
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Алма туралы (100 сөз)
Алманың отаны – Қазақстан. Алма туралы түрлі аңыздар бар. Егер гректер Апалонның ағашы десе, діни аңыздар Адам ата мен Хауа ананың есімімен де, бабаларымыз Алмалы шатқалымен байланыстырып жатады.
Алма – тарихы терең өсімдік, дәруменге бай бағалы жеміс.
Алманың адамзаттың даму тарихындағы рөлі зор: ауылшаруашылық саласында ғылыми зерттеулер көзі болды, медицина, тамақ өнеркәсібі саласында кеңінен қолданылады.
Адамзаттың ой шығармашылығын дамытудағы рөлі зор. Ньютонның физикалық тартылыс күшін ашуына және қаншама ақын-жазушыың туындысына арқау болды (С. Мұратбеков «Жабайы алма», сазгер Е. Хасанғалиев «Алматының алмасы», ақын Ш. Сариевтің «Ньютон алмасы» т.б.).
Алма – ғажайып құбылыс. Адамзат баласымен қатарласа тіршіліктің сан белесін бірге асқан, тарих таңдаған жеміс.
(100)