Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Үстеу/Adverbs: жасалуы, шырайлары, қолданылуы

Конспект

Үстеу – қимыл, іс-әрекеттің жай-күйін, мекенін, мезгілін, мөлшерін, мақсатын тағы басқа белгілерін білдіретін сөз табы. Үстеу how?, where?, when?, why? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы:

He always comes early.

She walked slowly.

Құрамы жағынан үстеу негізгі және туынды болып бөлінеді.

Негізгі үстеудің арнайы жұрнақтары жоқ. Мысалы: Often, very, quick, slow т.с.с.

Туынды үстеу- сын есімнен –ly жұрнағы арқылы жасалынады, мысалы: quickly, slowly, brightly т.с.с.

Үстеу мағынасына қарай 6 топқа бөлінеді.

  • Мекен үстеу (here, there, where, inside, outside т.б)

  • Мезгіл үстеу (late, early, today, tomorrow, now т.б )

  • Мөлшер үстеу (very, nearly, much, little, quite т.б)

  • Қимыл-сын үстеу (well, badly, quickly, slowly, hard т.б)

  • Қайталау үстеу (twice, often, never, always, once, usually т.б)

  • Сенімділік үстеу (certainly, surely, definitely, clearly т.б)

Үстеудің сын есім сияқты 3 шырай категориясы бар.

- Жай шырай

- Салыстырмалы шырай

- Күшейтпелі шырай

Үстеулердің салыстырмалы шырайы –er жұрнағы арқылы, ал күшейтпелі шырайлары - est жұрнағы арқылы жасалынады.

Fast – faster – fastest

Early- earlier - earliest

Үстеулер шырайларының – ly жұрнағы арқылы жасалған үстеулер алдына more және most сөздерін қолдану арқылы жасалынады.

Bravely – more bravely- most bravely

Correctly - more correctly – most correctly

Late, hard, soon, fast, near үстеулері шырай категорияларын өздеріне ұқсас сын есімдердің формаларын жасау амалдарына сәйкес келеді.

Near –nearer –nearest

Ерекше жасалынатын үстеулер:

Well – better –the best

Badly –worse –the worst

Little – less—the least

Much-more-the most

Far-farther-the farthest

Cөйлемде үстеу пысықтауыштың қызметін атқарады. Сын есімді анықтайтын үстеулер сөздің алдына келеді.



Сұрақтар
  1. Well үстеуінің күшейтпелі шырайын көрсетіңіз.
  2. Ағылшын тілінде мағынасына қарай үстеу нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.
  3. Мезгіл үстеуді табыңыз.
  4. Сөйлемнің мағынасына қарай дұрыс үстеуді қойңыз. You are .... right.
  5. Төмендегі асты сызылған сөз қай сөз табына жатады. He reads very little.
  6. Төмендегі сөйлемді дұрыс үстеумен толықтырыңыз. She was smiling ...
  7. Төмендегі сөйлемді үстеудің шырайын қою арқылы толықтырыңыз. She can run ... than me.
  8. Қимыл-сын үстеуді көрсетіңіз.
  9. Үстеуді табыңыз.
  10. Үстеудің шырайын таңдаңыз. Can you speak more ... please?
Қате туралы хабарландыру