Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

Жұлдыз Сүлейменова білім саласының қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыстады

Оқу-ағарту министрлігінде білім саласының қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Министр Жұлдыз Сүлейменова сала қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыстады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұстаздардың еңбегін әрдайым жоғары бағалап, педагог мәртебесін арттыруға ерекше мән береді. Бүгін табысталған мемлекеттік және ведомстволық наградалар - сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен білім саласын дамытуға қосқан үлестеріңізге берілген жоғары баға. Өскелең ұрпақтың болашағы жолындағы қажырлы еңбектеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін», - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Марапат иелерінің қатарында мектеп педагогтері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мамандары, сондай-ақ халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін даярлаған жаттықтырушылар бар.МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР«Құрмет» ордені:• Нұрбақова Гүлия Серікмұхаметқызы«Ерен еңбегі үшін» медалі:• Асқарова Лейла Серікқызы• Әбдіқұлов Асхат Талғатұлы• Бахытжан Елдана Ғалымжанқызы• Васильев Антон Николаевич• Жоламанова Айгүл Төлегенқызы• Қабақ Мұхтар Төлеуұлы• Молдашев Руслан Құрманғалиұлы• Нысанбаев Марат Қуанғалиұлы• Сыдықова Кәмилә Тұрашқызы«Шапағат» медалі:• Бадамбекова Шынарай Шарханқызы• Дәулетова Аида Дүйсенбайқызы• Оразбаев Дінмұхаммед СерікұлыВЕДОМСТВОЛЫҚ НАГРАДАЛАР«Еңбек ардагері» медалі:• Боранбаева Алмагуль Армиевна• Сарсембаева Гульнар Онайбековна• Шаукенова Бигайша Уразовна«Ыбырай Алтынсарин» медалі:• Садыркулова Улмира Салкынбековна• Дуйсебаев Бакберген Мамбеткулович• Кучумова Аида Мейрамовна• Балжигитова Мугилсин Сарсеновна• Альменева Алия Мейрбековна• Умарова Гульсара Сулеймановна• Есенова Шынар Байділдақызы• Сиванбаев Мурат Сергалиевич• Каллямова Карлыгаш Айтпаевна• Доса Ғалия Жұрқабайқызы• Бибосинова Гаухар Толеугалиевна«Білім беру саласының үздігі» төсбелгісі:• Мұқанов Әлем Мақсатұлы• Кусегенова Райгуль Урынбаевна• Ауезханова Гаухар Женисовна• Жекенова Акмарал Канатбаевна• Доспанова Салтанат Муратовна• Кушкимбаева Сандугаш Тулеухановна• Абдрахманова Гульмира Гапаровна• Кораласбаев Кали Ергазиевич• Битенбаева Мира Нурпаевна«Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломы:• Туремуратов Талгат Муканбетович

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