
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Есептер
-
Көрші жатқан екі ауылдан екі велосипедші бір-біріне қарама-қарсы бағытта шықты. Біріншісі 22 \(\frac{км}{сағ}\) жылдамдықпен, екіншісі 18 \(\frac{км}{сағ}\) жылдамдықпен жүрді. Олар екі сағаттан кейін кездесті. Екі ауылдың арақашықтығы неше км?
-
Қозғалыстағы дене Жылдамдық Уақыт Қашықтық Шаңғышы ?\(\frac{км}{сағ}\) 2 сағ 24 км Салт атты 15\(\frac{км}{сағ}\) 2 сағ ? км
-
Әр гектардан 270 центнерден картоп жиналды. Бақшаның ауданы 3 га. Бүкіл өнімнің массасы қандай?
-
Бір орамда 25 м, ал екіншісінде 49 м бірдей мата бар. Екінші орамның құны біріншіден 1 440 теңге артық. Әр орамға қанша теңге ақша төленген?
-
Есепте: 326 · (672 + 448) : (800 713 – 800 633)
-
Гүлнар дүкеннен 75 теңгелік 6 қалың дәптер сатып алғаннан кейін, тағы да 10 дәптер сатып алуға жеткілікті ақша қалды. Гүлнарда бастапқыда неше теңге болды?
-
Арақашықтығы 525 км екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі жеңіл көлік жолға шықты. Біріншісінің жылдамдығы 85 \(\frac{км}{сағ}\) . Егер екеуі 3 сағаттан кейін кейін кездескен болса, онда екіншісінің жылдамдығын тап
-
Айдос ағай бағалары бірдей 17 баскетбол добын және 24 футбол добын сатып алды. Егер футбол добына 10 500 теңге артық төлесе, онда Айдос ағай әр допқа неше теңге төлеген?
-
Бір елді мекеннен екі жолаушы бір бағытта жолға шықты. Бірінші жолаушы 70\(\frac{м}{мин}\) жылдамдықпен жүрді, екінші жолаушы тезірек жүріп, 10 минуттан кейін одан 600 м алға озып кетті. Екінші жолаушы қандай жылдамдықпен жүрді?
-
Екі ауылдан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы шыққан екі салт атты 3 сағаттан кейін кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 12 \(\frac{км}{сағ}\), ал екіншісінікі \(\frac{км}{сағ}\). Екі ауылдың арақашықтығын тап
-
Әр гектардан 36 центнерден бидай жиналды. Аудандары мынандай үш алқаптан неше килограмм бидай жиналды?
1-алқап – 400 га 2-алқап – 800 га 3-алқап – 1000 га
-
Өрнектің мәнін тап: 105 кг 36 г – 97 кг 25 г; 3 т 256 кг + 1 т 34 кг
-
Қораптың ұзындығы 15 см, ені 12 см, биіктігі 14 см. Көлемін тап
-
Үш орамда 860 м сым темір бар. Бірінші орамда 340 м, екінші орамда 390 м. Үшінші орамда неше метр сым бар?
-
1 га жерге тұқым себу үшін 320 кг тұқым қажет. Аудандары мынандай үш алқапқа себу үшін қанша тұқым қажет?
1 – алқап – 500 га 2 – алқап – 600 га 3 – алқап – 700 га
-
Өрнектің мәнін тап: 980 · 65 – (100 000 – 36 300)
-
Бірінші орамда 56 м мата бар, бұл екінші орамдағы матадан 4 есе кем. Екінші орамда неше метр мата бар?
-
Мектеп пен үйдің арасы 800 м. Айдос 50 \(\frac{м}{мин}\) жылдамдықпен 15 минутта қанша метр жол жүреді, жүрілмеген қанша жол қалады?
-
Тігінші 6 м жүн мата және 8 м жібек мата сатып алды. Егер жібек матаға қарағанда жүн матаға 1 280 теңге кем төленген болса, әр матаға жеке неше теңге төленді?
-
Асханаға 5 қап картоп және осындай 3 қап пияз, барлығы 224 кг көкөніс әкелінді. Асханаға неше килограмм картоп, неше килограмм пияз әкелелінді?
