
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Жекеше түрде және көпше түрде қолданылатын зат есімдер / Singular and plural nouns
Саналмайтын зат есімдер әдетте тек жекеше түрде ғана келеді. Мысалы: Sugar, iron, love, friendship т.с.с.
Advice (кеңес), information (ақпарат), knowledge (білім) зат есімдері тек қана жекеше түрде келеді.
He gave me some good advice.
I have very little information on this subject.
News зат есімінің мағынасы жекеше түрде, ал формасы көпше түрде беріледі.
What is the news?
-ics – ке бітетін ғылым атаулары жекеше түрде қолданылады, ал формасы көпше түрде беріледі: Phonetic is a branch of linguistics.
Money және hair зат есімдері тек қана жекеше түрінде қолданылады.
Fruit зат есімі жекеше түрінде келеді, алайда жеміс жидектің түрлерін айтатын болсақ fruits деп көпше түрінде беріледі.
Ағылшын тілінде екі бөліктен тұратын зат атаулары тек қана көпше түрінде беріледі. Мысалы: scissors, spectacles, trousers т.с.с.
Мына зат есімдер тек көпше түрінде ғана келеді: goods, contents, clothes, wages т.с.с.
These words have only singular |
These words have only plural |
money |
spectacles |
fruit |
scales |
hair |
trousers |
twilight |
scissors |
advice |
clothes |
knowledge |
wages |
news |
breeches |
sugar |
binoculars |
milk |
pyjamas |
happiness |
pliers |
- Жекеше түрде ғана келетін зат есімді белгіле.
- Жекеше түрінде ғана қолданылатын зат есімді көрсет.
- Көпше түрде ғана келетін зат есімді анықта.
- Тек жекеше түрде келетін зат есімді көрсетіңіз.
- Тек жекеше түрінде берілетін зат есімдерді анықта.
- Тек қана жекеше түрде қолданылатын зат есімді табыңыз.
- Қате берілген сөйлемді көрсет.
- Төмендегі сөйлемді мағынасына қарай тек қана көпше түрінде берілетін зат есіммен толықтырыңыз. These ___ have arrived from China.
- Төмендегі сөйлемді мағынасына қарай тек қана көпше түрде берілетін зат есіммен толықтырыңыз. These ____ are very sharp.
- Тек қана көпше түрде берілетін зат есімді табыңыз.