Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Координаталар әдісі және векторларды стереометрия есептерін шығаруда қолдану



Сұрақтар
  1. АВ түзуі \(y=4x-5\) теңдеуі арқылы берілген. Төмендегі түзулердің қайсылары АВ түзуіне параллель болатынын анықтаңыз.

  2. Үшбұрыштың қабырғаларының орталары (5;2), (2;-3), (2;1) нүктелерінде орналасады деп алып, осы үшбұрыштың төбелерінің координаталарын табыңыз.

  3. ABCDА\(_1\)B\(_1\)C\(_1\)D\(_1\) параллелепипеді берілген. B\(_1\)C векторын D\(_1\)B\(_1\),  D\(_1\)C\(_1\) және D\(_1\)D  векторлары арқылы жіктеу керек.

  4. M(–5; 8; 7) және N (9; 6; –2) нүктелері берілген. \(\vec{MN}\)векторының координаттарын табу керек.

  5. A(-1; 5; -4); B(7; -2; 1) берілген. \(\vec{AB}\) векторының координаттары табу керек.

  6. {x-3y+5=0, 4x-5y+3z-1=0 теңдеуімен берілген түзудің бағыттауыш векторын табу керек.

  7. \(\vec{a}\) және бірлік \(\vec{e}\) векторлары берілген.Егер \(\mid\vec{a}\mid\)=\(\frac32\) және a↑↓\(\vec{e}\) болса, онда \(\vec{a}\) векторын \(\vec{e}\) векторы арқылы өрнектеу керек.

  8. A (-2; 5; 3) және B (1; 3; -6) нүктелері берілген. \(\vec{AB}\) векторының координаттарын табу керек.

  9. Векторлық шама

  10. Сфера (х + 2)\(^2\)  + (у – 4)\(^2\)  + z\(^2\)  = 18 теңдеуімен берілген. Сфера центрінің координатын және радиусын табу керек.

  11. A ( – 2; 2; – 1) және B (8; – 3; 4) нүктелері берілген. AB кесіндісінде жататын және осы кесіндіні 2 : 3 қатынасына бөлетін С нүктесінің координаттарын табу керек.  

  12. A (0; 0; 0); B (3; 4; – 1); C(2; 3; 5) және D(6; 0; – 3) нүктелерінің бір жазықтық бойында жатпайтынын тексеріп, ABCD пирамидасының көлемін анықтау керек.

  13. A (1; – 2; 5); B (– 3; 0; 0) және С (0; 0; 1) нүктелері арқылы өтетін жазықтық теңдеуін жазу керек.

  14. A(0; 0; 0); B(3; 4; – 1); C(2; 3; 5) және D(6; 0; –3) нүктелерінің бір жазықтық бойында жатпайтынын тексеріп, ABCD пирамидасының көлемін анықтау керек.

Қате туралы хабарландыру