Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Жұлдыз Сүлейменова Спорт күніне орай педагогтерді марапаттады

Елордада Спорт күніне орай спорт саласының үздіктерін марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті.

Іс-шараға Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондары, ұлттық құрама мүшелері, жас спортшылар, спорт ардагерлері, жаттықтырушылар, педагогтер, спорт дәрігерлері, спорт ұйымдары мен федерациялардың қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға және жас спортшыларды даярлауға үлес қосып жүрген спорт бағытындағы мектеп-интернаттар мен колледждердің педагогтері мен қызметкерлерін марапаттады.

Салтанатты рәсімде Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлнәз Көбенова да сала үздіктеріне марапаттар табыстады.

Жұлдыз Сүлейменова марапат иелерінің балаларды спортқа баулудағы, олардың қабілетін ашудағы және болашақ чемпиондарды тәрбиелеудегі еңбегіне алғыс білдірді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