
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Мақал - мәтелдер /Proverbs
Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзiмен бiрге жасалып, екшелiп, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетiнiң бай саласының бiрi – мақал-мәтелдер.
Мақал мен мәтел – халықтың ғасырлар бойы іс-тәжірибесінен, өмір тануынан қорытылып, ереже түрінде тұжырымдалған аталы сөзі, ой түйіні. Мақал - мәтелдер бірнеше ғасырлар бойында жиналып, құрамындағы сөздердің орны әбден қалыптасып тұрақтанған.
Кез келген халықтың даналығы мен рухы сол халықтың мақал-мәтелдерiнде анық көрiнiс беретiнi ертеден мәлiм.
Ағылшын тiліндегi мақал-мәтелдердегi немесе нақыл сөздердегi мағыналық реңктiң ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ұғыну ағылшын тiлiн үйренуге елеулi көмек көрсетедi.
Better be born lucky than rich – Таудай талап бергенше бармақтай бақ бер.
Blind men can judge no colours – Соқыр тауыққа бәрі бидай.
Many men many minds – Қанша адам болса, сонша пікір бар.
First think, then speak – Ойланбай сөйлеген ауырмай өледі.
There is reason in all things – Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды.
- Мақалды толықтырыңыз. A good … makes a good ending.
- Мақалды толықтырыңыз. Lost … is never found again.
- Мақалды толықтырыңыз. Live and ....
- Мақалдың баламасын табыңыз. Таяқтың екі ұшы бар.
- Төмендегі мақал - мәтелдің баламасын табыңыз. Knowledge is power.
- Төмендегі мақалдың ағылшынша баламасын табыңыз. Досыңды қиналғанда бір сына, Қуанғанда бір сына.
- Төмендегі мақалдың ағылшынша баламасын табыңыз. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
- Төмендегі мақалдың ағылшынша баламасын табыңыз. Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа.
- Төмендегі мақалдың қазақша баламасын табыңыз. Better an open enemy than a false friend.
- Төмендегі мақалдың қазақша баламасын табыңыз. Good health is above wealth.