Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

І тарау. Липидтер

Конспект

Липидтер (грекше “lipos” – май) – барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар. Липидтерге майлар және май тәрізді заттар − липоидтер жатады. Липидтердің молекуласының құрамына С, Н,О атомдары кіреді. Құрамындағы элементтердің байланысына және құрылымына қарай липидтер алуан түрлі болады.

 

Липидтердің ішінде ең көп таралғаны және ең негізгісі майлар. Майлардың химиялық құрылымы күрделі болып келеді. Оның молекуласы үш атомды спирт − глицерин мен жоғары молекулалы май қышқылдарынан тұрады.

 

Липидтер барлық тірі жасушаларда болады, осыған орай организмде мынадай маңызды қызметтер атқарады: құрылыс, энергия көзі, қоректік зат, қорғаныштық, метаболизмдік және т.б.

 

Липидтердің суда ерімейтін қасиеті оның жасушадағы құрылыс қызметін атқаруына мүмкіндік береді. Сол сияқты липидтер көптеген биологиялық қосылыстардың түзілуіне қатысады.

 

Май − қоректік қор заты. Организмдер денедегі майды қоректік зат ретінде жинақтайды. Мысалы, бунақденелілер, сүтқоректілер және т.б. тірі ағзаларда май қоры жинақталады.

 

Құрамындағы элементтердің арақатынасына және құрамына байланысты липидтер алуан түрлі болып келеді. Барлық липидтерге тән жалпы қасиет – олардың полярлы еместігі. Сондықтан да липидтер полярлы емес сұйықтарда, мысалы, бензинде, эфирде, хлороформда жақсы ериді, ал суда мүлде ерімейді. Липидтердің ішіндегі ең көп тарағаны және белгілісі – майлар. Майлар өзара эфирлік байланыспен қосылатын глицирин мен май қышқылынан тұрады. Олардың қатарына бәрімізге белгілі жануар және өсімдік майлары, маргарин және т. б. жатады. Майлардың бір-бірінен айырмашылығы олардың құрамына кіретін май қышқылдарының табиғи сипатында. Май қышқылдары қаныққан және қанықпаған болып екіге бөлінеді. Жануар майларының құрамында қаныққан қышқылдар көп. Жасушаларда майдың мөлшері құрғақ зат массасының 5-10%-ті шамасында болады. Алайда, құрамының 90%-ке жуығы майдан тұратын жасушалар да бар. Мысалы, жануарлардың тері астындағы май қабаты, кеуде бездері, түйенің өркеші осындай жасушалардан тұрады. Май сүттің құрамында да болады.

 

Липидтерге сонымен қатар май тәрізді заттар: холестерин, лецитин, майда еритін А, Д дәрумендері (витаминдер), кейбір гармондар жатады.

 

Лепидтердің биологиялық рөлі:

1. Лепидтердің суда ерімейтін қасиеті, олардың құрылыс материалдары қызметін атқаруына мүмкіндік береді.

2. Лепидтер энергия көзі. Ма й жасушада көміртегі оксиді мен суға дейін ыдырайды, оның әр грамы молекуласынан 38,9 кг/Дж энергия бөлінеді.

3. Май, су көзі. 1 кг май тотыққанда (ыдырағанда) одан 1,1 кг-да су түзіледі. Қыста ұзақ ұйқыға кететін, сол сияқты сусыз шөлді жерлерде тіршілік ететін жануарлар ағзасындағы тотыға отырып ыдыраған майдың суын пайдаланады.

4. Лепидтер қорғаныштық қызмет атқарады. Май жылуды нашар өткізетіндіктен, тері астында қалың май қабатын түзіп, дене температурасын тұрақты сақтауға мүмкіндік береді. Мысалы, киттің тері астындағы май қабатының қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді, бұл оның поляр теңіздеріндегі суық суда тіршілік етуіне мүмкіндік береді.

5. Лепидтер – қорға жиналған заттар ролін атқарады. Жануарлар мен өсімдіктер әртүрлі мөлшерлерде жиналған май қорын тіршілік барысында біртіндеп жұмсайды.

 



Сұрақтар
  1. Барлық  тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын  заттарды атаңыз:
  2. Липидтердің ішінде ең көп таралғанын және ең негізгісін ата:
  3. Барлық липидтерге тән жалпы қасиетті ата:
  4. Липидтердің ішіндегі ең көп тарағанын және белгілісін көрсет:
  5. Майдың 1 грамы толық ыдырағанда бөлінетін энергияны көрсет:
  6. 1 кг май тотыққанда (ыдырағанда) одан  түзілетін су мөлшерін  көрсет:
  7. Қорғаныштық  қызмет атқаратын затты ата:
  8. Организмге қажетті  энергияның 25-30% -ын не береді?

  9. Майлардың сұйық немесе қатты болуы неге байланысты?

  10. Майлар ерігіштігі жөнінен қандай қасиет көрсетеді?

  11. Зәйтүн майы

Қате туралы хабарландыру