iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Ұлыбритания / Great Britain
Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі-Еуропаның Солтүстік батысында Британ аралдарында Ирландия аралының Солтүстік-Шығыс бөлігімен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Астанасы-Лондон. Халқының 80% жуығы ағылшындар. Ұлыбританияда халықтың 89,45% қалада тұрады.Ұлыбритания 4 бөліктен тұрады.1.Англия орталығы Лондон. 2.Уэльс-орталығы Кардифф. 3.Шотландия-орталығы Эдинбург.4.Солтүстік Ирландия-орталығы Белфаст.
Ұлыбритания унитарлық мемлекет-парламенттік монархия болып табылады.Елдің жеке Конститутциясы жоқ.Ұлыбритания заңдары көп ғасырлық Конститутция, дәстүрлер мен Жоғарғы сот органдарының шешімдеріне негізделген. Мемлекет басшысы-Монарх,Сот жүйесінің басшысы - Жоғарғы бас қолбасшы болып табылады. Қазіргі патшайымы Элизаветта ІІ-1952 жылдан бері.
Жоғарғы заң шығарушы органы – 2 палатадан тұратын парламент. Парламент құрамына патшайым да кіреді. Ресми тілі-ағылшын тілі. Ақша бірлігі-фунт стерлинг.Ұлттық мерекесі – Патшайымның туған күні. Ұлыбританияны Атлант мұхитының Солтүстік және Ирландия теңіздері Ла-Манш, Па-Де-Кале, Солтүстік және Қасиетті Георг бұғаздары қоршап жатыр. Елдің ең биік нүктесі – Бен – Невис тауы. (1343м) Қысы өте ылғалды және қалыптағыдан тыс жұмсақ, жазы салқын. Ұлыбритания су ресурстарына бай. Елдің бүкіл аумағында мол сулы өлкелер қалыптасқан.Олардың ең ірілері-Северн және Темза. Темза өзенінің Ұлыбритания экономикасында маңызы зор. Үлкен Лондон да осында орналасқан, Халықтың 1\5 бөлігі осында тұрады.Оларда ірі теңіз порттары мен өнеркәсіп тораптары орналасқан.1066жылы Британияның ұсақ корольдіктерін нормандық қолбасшы Вильгельм басып алып бір тұтас мемлекетке біріктірді. Ұлыбритания жоғары дамыған өнеркәсіпті ел. Лондон қаласы – дүниежүзілік қаржы орталығы болып саналады. Лондон – Темза өзенінде орналасқан. Мұнда көптеген көрнекті жерлерді көре аласыз. Трафалгар алаңында Нелсон Колумн монументі орналасқан, Бекингем сарайы, Ұлыбританиядағы ежелгі монумент Стоуненж, Британиядағы атақты сағат Биг Бен т.с.с. Сонымен қатар бұл жерден бірнеше атақты жазушылар шыққан. Уиллиям Шекспир, детективті әңгімелер жазатын ағылшын жазушысы Агата Кристи, Артур Конан Дойл, Даниел Дефо, Вильям Сомерсет Моем,Жонатан Суифт т.с.с.
Лондонның ескі бөлігі Сити деп аталады. Мұндағы ескі университет Оксфорд. Негізгі екі саяси партиясы бар. Олар Либералды және Консервативтік партиялар. Мәдениетіне келсек, Лондонда У. Шекспирдің шығармаларын қоятын атақты Глоуб театры орналасқан. Британияның үкімет басшысы – ханшайым, оның резиденциясы –Бекингем Сарайы. Британияның жалауы Юнион Джәк деп теңізші атымен аталады. Лондон жерасты жолын Тюб деп атайды. Лондонда корольдық Опера үйі Ковент Гаден делінеді. Ағылшындар шай ішкенді ұнатады және ағылшынша сөйлейтін елдерде күнортасы тағамын ланч дейді.Олар ақпан айында Валентина күнін және Жаңа жылда Кристмас мерекесін тойлайды. Поунд – британияның ақша бірлігі. Бұл елде көптеген жеке-меншік мектептер және ақылы мектептер бар.
- Дұрыс нұсқасын тап. Nelson’s Column is situated in … in London
- Дұрыс нұсқасын қой Great Britain is consists of… parts
- Дұрыс нұсқасын қой The capital of Great Britain is…
-
Дұрыс нұсқасын қой . The Queen came to the throne in…
- Дұрыс нұсқасын қойыңыз. Cambridge is a small…
- Сөйлемді аяқтаңыз: The famous pop-group “The Beatles”came from…
- Сөйлемді толықтыр Zig is an enormous …
- Сөйлемді толықтыр Westminster Abbey was founded …
- Сөйлемді толықтыр. The Union Jack is the…
- Сөйлемді толықтыр Edinburgh is the capital of…