-
Қызанақтың шығымдылығы 35 \(\frac{т}{га}\), бірақ күтімі жақсы болса 70 \(\frac{т}{га}\) өнім алуға болады. Егер жақсы күтілсе, 20 га жерден қызанақты неше есе артық жинауға болады?
-
Ұшақ 1600 км жолды 2 сағатта ұшып өтті. Ол қандай жылдамдықпен ұшқан?
-
Амалдарды орында: 6 см\(^2\) – 40 мм\(^2\); 7 м\(^2\) – 31 см\(^2\); 8 дм\(^2\) – 23 см\(^2\)
-
Тауықтар 4 күнде 8 кг жем жейді. Күнде осы мөлшерде жем жеп отырса, 40 кг жем оларға неше күнге жетеді?
-
Көкөніс қоймасында бір күнде 185 тонна картоп сатылды. Бұл барлық картоптың \(\frac{5}{1}\) бөлігін құрайды. Қоймада неше тонна картоп болған?
-
Айжан балалар дүкенінен қыздың 4 көйлегі мен ұлдың 6 жейдесін бірдей бағамен сатып алды. Егер ұлдардың жейдесіне қарағанда барлық қыздардың көйлегіне 6 800 тг кем төленген болса, барлық сатып алынған киім қанша теңге тұрады?
-
Арасы 4 км екі ауылдан бір мезгілде велосипедші мен мотоциклші бір бағытта жолға шықты. Велосипедшінің жылдамдығы 4 \(\frac{км}{сағ}\), мотоциклшінің жылдамдығы 6 \(\frac{км}{сағ}\). Мотоциклші велосипедшіні қанша уақыттан соң қуып жетеді?
-
Ұзындығы 120 м жолды жөндеу жұмысын бірдей өнімділікпен істей отырып, бірінші бригада 30 күнде, ал екінші бригада 20 күнде аяқтайды. Егер екі бригада осындай өнімділікпен бірігіп істесе, бұл жұмысты неше күнде бітіреді?
-
Театрдың үлкен залында 26 қатар, кіші залында 18 қатар бар. Үлкен және кіші залдардың әр қатарындағы орындар саны бірдей. Үлкен залда кіші залға қарағанда 240 орындық артық болса, әр залда неше орын бар?
-
Шебер бір сағатта 25 бөлшек жасайды, ал шәкірті одан 8 бөлшек кем жасайды. Екеуі бірігіп 8 сағатта қанша бөлшек жасайды?
-
Ұшақ 1 сағатта 540 км ұшады. Ол 15 минутта қандай қашықтықты ұшып өтеді?
-
Оқушылар үш күнде 2 570 кг алма жинады. Олар бірінші күні 675 кг жинады, екінші күні бірінші күнгіден 2 есе артық, ал қалғанын үшінші күні жинады. Оқушылар үшінші күні неше килограмм алма жинады?
-
Арасы 215 км екі кемежайдан бір уақытта бір-бірінен қарама-қарсы бағытта екі кеме екі жаққа шықты. Біріншісінің жылдамдығы 23\(\frac{км}{сағ}\), екіншісінің жылдамдығы 28\(\frac{км}{сағ}\). Егер олар тұрақты жылдамдықпен қозғалатын болса, онда олар 12 сағаттан кейін қандай қашықтықта болады?
-
Жәшікте 34 кг алма және 28 кг алмұрт болды. Жәшіктен бірнеше килограмм жеміс алынғаннан кейін, онда 16 кг жеміс қалды. Жәшіктен неше кг алынды?
-
Асқар кітаптың 24 бетін оқыды, бұл Саматтың оқығанынан 2 есе кем. Самат кітаптың неше бетін оқыған?
-
Көркем сөз үйірмесіне 24 оқушы қатысады. Бұл математика үйірмесіне қатысатын оқушыларға қарағанда 3 есе артық. Математика үйірмесіне қарағанда көркем сөз үйірмесіне неше оқушы кем қатысады, екі үйірмеге барлығы неше оқушы қатысады?
-
Көкөніс дүкенінде бірінші күні 72 кг, ал екінші күні 56 кг мандарин сатылды. Екінші күні бірінші күнге қарағанда 2 жәшік кем сатылды. Әр күні неше жәшік мандарин сатылған?
