
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Эссе жазуға дайындық барысында оқуға ұсынылатын көркем әдебиеттер
Эссені жазуда пайдаланылатын әдебиеттер туралы мәлімет
Берілген тақырыпқа қатысты эссе жазу, автор ойын, жеке көзқарасын қамтығанымен, ойлы, пайымды да тұжырымды жазба жұмысын жазарда ойға арқау, негіз, дәйек болатын материалдармен жақсы таныс болу – басты шарт. Бірді-екілі мақала я болмаса бірлі-жарым пікір арқылы толымды ой, түбегейлі идея айту мүмкін емес. Сол себепті де автор әдебиет пәні бағдарламасы негізінде үзіндіні ғана емес, толық шығармамен танысуы, осыған қатысты сыни мақалалар мен оған берілген бағалы пікірлерді білгені абзал.
Еркін тақырыпта (жаратылыстану ғылымдары, ғылым мен техника саласы және т.б.) берілген эссені жазу үшін тақырыпқа қатысты сала туралы дереккөздермен танысуға, оның ерекшелігі мен заңдылықтар жайында ой толғауға тура келеді. Осының бәрінен екшеліп, «ой сүзгісінен» өткен пікір құнды болары сөзсіз. Сол себепті төменде бірқатар дереккөздер сілтемесін ұсынып отырмыз.
Эссе жазуға дайындық барысында оқуға ұсынылатын көркем әдебиеттер тізімі:
1) Қазақ ертегілері;
2) Батырлар жыры және лиро‑эпостық жырлар;
3) Шешендік сөздер. Адамбаев Б. Халық даналығы. –Алматы, 1993 ж.
4) Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр», Қорқыттың нақыл сөздері;
5) «Алып Ер Тұңға» жыры; Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры;
6) Әл Фараби «Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңдері;
7) Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»;
8) Ж. Баласағұн «Құтты білік»;
9) Ақын‑жыраулар поэзиясы. Бес ғасыр жырлайды. – Алматы, 1989; «Жеті ғасыр жырлайды». – Алматы, 1992
10) Айтыс. «Қатаған мен Сүйінбай» айтысы, «Біржан-Сара» айтысы;
11) С. Датұлы, М. Өтемісұлы шығармашылығы;
12) Абай Құнанбайұлы. Өлеңдері мен қара сөздері;
13) Ш. Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»;
14) Ыбырай Алтынсарин әңгімелері;
15) Жамбыл Жабаев өлеңдері мен жырлары;
16) Ш. Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны, «Жастарға» өлеңі;
17) Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдері;
18) М.Жұмабаев шығармашылығы;
20) Ж. Аймауытов шығармалары:
21) М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы;19)
22) С. Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» өлеңдері;
23) С. Сейфуллин өлеңдері
24) І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасы;
25) Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаят;
26) М. Әуезов шығармалары;
27) Ғ. Мүсірепов шығармалары;
28)Ғ. Мұстафин шығармалары;
29) С. Мұқанов «Мөлдір махаббат
30)Б. Момышұлы «Ұшқан ұя» әңгімесі;
31) Қ. Қайсенов «Жау тылындағы бала»;
32) Ә. Нұршайықов “Ақиқат пен аңыз»;
33) Т. Ахтанов шығармалары;
34) С. Мәуленов поэзиясы;
35) Ә. Тәжібаев шығармалары;
36) І. Есенберлин «Елім‑ай» трилогиясы;
37) О. Бөкей шығармалары;
38) М. Мақатаев поэзиясы;
39) Ф. Оңғарсынова өлеңдері;
40) С. Мұратбеков «шығармалары;
41) Қ. Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты;
42) Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты,
43) Т. Әбдіков «Қонақтар», «Әпке» драмасы;
44) Тынымбай Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі;
45) М. Қабанбай «Бауыр» әңгімесі;
46)С. Бегалин «Бала Шоқан»;
47) З. Ақышев «Жаяу Мұса»;
48) Т. Әлімқұлов шығармалары;
49) С. Жүнісов шығармалары;
50) С. Елубаев шығармашылығы;
51) Ә. Кекілбаев шығармалары;
52)А. Мекебаев «Жар жағалаған қыз»;
53) Ә. Тарази «Ауыл шетіндегі үй»;
54) Ә. Қалдыбаев «Мен апамның баласымын»;
55) С. Досанов «Қыран мен жылан»;
55) Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын», «Жесір тағдыры»
56) А. Бақтыгереева өлеңдері;
57) Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі;
58) Т. Айбергенов поэзиясы;
59) М. Мағауин
60) Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі.
61) М. Шаханов поэзиясы;
62) Н. Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы;
63) Қ. Ысқақ шығармалары;
64) Х. Ерғалиев поэзиясы
65) Қ. Мырза Әли шығармалары;
66) С. Сматаев шығармашылығы;
67) Ж. Сахиев «Айдағы жасырынбақ», «Дабыл» фантастикалық әңгімелері;
68) Д. Досжанов шығармалары;
69) С. Сарғасқаев «Тәмпіш қара»;
70) Қ. Сарин өлеңдері;
71) А. Алтай «Прописка» әңгімесі;
72) Е. Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі;
Әлем әдебиеті бойынша мектеп бағдарламасында берілген А.С. Пушкин, Ш. Айтматов, Р. Ғамзатов және т.б.