
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Зат есімнің көпше және жекеше түрі / Plural and Singular Forms: жасалуы, ерекшеліктері.
Зат есімнің көпше түрі – s жалғауы жалғану арқылы жасалады: a pen – pens, a bag – bags, a pupil – pupils.
Зат есімнің жекеше түрі, түбірі - ch, - s, - es, - sh, -x-ке аяқталса, о- ға аяқталса – es жалғауы жалғанады: a box –boxes , a hero- heroes , a dress – dresses, a bus – buses, a match – matches.
Зат есім дауыссыз дыбыстан кейін У- ға аяқталса, - іеs жалғауы жалғанады. Мысалы: a city- cities, a baby – babies.
Зат есім F( - fe ) - ve аяқталса көпше түрінде f - v - ге өзгеріп - es жалғанады.
Ex: a knife – knives, a shelf – shelves, a leaf – leaves.
Зат есімнің көпше түрінің ерекшелігі сөз түбіріндегі дауысты дыбыстар өзгереді. Мысалы: a woman – women, a foot – feet, a tooth – teeth,
a goose – geese, a mouse – mice.
Cонымен қатар көпше түрінде -en жалғауы жалғанатын сөздер бар.
An ox – oxen, a child – children. Ағылшын тілінде жекеше түрінде және көпше түрінде бірдей форма беретін сөздер бар. Олар: a deer – deer, a sheep – sheep, a fish – fish, a swine – swine.
Бірнеше зат есімдер тек қана жекеше немесе көпше түрінде ғана айтылады. Мысалы: money, hair, business, information, news, love, peace, knowledge, advice, luggage, sugar, fruit, progress, furniture. Ағылшын тілінде кейбір сөздер екі бөліктен тұратындықтан көпше түрінде айтылады. Ex: trousers, glasses, scissors, shorts, ал өздігінен тек қана көпше түрде айтылатын сөздер бар. Мысалы: goods, clothes, riches, thanks, manners, looks.
Кейбір ағылшын тіліндегі зат есімдер тек қана жекеше түрінде қолданылады:
News, progress, information, watch.
Кейбір ұлттардың атауларының алдында ”the” артиклі қойылып және көптік жалғауынсыз үнемі көпше түрде қолданылады. Мысалы: the Dutch, the English, the French, the British, the Spanish, the Welsh.
-
Зат есімнің көпше түрін тап.
-
Ережеге бағынбайтын зат есімді көрсет.
-
Ox сөзінің көпше түрін тап.
-
Sheep сөзінің көпше түрін көрсет.
-
Көпше түрінде түбіріне жалғау жалғанбайтын сөзді тап.
-
Көпше түріне -es жалғанатын сөзді белгіле.
-
Көпше түрінде оқылуы ерекше сөзді тап.
-
Көпше түрінде өзгеріске ұшырайтын сөзді тап.
-
Көпше түрдегі сөзді көрсет.
-
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой. There are many … in the river.
-
Көпше түрі жоқ сөзді көрсет.
-
Көпше түрінде ерекшеленетін сөзді тап.
-
Қай сөз тек қана көпше түрде қолданылады.
-
Тек қана көпше түрде тұрған сөзді тап.
-
-s жалғауы жалғанатын сөзді көрсет.
-
Find the correct plural forms of the compound words.