-
Амалдарды орында: 75 м\(^3\) – 169 дм\(^3\); 11 см\(^3\) – 73 м\(^3\); 80 дм\(^3\) – 3 546 мм\(^3\)
-
Бір қаладан бірінен-бірі қарама-қарсы бағытта екі жүк көлігі жолға шықты. 2 сағаттан кейін олардың арақашықтығы 140 км болды. Бірінші жүк көлігінің жылдамдығы 40\(\frac{км}{сағ}\). Екіншінің жылдамдығын тап
-
Бірінші қорада 65 қой, ал екінші қорада 70 қой бар. Әр қойдан шамамен 6 кг жүн қырқылды. Барлық қырқылған жүннің үштен бірі жүн фабрикасына жіберілді. Сонда неше килограмм жүн қалды?
-
Егер шегіртке 9 секундта 63 метр ұшса, оның жылдамдығы қанша?
-
Ұшақ 6 сағатта 4 980 км қашықтықты ұшып өтті. Егер ол жылдамдығын өзгертпесе, неше сағатта 7 470 км қашықтықты ұшып өтеді?
-
Екі шебер бірігіп 450 бөлшек жасады. Бірінші шебер күніне 50 бөлшек жасай отырып, 4 күн жұмыс жасады. Ал екінші шебер одан бір күн артық жұмыс жасады. Екінші шебер бір күнде неше бөлшек жасады?
-
4 метрден 6 жастықтың қабы шығады. 48 метрден осындай неше жастықтың қабын тігуге болады?
-
Тікұшақ 2 200 км ара қашықтықты 5 сағатта ұшып өтті. Егер тікұшақ жылдамдығын 110 \(\frac{км}{сағ}\) арттырса, онда ол осы қашықтықты неше сағатта ұшып өтер еді?
-
Бөшкеде 84 литр сүт бар, бұл бидондағы сүттен 3 есе артық. Бидонда неше литр сүт бар?
-
Ақпан айында 24 жұмыс күні, ал наурыз айында 20 жұмыс күні болды. Бөлшек дайындайтын цех бірдей өнімділікпен жұмыс жасай отырып, наурызда ақпан айына қарағанда 400 бөлшекті кем дайындады. Цех осы айлардың әрқайсысында неше бөлшек дайындаған?
-
Кестені пайдаланып, уақытты анықта.
S 450км V\(_1\) 70\(\frac{км}{сағ}\) V\(_2\) 80\(\frac{км}{сағ}\) t ? -
Бір-біріне қарама-қарсы бағытта жолға шыққан екі пойыз 2 сағаттан кейін кездесті. Біріншісі 52 \(\frac{км}{сағ}\), екіншісі 48 \(\frac{км}{сағ}\) жылдамдықпен жүрген болса, екі қаланың ара қашықтығы қанша километр?
-
Бірдей 4 жәшік тоқашқа 2 800 тг төленсе, осындай 9 жәшік тоқашқа қанша ақша төлеу керек?
-
Кестені пайдаланып, қашықтықты анықта.
S ? км V 53\(\frac{км}{сағ}\) V 86\(\frac{км}{сағ}\) t 3 сағ -
Сұңқар 1600 м қашықтықты 4 минутта ұшып өтсе, оның жылдамдығы қандай?
-
Бір альбом 75 теңге тұрады. Осындай 155 дана альбом неше теңге тұрады?
-
6 м/с жылдамдықпен жүгіретін спортшыға 84 м жерді жүгіріп өту үшін жұмсалатын уақыт
-
Наубайшы 3 сағатта 48 бөлке пісіреді. Осындай өнімділікпен жұмыс істесе, ол 5 сағатта неше бөлке пісіреді?
-
Бүлдірген тосабын дайындау үшін әрбір 3 кг жидекке 2 кг қант қосылады. 9 кг жидектен бүлдірген тосабын дайындау үшін қанша килограмм қант керек?
-
Бірінші орамда 40 м, ал екінші орамда 60 м мата бар. Екінші орамдағы мата 18 000 теңге қымбат болса, әр орамдағы мата қанша теңге тұрады?
-
Ұшақ 684 \(\frac{км}{сағ}\) жылдамдықпен 3 сағат ұшса, ол қандай қашықтықты ұшып өтеді?
-
Мандариннің бағасы 360 теңге, бұл алманың бағасынан 2 есе қымбат. Алманың бағасы неше теңге?
