Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Саналатын және саналмайтын зат есімдер / Countable and uncountable nouns

Конспект

Ағылшын тілінде зат есім жалқы есімдер және жалпы есімдер болып екіге бөлінеді. Сонын ішінде жалпы есімдер саналатын және саналмайтын зат есімдер деп екіге бөлінеді. Саналатын зат есімдерге санауға болатын зат есімдер жатады. Саналатын зат есім жекеше және көпше түрге бөлініп, белгісіздік артикльмен (a, an) анықталады.

a cat - cats a chair - chairs a man - men a banana - bananas a child - children a mouse - mice Саналмайтын зат есімге заттық, дерексіз зат есімдер жатады. Саналмайтын зат есімдер тек жекеше түрде қолданылады. Саналмайтын және көпше түрдегі санауға келетін зат есімдердің алдына some, any белгісіздік есімдіктері қойылады. Some есімдігі болымды сөйлемде санауға келмейтін жекеше түрдегі зат есімдер мен көпше түрдегі санауға келетін зат есімдердің анықтауышы ретінде қолданылады. Any есімдігі болымды және сұраулы сөйлемде қолданылады. Many саналатын зат есімнің алдында қолданылса, much саналмайтын зат есімдердің алдында қолданылмайды. A lot of саналатын және саналмайтын зат есімдердің алдына келеді. (A) little, (a) few белгісіздік есімдіктері зат есімді анықтайды.(a) little сөйлемде саналмайтын зат есімдермен қолданылса, (a) few сөйлемде саналатын көпше түрдегі зат есімдермен қолданылады. Сұраулы сөйлемде (a) little, (a) few қолданылмайды. Олардың орнына мuch және many қолданылады.



Сұрақтар
  1. Cаналмайтын зат есімді табыңыз.
  2. Бос орынды дұрыс есімдікпен толықтырыңыз. I have ___ work to do.
  3. Бос орынға саналмайтын зат есімді қойыңыз. I eat ____ every day. 
  4. Саналатын зат есімді көрсетіңіз.
  5. Саналатын зат есімді көрсетіңіз.
  6. Саналмайтын жекеше түрдегі және көпше түрдегі, саналатын сөздердің алдына келетін есімдікті белгіле.
  7. Саналмайтын зат есімді көрсетіңіз.
  8. Сөйлемдегі саналмайтын зат есімге дұрыс есімдік қойыңыз. There isn’t ___ milk in the bottle.
  9. Сөйлемді саналатын зат есіммен толықтырыңыз. I eat a ____ every day.
  10. Төмендегі сөйлемнің қайсысы қате жазылып тұрғанын көрсетіңіз.
Қате туралы хабарландыру