Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Алма (250 сөз)

Конспект

Алма – кеңінен танымал жеміс. Алайда біздің білетініміз аздаған мәліметтермен шектеледі екен. Бір деректерде әлемде 5000-нан аса түрі бар десе, екінші бір ақпарат көзінде 7000-дай деп берілген.

Алма бағы – бау-бақшаның жауһары, ал өнімі – қалың көпшілік сүйсіне қолданатын дәрумені мол жеміс ретінде бағалы. Ол – биология, медицина, ауылшаруашылығы ғылымында өзіндік орны бар өсімдік дақылы. Демек, алма – адамзат тіршілігі үшін маңызы зор жеміс. Сонымен қатар бұл тақырыпты ашу – тек білгенімізді санамалап қоймай, жан-жақты ойланып, түйінді пікір айту мүмкіндігі.

Алма ең ежелгі уақыттардан-ақ адамдар үшін тіршілік талшығы болғаны белгілі. Табиғи алманың 36 түрі белгілі екен. Әрине, табиғаттың дайын өнімін тамақ ретінде пайдалану қиындық тудырмаған болар?! Бірте-бірте адамдар жабайы өсімдікті баптап-күтіп, өнімін өңдеуді үйренген. Сөзіміздің дәлелі – адамдардың алманы дайын өнім күйінде де, кептіріп те пайдалана беретіні. Жүздеген жыл тәжірибесі дастарханымызда жайнап тұр, бұл – алма қосылған түрлі тағам түрлері мен алмадан жасалған сусындар.

Алманың тағам түрі болумен қатар өзге де пайдалы тұстары бар. Мәселен, медицина саласында адам ағзасына пайдалы шипалы жеміс ретінде дәріптеледі. Алма құрамында 83-88% су, 7,5-16% қант, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды зат бар. Ал қан аздығына бірден-бір ем – алма құрамындағы темір. Демек, алма – адам өміріне қажет аса бағалы мәдени өсімдік түрі.

Алма бағы шаруашылық саласында маңызды зерттеулер негізі болды. Раушангүл тұқымдасына жататын жеміс ағаштары тұқымынан да, вегетативті түрде де өсіріледі. Әйгілі апорт – сиверс алмасымен будандастырылған өнім. Қазақстанда алманың 40 түрі бар. Селекционерлер 20-дан астам қазақстандық алманың сұрпын өсірген. Мәліметтер жинақтауда қатты қызықтым. Ойланып, алдыма мақсат қойдым.

Қорыта айтсам, осы істі жалғастыру – мақсатым. Мен алманың қазақ елінің бренді болып қалатынына сенемін.

(250)



Қате туралы хабарландыру