-
Кестені пайдаланып, жылдамдықты анықта:
V t S ? \(\frac{км}{сағ}\) 4 сағ 168 км -
6 см\(^3\) – 25 мм\(^3\) өрнегінің мәні
-
Ұзындығы 90 м жолды жөндеу жұмысын бірдей өнімділкпен істей отырып, бірінші бригада 30 күнде, ал екінші бригада 45 күнде аяқтайды. Егер екі бригада осындай өнімділікпен бірге істесе, бұл жұмысты қанша күнде бітіреді?
-
Жаяу жүргінші 8 \(\frac{км}{сағ}\) жылдамдықпен жүретін болса, ол 3 сағатта неше километр жер жүреді?
-
Дүкенге 40 кг сәбіз әкелінді. Бұл картопқа қарағанда 2 есе кем. Дүкенге қанша килограмм картоп әкелінді және қанша артық?
-
Анасы бірінші күні 7 банка, екінші күні осындай 9 банка тосап дайындады. Анасы екі күнде 96 литр тосап қайнатқан болса, әр күні неше литр тосап дайындаған?
-
Қызанақтың шығымдылығы 25 \(\frac{га}{ц}\). 12 га жерден қанша центнер қызанақ жиналады?
-
Арасы 40 км екі ауылдан бір мезгілде бір бағытта жеңіл машина мен мотциклші шықты. Жеңіл машинаның жылдамдығы 65 \(\frac{км}{сағ}\), ал мотоциклінің жылдамдығы 45 \(\frac{км}{сағ}\). Егер жеңіл машина мотоциклшінің соңынан жүріп отырса, оны қанша уақыттан кейін қуып жетеді?
-
Қоймадан бірінші шаруашылыққа 3 машина, ал екіншісіне 5 машина бидай жіберілді. Екінші шаруашылыққа 40 ц артық жіберілген болса, әр шаруашылыққа неше центнер бидай жіберілген?
-
Айгерім 5 дәптерге 125 теңге төледі. Ол 200 теңгеге неше дәптер алады?
-
Бір уақытта қаладан бірінен-бірі қарама-қарсы бағытта бірдей жылдамдықпен екі жүк көлігі жолға шықты. 3 сағаттан кейін олардың арасы 510 км болса, көліктер қандай жылдамдықпен жүрген?
-
12 метрден 4 көйлек тігуге болады. 48 метрден осындай неше көйлек тігуге болады?
-
Жүк көлігі 600 км арақашықтықты 10 сағатта жүріп өтті. Егер жеңіл машинаның жылдамдығы жүк көлігінен 2 есе артық болса, ол осы жолды неше сағатта жүріп өтеді?
-
Дүкенге түске дейін 10 кг-дық 5 қап күріш, түстен кейін 15кг-дық 7 қап күріш әкелінді. Дүкенге барлығы неше килограмм күріш әкелінді?
-
Шебер 2 сағатта 36 бөлшек жасайды. Осындай өнімділікпен жұмыс істесе, ол 3 сағатта неше бөлшек жасайды?
-
Кітапханаға 7 жәшік ертегі кітаптары және 11 жәшік тарихи кітаптар әкелінді. Жәшік ішіндегі кітаптар саны тең. Егер тарихи кітаптар 248 кітапқа көп болса, онда кітапханаға әкелінген барлық кітаптар санын тап.
-
Театр кассасында 48 балалар билеті сатылды. Бұл ересектерге қарағанда 3 есе кем. Театр кассасында барлығы неше билет сатылды?
-
Бірдей 4 жәшік алмаға 4 800 тг төленді. Осындай 7 жәшік алмаға қанша ақша төлейді?
-
Арасы 12 км екі ауылдан бір мезгілде бір бағытта екі велосипедші жолға шықты. Бірінші велосипедшінің жылдамдығы 6 \(\frac{км}{сағ}\), ал екіншісінікі 9 \(\frac{км}{сағ}\). Екінші велосипедші бірінші велосипедшіні қанша уақыттан соң қуып жетеді?
-
Қашықтықты тап:
-
Шебер 5 күнде 35 бөлшек жасайды. Күнде осындай мөлшерде жасап отырса, 147 бөлшекті неше күнде жасап бітеді?
-
Шаруашылықта барлығы 780 бас мал бар. Оның үштен бір бөлігі сиыр, қалғандары ұсақ мал. Шаруашылықта неше бас ұсақ мал бар?
