
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Белгілілік артиклі / Definite article: ерекшелігі, қолданылуы
Бұл артикльдің түріне “the” артиклі жатады. Ол айтылып тұрған заттың тыңдаушыға нақты, белгілі екенін көрсетеді. Белгілілік артиклі зат есімнің жекеше түрінің және көпше түрінің алдында қолданылады.This, that cілтеу есімдігінен пайда болған белгілілік артиклі егер де зат есімнің алдында сын есімнің күшейтпелі шырайы тұрса the қойылады. Мысалы: This is the most interesting book.
Зат есімнің алдында басқа анықтауыш тұрса және of предлогымен келсе the қолданылады. Ex: I don’t know the name of this pupil.
Сонымен қатар музыкалық аспаптармен қолданылады және бірнеше сөз тіркестеріне де қолданылады. Мысалы: I can’t play the piano but I can play the dombra.
In the noth, to the west, at the cinema, the same, in the country, the rest of the ...etc.
Жер, су атауларының алдында, мемлекет, the USA, the UK, ел, шөл дала, тау, көл, сарқырама, дүниенің төрт бұрышын атағанда the Noth, the South, the West, the East тағы сол сияқты географиялық атауларға қолданылады.
Белгілілік артиклі реттік сан есімдермен: the third, the second, the first.
Газет, журнал және кеме, қонақүйлер атауларымен: I read the Pravda.
Мекен пысықтауыш алдында: In the street. Құжаттар атауларымен: the Constitution.
Белгілілік артиклі тұрақты сөз тіркес қатарына жатады: in the morning, in the plural, in the past, by the way, to play the guitar, to tell the time, to tell the truth, to go to the cinema, What is the time? etc.
Өз тұрғысынан жалғыз затты білдіретін зат есіммен: The Moon moves round the Earth.
- Артикльді дұрыс таңдаңыз. … book is mine.
- Артикльді дұрыс таңдаңыз. … girls are playing tennis in … playground.
- Артикльді дұрыс таңдаңыз. The plant is behind … door.
- Артикльдің дұрыс нұсқасын қойыңыз. ... sun will stop shining, rain may come.
- Белгілілік артиклін көрсет.
- Берілген сөздердің тиістісімен сөйлемді толықтыр. I think ... is too long.
- Мына сөзге “the” артиклі қойылмайды.
- Сөйлемді артикльмен толықтыр. ... Talgar peak is … highest peak.
- Сөйлемді артикльмен толықтыр. … Caspian Sea is ….. home of oil reserves.
- Сөйлемді дұрыс аудар. Тұзды әпере салшы.
- Тиісті артикльді қойыңыз. I want to visit … USA.
- Қaжетті артикльді қойыңыз. … tea is very hot, I must put some milk in it.
- Қажетті артикльді көрсетіңіз. They reached ... Pacific Ocean by means of ... Panama Canal.
- Қай сөзге “the” артиклі қойылатынын белгіле.
- “Тhe” артиклін қойыңыз.