
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Есімше / Participle I, Participle II
Конспект
Есімше (көсемше) – етістік пен сын есімнің өзіндік ерекшеліктерін үйлестіретін етістіктің жақсыз түрі.
Ағылшын тілінде есімшенің екі түрі бар: Participle I, Participle II.
1. Participle I (осы шақ есімше) тұлғасындағы етістіктер тұйық етістікке –ing жалғауын жалғау арқылы жасалады.
2. Participle II (өткен шақ есімше) зат есімнің белгілі бір қимылға қатысты белгісін білдіреді. Participle II түрі әртүрлі жолмен жасалады көбінесе негізгі етістікке -en,-n жалғауын жалғау арқылы және түбір дауыстының мүлдем өзгеруі арқылы жасалады. Ал дұрыс етістіктер негізгі етістікке -d, -ed жалғауын жалғау арқылы жасалады.
Есімше сөйлемде анықтауыш, баяндауыш, пысықтауыш және толықтауыштың қызметін атқарады.
Сұрақтар
- Participle II бар сөйлемді анықтаңыз.
- Сөздің түрін анықтаңыз. Gone.
- Төмендегі мысалдың грамматикалық формасы. Closed.
- Төмендегі сөйлемдегі есімшенің қызметі. A broken cup was on the table.
- Төмендегі сөйлемдегі есімшенің қызметі. A playing boy was seen in the street.
- Төмендегі сөйлемді есімшемен толықтырыңыз. A new road … the plant with the railway station will soon be built.
- Төмендегі сөйлемді есімшемен толықтырыңыз. That night … up to his room he thought of his unpleasant duty.
- “do” етістігінің Participle I формасын көрсетіңіз.
- “give” етістігінің Participle II формасын көрсетіңіз.
- “make” етістігінен Participle II Формасын жасаңыз.
Қате туралы хабарландыру