Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

І тарау. Жасушаның зерттелу тарихы

Конспект

Цитология (грекше “kytos”-жасуша – және “logos”- ғылым) − жасушаның құрылысын,химиялық құрамын және жасуша ішіндегі түрлі құрылымдардың атқаратын қызметтерін зерттейтін биология ғылымының маңызды салаларының бірі. Қазіргі кезде цитология ғылымы жасуша құрылысын зерттеп қана қоймай, ондағы болатын күрделі физикалық−химиялық процестерді де зерттейтін нақты ғылым саласы болып отыр.

 

Жасушаның зерттелу тарихы 300 жылдан астам уақытқа созылды. Оның негізінің қалануы оптикалық құралдардың дамуымен тікелей байланысты.

 

1665 жылы ағылшын биологі, физигі әрі механигі Р. Гук өзі жасаған микроскоппен тозды ұлпаның жұқа кесіндісін қарап, оның жеке ұяшықтардан тұратынын көрді. Осы ұяшықтарды Р. Гук "жасуша" деп атаған.

Роберт Гук

 

XVII ғасырдың 70−жылдары нидерландтық табиғат зерттеуші Антони ван Левенгук объектіні үш есе үлкейтетін микроскоп жасап, онымен қанның құрамындағы эритроциттерді және біржасушалы организмдерді тұңғыш рет байқаған. Осыдан кейін жасушаның құрылысы жан-жақты зерттеле басталды.

Антони ван Левенгук (1632-1723)

 

XIX ғасырдың басында неміс ғалымдары- ботаник М. Шлейден мен физиолог Т. Шванн өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыра отырып зерттеу жүргізген, Нәтижесінде, олардың құрылыстары өте ұқсас жіне тіршіліктің дербес иесі екендігін анықтады.

 

Сонымен, 1838-1839 жылдары М. Шлейден мен Т. Шванн көптеген деректі материалдарға сүйеніп, жасуша теориясының негізін қалады.

Жасушаның құрлымын зерттеу үшін биологиялық микроскоп, электронды микроскоп, ультрацентрифуга және т.б. техникалық құралдар қолданылады.

 

М.Шлейдан

Жасуша теориясы - тіршіліктің негізін құрайтын жасушалардың құрылымы,көбеюі және көпжасушалы ағзаларды қалыптастырудағы қызметі туралы жинақталған ұғым. Жасуша теориясының даму тарихы 300 жылға созылды.Оны зерттеуде әр түрлі оптикалық әдістердің дамуы микроскоптың жетілдірілуіне негізделді. Алғашқы микроскопты 17 ғасырда ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703ж.) жасаған.Ол микроскоппен 1662 жылдан бастап түрлі объектілерді:тығын шұрықтарын (пораларын), қымыздық, қамыс және басқалардың ішкі қуыстарын көрді. Гуктің микроскопы қаралатын затты жүз еседен астам ғана үлкейтіп көрсететін болған.

 



Сұрақтар
  1. Цитология ғылымының мына ғылыммен байланысы жоқ:
  2. 1838-1839 жылдары жасуша теориясының негізін қалаған   ғалымдарды атаңыз:
  3. Жасушаның құрылысын, химиялық құрамын зерттейтін биология ғылымының маңызды салаларының бірін көрсетіңіз:

  4.  1665 жылы микроскоппен тозды ұлпаның жұқа кесіндісін қарап, оның жеке ұяшықтардан тұратынын көріп оны "жасуша" деп атаған ғалымды атаңыз:
  5. XVII ғасырдың 70-жылдары үш есе үлкейтетін микроскоп жасап, онымен қанның құрамындағы эритроциттерді және біржасушалы организмдерді тұңғыш рет байқаған нидерландық табиғат зерттеуші ғалымды атаңыз:

  6. Ядроны  қоршап жатқан жасуша бөлігін атаңыз:
  7. Клетканың тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоидты атаңыз:

  8. Организмдегі белоктық алмасуды реттеу арқылы тұқым қуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін клетканың негізгі бөлігін көрсетіңіз:

  9. Цитоплазмадағы  көпіршіктердің, жалпақ қапшықтардың және түтікше құрылымдардың торлы жүйесі:
  10. 17 ғасырда алғашқы микроскопты жасаған ағылшын физигін атаңыз:

  11. Судағы біржасушалы ағза - кірпікшелі кебісшені тұңғыш рет көрген голландтық ғалымды атаңыз:
  12. Тірі жасушаны алғаш рет 1839 жылы көрген чех ғалымын атаңыз:

  13. Жасуша  протоплазмасының (жасуша ішіндегі сұйықтық пен ядро) тұрақты бөлігі-ядроны ашқан ғалым:
Қате туралы хабарландыру