасушасының цитолплазмасында ядро және басқа да әртүрлі органоидтар орналасады. Ядро цитоплазманың ортасында орналасады. Ядродан малекулалардың алмасуы немесе оған өтуі белсенді тасымалдау жолмен жүреді. Белсенсіз диффузия және белсенді тасымалдау ядролық-саңылау кешені арқылы жүзеге асады.

 

Цитоплазмада әртүрлі қосындылар, вакуоль, сонымен қатар жасуша қаңқасын түзетін ұсақ түтікшелер және жіпшелер бар. Цитоплазманың құрамындағы негізгі заттар ақуыздар. Цитоплазмада зат алмаудың негізгі процестері жүреді, ол ядроны және барлық органоидтарды бір-бірімен байланыстырады.

 

Цитоплазманың барлық ішкі аймағы көптеген ұсақ каналдармен және қуыстармен толтырылған, олардың қабырғалары плазмалық мембрана құрылысына ұқсас мембранадан тұрады. Бұл каналдар тармақталып, бір-бірімен бірігіп тор түзеді, ол эндоплазмалық тор деп аталады. Эндоплазмалық тор құрылысы бойынша бірдей емес. Оның екі типі белгілі кедір-бұдырлы және тегіс. Кедір-бұдырлы тордың бетінде рибосомалар орналасады. Тегіс эндоплазмалық тордың мембраналарында рибосома болмайды. Эндоплазмалық тор әртүрлі қызмет атқарады. Кедір-бұдырлы эндоплазмалық тордың негізгі қызметі – ақуыз синтезіне қатысу, ол рибосомада жүзеге асады. Тегіс эндоплазмалық тордың мембранасында липид және көмірсулардың синтезі жүреді. Барлық бұл өнімдер канал және қуыстарда жинақталады, содан кейін жасушаның әртүрлі органоидтарына тасымалданады.

 

Эндоплазмалық тор (ЭТ) клеткадағы каналдар мен қуыстардан тұратын таралған тордан тұрады, зат алмасуы қарқынды жүредi, эндоплазмалық тор арқылы мембранадағы синтезделген заттар тасымалданады. Эндоплазмалық тордың орташа көлемi клетканың жалпы көлемiнiң 30-50% -ге дейiн құрайды. Эндоплазмалық тор мембранасының екi түрi бар: тегiс және бұдырлы. Тегiс мембранада май және көмiрсу алмасуына қатысатын ферменттi жүйелер орналасады. Мұндай мембраналар май бездерiнiң клеткаларында көп, ол жерде май синтезi жүредi, бауыр клеткаларында көп, ол жерде гликоген синтезi жүредi (көмiрсу немесе қант) қоректiк заттардың қорына бай клеткаларда көп (өсiмдiк тұқымдары).

 

Эндоплазмалық тор жасушаның негізгі органоидтарын бірі-бірімен байланыстырады. Американдық биолог К.Портер электрондық микроскоппен жасушаның гиалоплазмасынан микротрабекулалық тор тапқан. Тордың негізін жіңішке талшықтар құрайды. Бұл талшықтардан трабекула жүйесі түзіледі. Трабекула жүйесі – гиалоплазмадағы түтікшелерді, жіпшелерді, мембраналы органоидтерді және плазмалық мембрананы біріктіріп тұратын тор.

Жасуша клеткасы. Эндоплазмалық тор



Сұрақтар
  1. Ядроны  қоршап жатқан клетканың қоймалжың заты:
  2. Сыртқы ортадан плазмалық мембрана арқылы бөлініп тұратын, жасушаның жартылай сұйық затын ата:
  3. Цитоплазманың құрамындағы негізгі затты ата:
  4. Тармақталып, бір-бірімен бірігіп тор түзетін жасушаның органоидін ата:
  5. Жасушаның гиалоплазмасынан микротрабекулалық тор тапқан ғалымды ата:
  6. Цитоплазманың түпнегізі не?

  7. Микротүтікшелер түзетін цитоплазмадағы нәруыз не?

  8. Тегіс эндоплазмалық тор ненің синтезіне қатысады?

  9. ЭПТ-да синтезелген нәруыз молекулалары қайда жеткізіледі?

  10. Мембранасыз органоидты табыңыз:

  11. Эукариот жасушаларындағы гиалоплазманың құрамы

  12. Бактерия жасушаларындағы гиалоплазманың құрамы

  13. Гиалоплазманың матриксінде кездеседі  

Қате туралы хабарландыру