
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Эссені бағалау критерийлері
Эссені бағалау критерийлері
Эссе бөлімдері белгіленген талаптар тұрғысынан негізінен 10 балдық жүйеде бағаланады:
-
Эссе тақырыбының сәйкестігі, мағыналық тұтастық, ой байланысы, мазмұндаудың жүйелілігі – 10 балл;
-
Мәселені берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу, өзіндік тұжырымдардың берілуі – 10 балл;
-
Ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен дәйектелуі, түрлі көзқарастардың берілуі, мәселеге қатысты дәйексөз, сандық деректер, ғылыми мәліметтерді қолдану мен дереккөздерді рәсімдеу талаптарының сақталуы – 10 балл;
-
Ұғымдар мен құбылыстарды талдау кезінде салыстыру мен жинақтау тәсілдерін қолдана алу қабілеті, ойлау ерекшелігі, күтпеген пікір немесе сауал туындауына ықпал ету, пікірдің шынайылығы – 10 балл;
-
Мәтінде қазақ тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелерінің сақталуы – 10 балл.
Критерий мен дескрипторлар үлгісі
Критерийлер |
Дискриптор |
---|---|
Тақырыпты түсінуі |
Тақырыпқа қатысты түсініктерді анық және толық қарастыра алады. |
Тақырыпқа сай түсініктерді орынды қолдана алады. |
|
Ойын нақты жеткізе біледі. |
|
Тезисті тақырыпқа сәйкес бере алады. |
|
Жалпы мазмұндау формасының тақырыпқа сәйкестігі. |
|
Эссенің жазылу құрылымдарының сақталынуы |
Бөлімдерді талапқа сай құра алады. Әр бөлімге қатысты негізгі түсініктерді орнымен қолдана алады. |
Тақырыпты ашу, мәселені шешу жолдарын жан-жақты ойластырып, ұстанымын дәлелді қорғай алады. |
|
Мәселеге байланысты өзіндік пікірін, көзқарасын, аргументтерді сауатты жеткізе алады. |
|
Әр бөлімде логикалық реттілік пен бірізділікті сақтай біледі. |
|
Эссені қорытындылау тұжырымы мен ой түйінін талапқа сай қорытындылай алады. |
|
Мәтін логикасы мен ой толғау сауаттылығы |
Ой жүйелілігі мен нақтылығын сақтай алады. |
Дәлелдерді нанымды бере алады. |
|
Тезис аргументтерінің дәлдігі қадағаланады. |
|
Әртүрлі көзқарасты салыстырып, өзіндік ой тұжырымын ұсына алады. |
|
Тақырыпқа сәйкес жазу стилін (баяндау, дәлелдеу, сипаттау, өзіндік ой толғау ерекшеліктерін) ұтымды таңдай біледі. |
|
Жұмыстың орындалу сауаттылығы |
Орфографиялық және пунктуациялық талаптарға, стилистикалық нормаларға сәйкестігі. |
Сөздік қоры мен көркемдегіш құралдарды қолдана алу. |
|
Лексикалық, грамматикалық нормаларды сақтай алу. |
|
Сөз санының дәлдігі, сөз бен ойдың қайталанбауы. |
|
Ойдың логикалық бірізділігін сақтау үшін сөз оралымдарын (қыстырма сөз, шылау), терминдерді сауатты қолдана білу. |
|
Сыни ойлау, ой тұжырымдау шеберлігі |
Тақырыпқа қатысты сыни талдау жасай білу. |
Салыстырып, ой жинақтап, сыни сараптама жасай білу. |
|
Сыни пікірін нақты тұжырымдай білу. |
|
Өзіндік көзқарасы мен пікірін негіздей білу. |
|
Ойын қорытып, шешім, ұсыныс, түйінді тұжырым ретінде ұсына алу. |