Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Периметр. Аудан. Көлем



Сұрақтар
  1. Бөлменің ұзындығы 4 м, ені 3 м, биіктігі 3 м. Бөлме қабырғаларының периметрін, ауданын, көлемін тап

  2. Тіктөртбұрыштың ені 8 см, ұзындығы 10 см. Тіктөртбұрыштың периметрі қанша сантиметрге тең?

  3. Шеңбердің диаметрі 242 мм болса, оның радиусы нешеге тең болады?

  4. Тіктөртбұрыш пішінді спорт залдың ауданы 330 м², ені 15 м екені белгілі болса, оның ұзындығы қанша болады? Спорт залдың периметрін тап.

  5. Тік төртбұрыштың ұзындығы 16 см. Бұл оның енінен 2 есе ұзын. Тік төртбұрыштың ауданын тап

  6. Тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемі 920 см\(^3\). Оның бір қыры 23 см. Егер оның қалған екі қыры тең болса, онда олар нешеге тең?

  7. Ауданы 108 см\(^2\), ені 9 см болатын тіктөртбұрыштың ұзындығы нешеге тең?

  8. Ұзындығы 6дм, ені 5 дм, биіктігі 8 дм болатын тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемін есепте

  9. Ұзындығы 64 метрге, ал ауданы 3 328 м\(^2\) тең тік төртбұрыш пішінді бақшаның қоршауы неше метрге тең?

  10. Үшбұрыштың қабырғалары 4 см, 30 мм, 20 мм. Үшбұрыштың периметрін тап

  11. Қабырғасы 8 см шаршының ауданы мен периметрін тап

  12. Үшбұрыштың екі қабырғасы бірдей әрқайсысы 5 см. Периметрі 13 см болса, үшбұрыштың үшінші қабырғасы нешеге тең?

  13. Ұзындығы 9 м, ені 5 м, биіктігі 2 м болатын тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемін есепте

  14. Ұзындығы 35 м, ені 15 м, тереңдігі 3 м бассейннің көлемін тап

  15. Жәшіктің ұзындығы 16 дм, ені 12 дм, биіктігі 10 дм. Жәшіктің көлемін тап

  16. Фигураның ауданын тап

  17. Параллелепипедтің табанының ауданы 68 см\(^2\). Егер оның биіктігі 9 см болса,  параллелепипедтің көлемін тап

  18. Шаршының қабырғасы 18 см. Оның ауданын тап

  19. Текше тәріздес бөлменің көлемі 216 см\(^3\). Қырларын тап

  20. Текше тәріздес бөлменің көлемі 216 см\(^3\). Қырларын тап

  21. Текшелердің көлемін тап:   а) 7см  ә) 6см  б) 4см

  22. Ұзындығы 9см, ені одан 2 см кем тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрі нешеге тең?

  23. Қабырғасының ұзындығы 9 м шаршы пішіндес бөлменің ауданы мен периметрін тап

  24. Үшбұрыштың периметрі 32 см-ге тең. Бір қабырғасының ұзындығы – 9 см, ал екіншісі – 11 см. Үшінші қабырғасының ұзындығы

  25. Диаметрі 12 м болатын цирк аренасының радиусы нешеге тең?

  26. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 42 см, ені 13 см. Тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін есепте.

  27. Текшелердің көлемін есепте: а) 3 см; ә) 6 см

  28. Шаршының қабырғасы 22 см. Оның периметрін тап.

  29. Тіктөртбұрыш тәріздес бөлменің ұзындығы 6 м. Ал ені ұзындығының жартысына тең. Биіктігі 2 м. Бөлменің көлемін тап.

  30. Шаршының периметрі 900 см. Оның қабырғасын тап.

  31. Текше тәріздес аквариумның көлемі 125 см\(^3\). Қырларын тап.

  32. Тік төртбұрыштың ұзындығы 24 см. Бұл оның енінен 3 есе ұзын. Тік төртбұрыштың ауданын тап.

  33. Тіктөртбұрышты параллелепипедтің ені 16 см. Оның ұзындығы енінен 3 см ұзын, ал биіктігі ұзындығына тең. Көлемін тап.

  34. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 48 мм, ал ені одан 28  мм қысқа. Тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін тап:

  35. Ұзындығы 6 м, ені 5 м, биіктігі 2 м болатын хауыздың көлемін тап

  36. Ұзындығы 12 дм, ені одан 2 есе кем тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрі  нешеге тең?

  37. Үшбұрыштың периметрі 45 см. Бірінші қабырғасы 9 см, екінші қабырғасы бірінші қабырғасынан 4 см ұзын. Үшбұрыштың үшінші қабырғасын тап.

  38. Ауданы 96 м\(^2\), ені 6 м болатын тіктөртбұрышты бақшаны қоршау үшін неше метр сым керек?

  39. Радиусы 4 см болатын шеңбердің диаметріне тең болатын шаршының ауданы?

  40. Шаршы пішіндес бақшаның ұзындығы 12 м. Оның ауданын тап.

  41. Шеңбер дегеніміз не?

  42. Көлемі – 4 495 м\(^3\), биіктігі – 5 м, ені 29 м параллелепипедтің ұзындығын тап.

  43. Диаметр дегеніміз не?

  44. Ұзындығы 9 дм, ені одан 2 см кем тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрі нешеге тең?

Қате туралы хабарландыру