Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Модаль етістіктер. Tүрлері, мағыналары /Modal Verbs

Конспект

Модаль етістіктердің өзіне тән ерекшеліктері бар. Модаль етістіктер іс-әрекеттің жасалу мүмкіндігі мен қажеттілігін білдіретін етістіктердің ерекше тобы:

  • Олар жақтарға өзгермейді.
  • Сұраулы және болымсыз сөйлем жасағанда, басқа көмекші етістікті қажет етпейді.
  • Сөйлемде ешбір көмекші етістіксіз бірден бастауыштан кейін қолданылады.
  • Ought модал етістігінен басқа барлық модалдық етістіктер to демеулігінсіз келеді.
  • Модаль етістіктер есімше, тұйық етістік, герундий тұлғаларында болмайды.

Сan (Could) етістігі іс- әрекетті орындау мүмкіндігі не қабілетін білдіру үшін қолданылады.

Can етістігі ауызекі тілде іс-әрекеттің рұқсат етілуін де білдіреді.

Сould – can модалды етістігінің өткен шақ формасы.

May – модалды етістігі әлде бір іс -әрекеттің рұқсат етілуін және болжамды білдіреді.

Might – may модалды етістігінің өткен шақ формасы. Іс-әрекеттің өткен уақытта болған мүмкіндігін білдіреді.

Must – етістігі белгілі бір іс-әрекеттің міндеттілігін білдіреді.

Ought to, Need – етістіктері істелген істің қажеттілігін, мүмкіндігін білдіреді.



Сұрақтар
  1. Модаль етістікті  қойыңыз.          … you like a cup of coffee?
  2. Модаль етістікті  қойыңыз. I …  do it now.
  3. Модаль етістіктің дұрыс нұсқасын табыңыз.  You have just had lunch. You  … be hungry.
  4. Модаль етістіктің дұрыс нұсқасын табыңыз.  You … respect old people.
  5. Модаль етістіктің дұрыс нұсқасын табыңыз. He is terribly fat. He ... eat too much.
  6. Модаль етістіктің дұрыс нұсқасын табыңыз:  Where … go yesterday?
  7. Модаль етістіктің дұрыс нұсқасын табыңыз: I didn’t … to get up early, so I didn’t.
  8. Модаль етістіктің дұрыс нұсқасын табыңыз: My grandfather … speak six languages many years ago.
  9. Модаль етістіктің дұрыс нұсқасын табыңыз: Where is Nick? He ... be in his office.
  10. Модаль етістіктің дұрыс нұсқасын табыңыз: … I help you?
Қате туралы хабарландыру