Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Белгісіздік артиклі / Indefinite Article. Ерекшеліктері және қолданылуы

Конспект

Артикльдер зат есімнің алдына қойылатын қызметші сөздер, олар затқа қосымша сипаттама береді.

Ағылшын тілінде артикльдің екі түрі бар.

Олар : 1. Белгісіздік артиклі: a / an/. Бұл артикльдер тек саналатын зат есімнің алдында қолданылады. Мысалы: а desk, a map, a computer, a man, a bag etc.

Белгісіздік артиклі сөйлемде бір деген мағынаны береді және зат есімнің жекеше түрімен қолданылады. Мысалы: She is a student (жекеше). – Ол студент. Зат есімнің көпше түрінде артикль қолданылмайды.

Мысалы: We are students. Біз студенттерміз.

Белгісіздік артиклі қолданылмайды:

А) саналмайтын және абстрактілі зат есімдерге :

I like coffee and tea. Friendship is very important in our life.

В) зат есімнің көпше түріне :

They are pupils. We are doctors. There are many desks and chairs in our classroom.

С) адам аттарының алдында

Д) зат есімнің алдында өздік есімдігі және сілтеу есімдігі келсе :

This car is better than that. The bike is old.

Е)зат есіммен қатар есептік сан есім келген кезде :

Read the text on page eight.

“A’ артиклі мынадай конструкцияларда қолданылады.

I have a …, This is a …, I am a …, What a fine day! What a good boy!

Белгісіздік артиклі өзінен кейін келген зат есім дауысты дыбыстан басталса, “An” болып қолданылады. Eg: an actor, an elephant, an orange, an ox etc.



Сұрақтар
  1. Артикльді дұрыс қолданыңыз.
  2. Артикльмен айтылатын тіркесті белгіле.  
  3. Артиклі бар сөйлем.
  4. Мақалды толықтырыңыз.      … home is his castle.
  5. Сөйлемді артикльдермен толықтыр. I think … sandy beach is … good place for … holiday.
  6. Сөйлемді артикльмен толықтыр. Cambridge is …. ancient city.
  7. Сөйлемді белгісіздік артиклімен толықтырыңыз. Do you want to see … new film?
  8. Сөйлемді дұрыс аудар.         I bought a kilo of sugar.
  9. Сөйлемді толықтыр. Buckingham Palace is like ...
  10. Сөйлемді толықтыр. “ Alice in Wonderland” is …
  11. Тиісті артикльді қойыңыз. Zig is … enormous city as big as London.
  12. Тиісті сөзге „a„ артиклін қой.
  13. Қай сөз “ an” белгісіздік артиклімен келетінін көрсет. 
  14. “an” артиклі қай сөзге қойылатынын көрсет.
  15. Сөйлемді дұрыс аудар. Winter is very wonderful season.
Қате туралы хабарландыру