
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Сын есімнің шырайлары/ Degrees of Comparison: жасалуы, ерекшеліктері, “ as….as” конструкциясының қолданылуы
Заттың түр-түсін, сапасын, сипатын, салмағын, көлемін, дәмін, иісін білдіретін сөз табын сын есім деп атаймыз.
Ағылшын тілінде сын есім шырайының үш түрі бар:
1. Жай шырай
2. Салыстырмалы шырай
3. Күшейтпелі шырай
Жай шырай қарапайым формадағы сын есімді білдіреді. Жай шырайға қосымша жалғанбайды. Мысалы: long, green, hard etc.
Салыстырмалы шырай заттың сыны мен сапасының артық-кемдігін бір-бірімен салыстыру арқылы анықтайтын шырай түрі. Жасалу жолы негізгі бір буынды сын есімге –er жұрнағы жалғау арқылы, көп буынды сын есімге more сөзін қолданады. Өзіне тән ерекшелігі -than сөзін пайдаланады.
Мысалы: long – longer. Mike is longer than Tom.
Күшейтпелі шырай заттың сынын не асыра, не төмендетіп көрсетеді. Жасалу жолы бір буынды немесе кейбір қос буынды сын есімдірге – est жұрнағын жалғау арқылы жасалады. Көп буынды сын есімдердің алдына most пайдаланылады. Күшейтпелі шырайлар алдына белгілік артикль “the” қолданылады. Мысалы: beautiful –more beautiful – the most beautiful.
Екі затты салыстырғанда as….as шылауы қолданылады, жай шырай сын есімдері as….as жалғаулықты шылаудың арасында айтылады. Мысалы: This girl is as beautiful as that.
Шырайы ерекше жасалынатын сын есімдер:
good – better – the best
bad – worse- the worst
many – more – the most
little – less – the least
- Bad сын есімінің күшейтпелі шырайын анықтаңыз.
- Bad сын есімінің салыстырмалы шырайын анықтаңыз.
- Good сын есімінің күшейтпелі шырайын анықтаңыз.
- Good сын есімінің салыстырмалы шырайын анықтаңыз.
-
Күшейтпелі шырайдағы сын есімді таңдаңыз.
- Күшейтпелі шырайдағы сын есімді таңдаңыз. She is … in the world.
- Сәйкес келетін салыстырмалы шырайды таңдаңыз. Peter is … than this one.
- Сәйкес келетін салыстырмалы шырайды таңдаңыз. This man is … than I.
- Сөйлемге дұрас сын есім шырайын қойыңыз. This film is as … as that one.
- Төмендегі сөйлемдегі сын есім шырайын анықтаңыз. The machine is getting old and cannot run … it did.