Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

АҚШ / The USA

Конспект

Америка Құрама Штаттары – Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей Солтүстік Америкада, Шығысында Aтлант мұхитымен ,батысындa Тынық мұхитымен шайылады. Солтүстікте Канадамен, Оңтүстікте Мехсикамен шектеседі.

АҚШ – Солтүстік Америкадағы мемелекет, Федеративтік республика. Aстанасы – Вашингтон. Ірі қалалары – Нью-Иорк,Чикаго,Лос-Анджелeс, Сан-Франциско, Филадельфия т.б .

Мемлекеттік тілі-ағылшын тілі.

Үкімет пен мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы органы-палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент.

АҚШ үкіметі үш тармаққа бөлінеді.

1.Заң шығарушы: АҚШ парламенті негізінде жұмыс істейтін екі палатадан Сенаттан және Өкілдер палатасынан тұрады.

2.Атқарушы: АҚШ Призиденті – мемлекет басшысы, қолбасшы.

3.Сот: Жоғарғы Соты және федералдық соттар. АҚШ-та екі партия бар: Демократиялық және республикалық партиялар. Америкадағы Уәкілдер үйінің 435 мүшесі әрбір екі жылда сайланады. Америка 50 штаттан тұратын федеративті республика, әр штаттың өз үкіметі бар.

АҚШ-тағы ең биік тау Аляска түбегіндегі – Мак-Кинли (6193м) Жер қойнауы кен байлықтары минералды шикізатқа өте бай. Ең ірі өзендері: Миссисипи, Миссури. Колорода, Колумбия, Юкон, Рио-Гранда.Көпшілігі Атлант және Тынық мұхиты алабына жатады. Ниагара – АҚШ -тағы ең әдемі сарқырама.

Қазіргі АҚШ жерінде ежелде үнділер өмір сүрді.

Джәк Лондон, Роберт Фрост, Джон Геед,Тедор Драйзер – америка жазушылары мен ақындары. Америка жалауының түсі қызыл, ақ, қара-көк. Бейзбол – американың ұлттық ойыны. Оларда Халлоуин, Рахмет күні т.с.с. мейрамдары тойланады.

1776 жылы 4-шілдеде Тәуелсіздік декларациясы қабылданды,онда АҚШ-тың құрылғандығы жарияланды.13 ағылшын отары бірігіп дербес мемлекетке айналды.1783 жылы бітім шарты бойынша Англия АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындады.1787ж АҚШ Конституциясы қабылданып, елдің бірінші президенті болып Джордж Вашингтон сайланды.

АҚШ өнеркәсібі – бүкіл экономикасының жетекші саласы. Мұнай мен газ маңызды орын алады, сондай-ақ ауыр және жеңіл өнеркәсіп дамыған.



Сұрақтар
  1. The anthem of  the USA …
  2. The national bird of the USA is…
  3. The USA has the main … parties.
  4. Дұрыс нұсқасын тап. The capital of the USA is…
  5. Дұрыс нұсқасын қой. Американың ірі қаласы.
  6. Дұрыс нұсқасын қойыңыз. Christopher Columbus discovered ….
  7. Сөйлемді толықтыр The USA flag consists of… stripes
  8. Сөйлемді толықтыр. Mc Kinley is the tallest … in the country
  9. Сөйлемді толықтыр. The  United  States is a … of fifty states.
  10. Сөйлемді толықтыр: The first President of the America is …
Қате туралы хабарландыру