Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

Жаңалықтар

Жұмаділдаева Наталья Васильевна ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры болып тағайындалды

Наталья Васильевна 1965 жылы туған.

Білім беру саласында 30 жылдық тәжірибесі бар.

Еңбек жолын 1987 жылы бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.

2004 жылдан 2013 жылға дейін - Қызылорда қаласындағы №112 және Ж.Қизатов атындағы №23 ОМ директоры болды.

2013-2015 жылдары-Қызылорда қаласы Білім бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарды.

2015 жылдан 2016 жылға дейін - Қызылорда қаласы Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің директоры болды.

2016 жылдан 2021 жылға дейін - ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты.

2021 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма Төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