-
Арасы 540 км екі қаладан бір-біріне қарама-қарасы екі жүк көлігі жолға шықты. Олар 3 сағат жолда болды. Кездескенге дейін біріншісі 60 \(\frac{км}{сағ}\) жылдамдықпен жүрген болса, екіншісінің жылдамдығы қандай?
-
Әжей көкөніс дүкенінен 15 кг картоп пен 12 кг пиязды бірдей бағамен сатып алды. Егер пиязға қарағанда картопқа 510 теңге артық төлеген болса, барлық сатып алған көкөніске қанша ақша төлеген?
-
Ермек мектептен шығып 12 метр ұзап кеткеннен кейін, артынан Жандос шықты. Ермек 16 \(\frac{м}{мин}\), ал Жандос 20 \(\frac{м}{мин}\) жылдамдықпен жүрді. Жандос Ермекті қанша уақыттан соң қуып жетеді?
-
Бір сотық жерден 45 кг қияр жиналады, ал дұрыс өсірген жағдайда қиярдың шығымдылығын 3 есе арттыруға болады. Жерді дұрыс өңдеген жағдайда 12 сотық жерден қанша килограмм қияр жинауға болады?
-
Екі қаладан бір мезгілде екі жүрдек пойыз бір-біріне қарама-қарсы жолға шықты. Кездескенге дейін олардың біреуі 207 км, екіншісі одан 29 км артық жол жүрді. Екі қаланың арақашықтығы неше километр?
-
Бірінші бумада 36 журнал бар, бұл екінші бумадағы журналдардан 6-сы кем. Екі бумада барлығы неше журнал бар?
-
Дүкенге барлығы 1 248 л күнбағыс пен мақта майы әкелінді. Оның үштен бір бөлігі мақта майы болса, күнбағыс майынан қанша литр әкелінген?
-
Дүкенге түске дейін 10 кг-дық 6 қап ұн, түстен кейін 15 кг-дық 3 қап ұн әкелінді. Дүкенге барлығы неше кг ұн әкелінді?
-
Бірінші велосипедшінің жылдамдығы 60 \(\frac{км}{сағ}\), екіншісінікі 70 \(\frac{км}{сағ}\). Екеуі бір мезгілде арасы 500 км екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы бағытта жолға шықты. Олар 2 сағаттан кейін аялдады. Әлі неше км жол жүру керек?
-
Тігінші 42 м матадан әрқайсысына бірдей мата жұмсай отырып, ерлердің 8 пальтосы мен әйелдердің 6 белдемшесін тікті. Тігінші әр бұйымға неше метр мата жұмсаған?
-
Құс фермасында 12 524 тауық бар, бұл үйрекке қарағанда 4 358-і артық. Құс фермасында барлығы неше құс бар?
-
Айжан 9 қалың дәптерге 1 890 теңге төлеуі тиіс. Егер ол 4 дәптерді ғана алатын болса неше теңге береді?
-
Екі моторлы қайық екі айлақтан бір мезгілде шығып, бір-біріне қарама-қарсы жүзді. Бірінші қайықтың жылдамдығы 24 \(\frac{км}{сағ}\). Ал екіншісінікі одан 3 \(\frac{км}{сағ}\) артық. Олар 4 сағаттан кейін кездессе, екі айлақтың ара қашықтығы неше километр болғаны?
-
Арасы 27 км екі қаладан бірінен-бірі қарама-қарсы бағытта екі жеңіл көлік жолға шықты. Біріншісінің жылдамдығы 80 \(\frac{км}{сағ}\), ал екіншісінікі 75 \(\frac{км}{сағ}\). Олардың 3 сағаттан кейінгі арақашықтығын тап.
-
Шаруашылық барлығы 2 500 т көкөніс жинады. Олардың \(\frac{1}{4}\) бөлігі картоп, \(\frac{1}{2}\) бөлігі сәбіз, қалғаны пияз. Шаруашылық қанша тонна пияз жинаған?
-
Қоймадан бірінші көгөніс дүкеніне 15 қап, ал екіншісіне 20 қап картоп жіберілді. Екінші дүкенге 200 кг картоп артық жіберілді. Әр көгөніс дүкеніне неше килограмм картоп жіберілген?