
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Логикалық есептер
-
Алмас бір сан ойлады. Оны 11 есе арттырып, шыққан санға 2 164-ті қосқанда 13-тің кубы шықты. Алмастың ойлаған санын тап
-
Жұп санды үшке бөлгенде қандай қалдық қалуы мүмкін?
-
Қонақ үйдің үш бөлмесіне 12 адам орналасты. Бірінші бөлмедегі адам саны екіншіге қарағанда 1-ге кем, ал үшіншіде екіншіге қарағанда 1-ге артық. Әр бөлмеге неше адамнан орналасқан?
-
Сыныптан 24 бала шығып кеткен соң, сыныпта шығып кеткендердің жартысын құрайтын бала қалды. Сыныпта барлығы қанша бала болған?
-
Ойлаған санға бірді қостым, қосындыны екіге көбейттім. Көбейтіндіні төртке бөлдім. Бөліндіден үшті азайттым. Бір шықты. Қандай сан ойладым?
-
Торт сегіз тілімге бөлінген. Жанар 3 тілімін жеп қойды. Раушан қалғанын 600 теңгеге сатып алды. Торт қанша теңге тұрады?
-
Есеннен «жасың нешеде?» деп сұрағанда ол былай деп жауап берді: «Егер 3-тен бастап бір сан қалдыра отырып, 4 сан санасаңыз, соңғы санды 3-ке бөліп, 6-ны қосыңыз, менің нешеде екенімді білесіз»-деп жауап берді. Есеннің жасы нешеде?
-
Дүкенде 5 түрлі кесе мен 3 түрлі тәрелке бар. Дүкеннен 1 кесе, 1 тәрелкеден неше әдіспен сатып алуға болады?
-
Тәрелкедегі кәмпиттерді үш бала бөліске салып жатты. Ермек: «Әрқайсымыз 6 кәмпиттен алсақ, тәрелкеде екеуі қалып қояды, ал егер 7-ден алсақ бір кәмпит жетпей қалады»,– деді. Тәрелкеде қанша кәмпит бар?
-
Екі жас коллекционердің әрқайсысында 20 маркадан және 10 значоктан бар. Бір маркаға бір марка, бір значокқа бір значок беруді олар шынайы айырбас деп атайды. Онда екі коллекционер бір-бірімен неше тәсілмен шынайы айырбас жасай алады?
-
Глобуста 18 параллель және 24 меридиан сызылған. Глобустың беті неше бөлікке бөлінген?
-
Ғажайып елде А, Б, В деген 3 қала бар. А қаласынан Б қаласына 6 жол, ал Б қаласынан В қаласына 4 жол апарады. А қаласынан В қаласына неше тәсілмен жетуге болады?
-
Бір жәшік алманың салмағы 22 кг. Жарты жәшік алма сатылған соң, жәшікті өлшесе 12 кг көрсетіп тұр. Бос жәшіктің салмағы неше килограмм болғаны?
-
Кірпілер алмаға таласып жатыр. Оларға көмектесуге тиін келді. Тиін әр кірпіге бір алмадан берсе, бір алма артылып қалады. Ал әр кірпіге екі алмадан берсе, екі алма жетпей қалады. Неше кірпі бар? Неше алма бар?
-
Мектеп асханасына 300 кг жемістер әкелінді. Алма мен алмұрт 230 кг, алма мен апельсин 200 кг. Мектеп асханасына әрқайсысынан неше килограмнан жеміс әкелінді?
-
20-ның жартысының жартысы мен 80-нің ширегінің ширегін салыстыр.
-
Дәптердің тысы 4 теңге тұрады, ал дәптер 16 теңге тұрады. Аружан 56 теңгеге дәптерлер мен одан үш есе көп дәптердің тыстарын сатып алды. Дәптер нешеу және дәптердің тысы нешеу екенін тап.
-
Саудагер 7 600 теңгеге 38 метр мата сатып алды. Алған матасының екіден бір бөлігін ол тез арада 5 700 теңгеге сатты. Саудагер 1 метр матадан қанша пайда түсірді?
-
Мадина Асқардан «Сенің жасың нешеде?» деп сұрады. Асқар: «Егер менің жасымды 3 есе көбейтіп, сосын 16-ға азайтсаң, менің жасым 17-де болар еді», – деп жауап берді. Асқардың жасы қаншада екен?
-
Қозылар мен үйректердің бәрін қосқанда 5 бас пен 14 аяқ бар. Сонда неше қозы, неше үйрек болғаны?
-
Салтанаттан «Сендердің сыныптарында неше озат оқушы бар?» – деп сұрағанда, ол былай деп жауап берді: – Егер ең үлкен үш таңбалы саннан ең үлкен екі таңбалы санды шегерсе және нәтижені ең кіші үш таңбалы санға бөлсе, сонда озат оқушылардың саны шығады. Сыныпта неше озат оқушы бар?