iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
1-тапсырма
Өрнектің мәнін табыңыз: \(\log_2(0,25\log_2\sqrt[5]{32}).\)
Шешімі.
\(\log_2(0,25\log_2\sqrt[5]{32}) = \log_2\big(0,25\log_2(2^5)^{\frac{1}{5}}\big) = \log_2\big(0,25\log_{2}2^{5\cdot\frac{1}{5}}\big) = \\ = \log_2\big( 0,25\cdot \log_22\big) = \log_2(0,25) = \log_22^{-2} = -2\log_22 = -2.\)
Логарифм қасиеттері қолданылды:
\(1) \ a > 0, a ≠ 1\) болғанда \( \log_a1 = 0 \)
\(2) \ a > 0, a ≠ 1\) болғанда \(log_aa = 1\)
\(3) \ a > 0, a ≠ 1\) және \(p\in R\) болғанда \(log_aa^p = p\)
\(4) \ a > 0, a ≠ 1, bp\) мағынасы бар және \(bp > 0\) болғанда \(log_ab^p=p · \log_a|b| \)
Жауабы: \(–2.\)
Қайталауға арналған материалдар:
11-сынып – Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер – Логарифмдік функция, қасиеттері